Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің жаңа ережелері: принциптері және нормативтік мәртебесі


Slide 1

Қазақ тілі емлесінің жаңа ережелері, құрылымы, жаңалығы туралы

Slide 2

«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа әліпби бойынша әзірленді.

Slide 3

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) - латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты:

тілдің жалғамалылығы;

тілдің ықшамдалуы;

тіл дыбыстарының үндестігі;

дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т. б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.

Slide 4

Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дәстүрлі және фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды.

Slide 5

Ережеде:

латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мәнін білдіретін әріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;

сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;

қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;

қазақтың әдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді;

Латын негізді жаңа әліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ әріптерінің жазылу баламасы берілді;

Бей үндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тәртібі көрсетілді;

Шет тілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;

біріккен, кіріккен, тіркесті және қос сөздердің емлесі, сондай-ақ бас әріппен жазылатын атаулардың жазылуы мен тасымалдың тәртібі көрсетілді.

Slide 6

Қазақ емлесіндегі тың өзгерістер, жаңа қағидалар және олардың ғылыми негіздемесі ортологиялық құралдарда жан-жақты қамтылады. Ереже латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық қазақ әліпбиі бойынша Орфографиялық, Орфоэпиялық, Шеттілдік сөздер сөздіктері, Емлесі қиын сөздер сөздігі, Анықтағыштар мен Нұсқаулықтар, басқа да әдістемелік құралдар түзу мен жасауда, мамандар даярлауда ғылыми-нормативтік тірек ретінде алынатын басты құжат болып саналады.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Латын әліпбиі және қазақ тілін латын графикасына көшіру: тарихы мен мемлекеттік стратегиясы
Қазақ тілін латын графикасына көшірудің тарихи негіздері мен болашақ перспективалары
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру: тарихи кезеңдер, пікірталастар және заманауи маңызы
Қазақ тілінің фонетикасы мен емлесінің тарихи-теориялық негіздері
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі және құрылымдық ережелері
Жаңа латыннегізді қазақ әліпбиі және емле ережелерінің ерекшеліктері
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі мен сақталу мәселелері
Қазақ тілі мен Қазақстантану сабақ-жарысы: тіл мәртебесі, грамматика, әдебиет және мемлекеттік символика
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу стратегиялары арқылы мәтінге негізделген оқытуды іске асыру
Қазақ тіліндегі тыныс белгілері: пунктуацияның принциптері мен қолдану ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz