Жылқының тұқымдары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Жылқының тұқымдары

Орындаған:Даниярқызы Балнұр

Топ:МӨӨТ-301

Тексерген:Омаров М. М

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жылқының тұқымдары

2. Жергілікті жылқы тұқымдары

3. Салт мінілетін жылқы тұқымдары

4. Салт мінілетін әрі жегілетін жылқылар

5. Желісті жылқының тұқымдары

6. Жегу жылқытұқымдары

7. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) - тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы.

Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының(E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі. Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Соның ізі адам мен жылқының қатар өмір сүре бастаған байырғы заманнан байқалады. Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді.

Slide 4

Жылқының тұқымдары

Жылқы туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Және осылай болып қала береді де. Ақылды, мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім. Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар. Соның ішінде тоқталып өтуге тұрарлық тұқымдар. Дүниежүзінде денесінің көлемі, тірілей салмағы мен тұрқының өлшемдері бір-бірінен өте алшақ (шоқтығының биіктігі 40-тан 180 см-ге дейін, жіліншігінің орамы 6-дан 32 см-ге дейін, тірілей салмағы 100-ден 1200 кг-ға дейін) жылқының 250-ден астам тұқымы бар екен.

Slide 5

Жергілікті жылқы тұқымдары

Қазақ жылқысы- салт міну, жүк тасу, ет пен қымыз өндіру үшін өсірілетін жергілікті жылқы тұқымы. Ауа райының қолайсыз жағдайына төзімді, жемшөп талғамайтын, үнемі далада, тебіндеп жайылады. Қолдан сұрыптау әдісімен шығарылған. Түрікмен, моңғол, сол түстік аймақтардағы орман жылқыларымен будандастыру нәтижесінде Қазақ жылқысы тұқымының бірнеше тармақтары (адай жылқысы, көшім жылқысы, қостанай жылқысы, жабы, т. б. ) алынған. Басы үлкен, кең сағақты, мойны жуандау, етті. Тұрқы ұзын, кеудесі кең, жоны жалпақ, сауырлы. Аяқтары өте мықты, сүйекті. Жал-құйрығы қою, әрі ұзын, денесі тығыз, етті келеді, күзде тез семіреді. Қазақ жылқысының түсі көбінесе торы, жирен, сонымен қатар қара, құла, сұр, көк түстілері де жиі кездеседі. Қазақ жылқысының айғырларының шоқтығының биіктігі 140, 1 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 144, 2 см, кеуде орамы 172, 3 см, жіліншік орамы 18, 4 см, ал биелерінде - тиісінше 138, 6; 144, 9; 169, 1; 17, 9 см. Айғыры 600, биесі 550 кг тартады. Қазақ жылқысы ұшқыр, жүйрік болмағанымен, алыс жолға өте төзімді. Олар тәулігіне 300 км-дей жол жүре алады, ал 100 км-ді 4 сағ 6 минутта шауып өтеді. Биелері тәулігіне 10 - 15 л-ге дейін сүт береді. Әр 100 биеден 85 - 95 құлын алынады. Қазақ жылқысының таңдаулы үйірлері Ақтөбе облысындағы Мұғалжар, Талды, Қызылорда облысындағы Құланды, Алматы облысындағы Басши жылқы зауыттарында өсіріледі

Slide 6

Жабе жылқысы- байырғы қазақ жылқысының бір түрі. Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығысында өсіріледі. Денесі ірі, басы дөрекілеу, мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ сауырлы, құйрық-жалы қалың әрі ұзын, денесі тығыз, етті болады. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Әдетте торы және жирен түсті, сұр көк болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Жайылымда жүргеннің өзінде әр биеден тәулігіне 11 - 15 л сүт саууға болады. Жайылымда семірген жабыдан 230 - 250 кг таза ет түседі. Айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 144, 8 см; тұрқы 150, 8 см, кеуде орамы 179, 1 см; жіліншік орамы 19 см; жайып семірткендегі орташа салмағы 470 кг. Жабы Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында ет үшін өсіріледі.

Slide 7

Салт мінілетін жылқы тұқымдары

Салт мінетін жылқы тұқымдары мен тұқымдық топтары. Жер шарының әр түрлі елдерінде салт мінетін жылқының 50-ге тарта тұқымы өсіріледі. Ал салт мінетін-жегілетін тұқымдары одан да көп. Жылқы тұқымдарын 'құру әлеуметтік-экологиялық жағдай-лардың әсерімен және сыртқы орта факторларының киқлалымен жүргізіледі. Кейбір мұндай тұқым халықтық селекция мен көптеген ұрпақтардың қандай түрлерінің жемісі, енді біреулері жылқы заводы саласындағы талантты мамандардың зоотехниялық өнерінің үлгісі болып табылады.

Салт мінетін жылқылар үнемі өзгеріске түсіп отырады. Орта ғасырдың салт мінетін жылқылары мен қазіргі салт мінетін жыл-қылардың екеуін де ерттеп мінгенмен қазіргі салт мінетін жыл-қылардың айырмашылығы бар. Бір сөзбөн айтқанда уақыт талабы өздеріне қажетті жылқы тұқымын шығаруды қажет етті. Мәселен, соғыс мақсатына пайдалану үшін дұрыс жағдайына қарай әскери ат шығарылды. .

Қазіргі кезде салт мінетін спорт аттары жер шарының бүкіл континентінде өсіріледі. ТМД-да 20-дан астам салт мінетін және салт мінетін-жегілетін жылқы тұқымы мен тұқымдық тобы бар. Олар қазіргі спорттық жарыстарда, ат ойындары мен ат туризмінде табысты пайдаланылады. Соған орай басқа елдерге экспортқа шығарылады. Көптеген отандық тұқымдар (ахалтекө, қарабақ, дон, буденный, терек кабардин, қостанай т. б. ) біздің ұлттық мақтанышымыз. Олар жылқы заводының дүние жүзілік алтын қорына енуге әбден тұрады.

Бізде өсірілетін салт мінетін жылқылар өздерінің төзімділігін, жұмысқа деген аса жарамдылығын, бір сөзбен айтқанда, таптыр-майтын тұқым екенін сонау азамт соғысы мен ¥лы Отан соғысы жылдарында анық көрсетті. Қазіргі кезде ат спортының шеберлері ахалітеке, буденный, терек тағы басқа салт мінетін жылқы тұқымдарымен Олимпиялық ойындарда, европалық дүние жүзілік чемпионаттар мен басқа да халықаралық жарыстарда табыспен өнер көресетіп келеді. Қазіргі кезде салт мінетін жылқы тұқымдары мен топтары адамдар өмірінде басқаша, жаңа әлеуметтік мәнге ие болғ, ан. Олар қазақстаңдықтардың көңілді тынығуының, бой жазуының, денсаулығын нығайтуының басты құралына айналған.

Slide 8

Ахалтеке жылқысы

Ахалтеке жылқысы. Түрікмен жылқысы араб жылқысынан көп бүрын шыққан. Ал ахалтеке жылқысы түрікмен жылқысынан тараған. Бұл жылқы тұқымы Түрікменстандағы жылқылардың негізгі түрі болып табылады. Тұлғасы, мүше бітімі жағынан ахалтекө жылқысы күтімді көп тілейтін тұқымдардың қатарына жатады. Ахалтеке жылқысы өте: әсем, басы ашаң, бота көзді, мойыны ұзын, тік кейде бұгы мойыңдысы да кездеседі. Шоқтығы биік, тік, ұзын, арқасы жұмсақтау, жоны ұзын, сауыры сәл түсіңкі, аяқтары ұзын, жіліншіктері жіңішке, аяқ жүні тықыр, бақайлары дөңгелек, тұяқтары шымыр келеді. Артқы аяқтары көбінесе қайқылау, терісі жұқа, жалы жүмсақ, болады. Ахалтеке жылқысы құла, торы, сары, жирен, ңара және қаракер түсті болып келеді. Бұл жылқының сымбатындағы негізгі кемшіліктері: кеудесі қыіысыңқы, сүйектері тым жұқа, белі қайқы, дене тұрқы қысқалау. Осы жылқының Қазақстан жағдайында басқа да елеулі кемшіліктерін байқауға болады. Ол: басқа жыл- қылардай жайылымда б'ағуға, қатты суыққа төзімсіз. Сөйтіп мұн-дай жағдайларда тез арықтай бастайды. Өйткені шыққан жері - Түрікменстанда көбінесе қорада күтіп-бағылады. Суық күндері жабу жабылады. Көбінесе жоңышқамен. Арпамен азықтанады.

Slide 9

Ахалтеке жылқысы шөл жане шөлейт жерлерде оалт мінуге өте қолайлы, . Өйткені, олар ыстыққа төзімді, алыс жолға өте шыдамды және спортқа бейім келеді. Оның бұл қасиетін Қазақстанда Луговой заводында туъш-өскен Абсент деген сұлу қара айғыр айқын көрсетті. Ол Римде өткізілген олимпиадада алтын жүлде адды. 1958 жылы Москвадағы көрмеде I дәрежелі аттестат алып, сол жылы ахалтеке жылқысының арасында чемпион атанды. Арада бір жыл өткенде Абсент Лейпцигте болған көрмеге қатысьш, үш жүлдені де қатарынан жеңіп алды. Абсент 1970 жылы Луговой жылқы эаводына оралып, үйірге қосылды. Одан жақсы ұрпақтар тарады.

1962 жылы туған Қрокет деген айғыр 2400 метрлік қашьщтықты 2 минут 42 секкундта, ал 1971 жылы туған Пери деген бие 3200 метр қашықтьщты 3 минут 5 секундта шауып өткен.

Slide 10

Таза қанды салт мінетін жылқы. Бүгінгі таңда таза Қанды салт мінетін жылқы барлық жерде де өсірілөді. Ол XVII-XVIII ға-сырларда Англияда өсіріліп шығарылған. Бұл жылқы тұқымы жергілікті жылқыларды. оалт мінетін араб, парсы және түрікмен жылқыларымен өндіре будандастыру және өз ішінде өсіру әдісімен өсіріліп келеді. Олардың сапасы өте қатаң тексеріліп, үнемі іріктеліп, сұрыпталып отырған. Таза қанды салт мінетін жылқы белгіл белгілі үш айғырдан тарайды. Олар: Барлей-Терк (1680 жылғы), Дерлей Арабиан (1700 жылғы) және Годольфин Барб (1724 жылғы) . Бұл жылқылар өте жүйрік, әсіресе жақын қашықтққа ұшқыр келеді. Ипподромда 1000 метр қашьщтықты 0, 58 секундта шауып өткен. 2400 метрлік қашықтықққа жасаған ұшқырлық рекорды-2 минут 27, 2 секунд (Заказчик. 1968 жылғы), ал 3200 метр қашықтыққа -4 минут 22 секунд (Эльфаст, 1970 жылғы) . Бүл тұқымның айғырлары жергілікті жылқылардың тұқымын жақсартуға кеңінен пайдаланылды. Таза қанды салт мінілетін жылқы асқан жүйріктігімен, қатар, өте сымбатты, тұлғасы зор, ірі, көркем жылқы. Түсі көбінесе торы, қаракер. жирен болып келеді. Ал осы тұқымның қазақы биелермен будандастырғанда туған бірінші ұрпақтары үйірлеп бағуға көнбіс, жұмысқа шыдамды болып шықты.

Бұл жылқының асыл тұқымдары ТМД-ның 14 жылқы заводында есіріледі. Мысалы бұл жылқы Краснодар өлкесіндегі “Вос-ход” және “Лабинский” жылқы заводында, Украинадағы “Дер-кульский” жылқы заводында, Кабардино-Балкарский жылқы за-водында жэне Алматы облысындағы “Алматы” жылқы заводында бар.

Slide 11

Салт мінілетін әрі жегілетін жылқылар

Дон жылқысы. Дон жылқысының тұқымдық ерекшелігі сол, шаруашылыққа. қолайлы, сонымен бірге ол әр жердің табиғат жағдайына, бағып-күту ерекшеліктеріне тез көніп, жақсы жерсініп кетеді. Осы жылқының шыққан жері - Дон өзенінің маңындағы Маныч Сал, Кайгельник өзенінің бойындағы көсіліп жатқан кең, жазық дала. Бұл жерлерде жылқы қысы-жазы ашық далада тебінде жайылып үйренген, оның ауа райының, табиғат құбылысының қаңдай қыншылықтарына болса да төзіп шыққан бағалы қасиеттері бар. Дон жылқысының арғы тегі оңтүстік орыс даласында баяғы замандардан бері өсірілген ескі дала жылқысы - ногай жылқысы болған. Дон жылқысының тұқымын өсіріп шығаруда салт мінетін жылқы тұқымдары, соның ішінде Ресейде өсіріліп шығарылған орыстың салт мінетін (Орлов, растопчинск, стрелецк) жылқысы пайдаланылған. Дон жылқысына Кавказдың қарабақ, дейтін жыл-қысының да үлкея әсері' тиген. XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі Дондағы к, азақ^орыстардың негізгі әскери аттары есебінде жыл-қының осы тұқымы ел ішінде көп тараған. Одан кейін атты әс-керлерді көлікпен қамтамасыз ету мақсатымен оған ерекше мән берген. 1917 жылдан кейінгі уақытта дон жылқысы негізінен жылқы тұқымын асылдандыру, соның ішінде Қазақстанның, Қырғызстанның және басқа республиканың жергілікті жылқы-ларының сапасын жақсарту мақсатында паңдаланылып келеді.

Slide 12

Дон жылқысының сымбаттылығы мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: басы сүйекті, сәл ұзындау, маңдайы томпақ, көздері үлкен, шығыңқы, танаулары делдиген жұқа, қүлақтары орташа, жұқа, тік тұрады, мойыны ұзын, омыраулы кеудесі ұзын, қабырғалары қапталды, арқасы тегіс, оауыры жалпақ, әрі тік. Жауырыны қысқа, алдыңғы аяқтары түзу, аралары кең, аяқтары. қайқылау болады, тірсектері жақындасып тұрады. Тұяқтары, әдет-те берік, дөңгелек және үлкен болады. Бұл жылқылардың түсі көбінесе жирен болады, кейде торы, күрең түстілері де кездеседі. Дон жылқысы әсіресе салт жүріске нағыз қолайлы, жорықтар кезінде қаңдай жол қлыншылықтары на болса да төзімді жылқы екендігі бұрыннан белгілі. Ипподромдарда сыналған дон жылқысы 1200 метр қашықтықты 1минут 18 секундта, 2400 м-2 мин. 43 секундта, ал 3200 м 3 мин. 37 секундта шауып өткен. Жылқылардың бір тәулікте қанша жерге барып келетінін сынағанда дон жылқысының өте тамаша нәтиже бергенін айтпай кетуге болмайды. Мәселен, 1951 жылы Зенит деген айғыр тәулігіне 311 километр жер жүрген. Дон-қазақы жылқыларынан туған будандардан дон жыллардың қатарына қосылады. Жергілікті қазақы жылқыны жақсарту үшін дон жылқысының үліксн маңызы бар. Дон-қазақы жылқыларынан туған будандардан дон жылқысынан алатыны - тұлғасының ірілігі, ссымбаттылығы, ал қазақы жылқыдан - оның жергілікті жағдайға бейім, көнбістігі және маңызы бар. Дон-қазақы жылқыларынан туған будандардан дон жылқысынан алатыны - тұлғасының ірілігі, ссымбаттылығы, ал қазақы жылқыдан - оның жергілікті жағдайға бейім, көнбістігі және жерсінгіштігі.

Slide 13

Қостанай жылқысы

Қостанай жылқысы. Бұл жылқы Қостанай облысының “Қостанай” мен “Майкөл” жылқы заводтарында және ары облыстың колхоздарында, сонымен қатар Челябі облысындағы Тройцк жылқы заводында жергілікт; і қазақы жылқыларды қ(алмақ, дон, стрелецк, орлов-роотопчинск және таза қанды салт мінетін жыл-қылардың айғырларымен будандастырудан барып шығарылды. Мұны шығару жүмысы революциядан бұрын басталған. Азамат соғысы аяқ. талғаннан кейін 1921 жылы “Қостанай” рассаднигі мен мемлекеттік конюшняның негізінде құрылған Қостанай жылқы заводында бұл тұқымды одан әрі жетілдіру жұ-мысы жүргізіле бастады. “Майкөл” учаскесінде жылқы өсіретін бөлімше құрылып 1930 жылы ол өз алдына “Майкөл” жылқы за-воды болып бөлінген. “Қостанай” және “Майкөл” жылқы заводтарында жылқы күтудің, құлын өсірудің әр түрлі әдісі қолданылып келген және қазіргі уақытта да солай болып отыр. Қостанай жылқы заводында кабылданған жылқыны бағьш-күту әдісі - қорада ұстау және жайылымда бағу. Оның мәні мынадай: қыста жылқы қорада тұрады, оған шөп пен сұлы беріледі; ауа райы ашық күңдерде далаға немесе базға шығарылады; жазда биелер құлындарымен тәулік бойы жайылымда болады. Тебіндө жүргенде де оларға қолдан сұлы беріліп тұрады. Құлынды енесінің сүтін еміп жүрген 2-3 ашық кезінде сұлыға үйрете бастаңды. Қүлын енесінөн күзде бөлініп, бүкіл қьгс бойы қорада бағылады. Жылы күндері далаға шыгарылып се-руендетіледі; шөп пен сұлы бір ңұлынга күніне 2-4 килограмнан беріледі. Ұрғашы құлындар еркөк құлындардан бөлек бағылады. Жазда жайылымда болады, бірақ соның өзінде де үнемі қосымша жем беріледі. Жылқы 1, 5 жасқа толғанда үйретіліп, ипподромда сынауға әзірлене бастайды, бұл сыннан өткеннен кейін оны зоотехникалық комиссия қарап шығады да ең жақсы дегендері жылқы заводының тұқымдық жылқысының қатарына қосылады. Қостанай жылқысының басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа, шоқтығы етті және тік, арқасы жалпаң, жұмырлау, жауырыны ұзын, алқымы және тынысы кең, аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шашасы шағын, топайлары орташа, тұяқтары дөңгелек әсөм келеді.

Slide 14

Қостанай жылқысы үш топқа (тип) бөлінеді. Негізгі, далалық және салт мініс. Негізгі топқа жататын жылқылардың тұрқы ұзын, шомбал денелі, денсаулығы мықты, шымыр келеді. Бұл жылқы тобына таза қанды салт мініс жылқысының және жергілікті жылқылардың қасиеттері тең берілген. Салт мініс тобына жататын жылқылардың тұрқының 'қиғаш ұзындығы шоқтығына дейінгі биіктігінен кем болады және олардың жеңіл денесі салт мінуге ыңғайлы келеді. Бірақ тебінге тө- зімділігі басқа топқа қарағанда төмен екені жақсы байқалады. Далалық топқа жататын қостанай жылқысының, шоқтырына дейінгі биіктігі негізгі және салт мініс тобынан кем келеді, бірақ дене бітімі мейлінше шомбал және етті болады. Осы топқа жататын биелердің ерекшелігі сүтті келеді. Қостанай жылқысының дене өлшемдері көбінесе асыл тұқым-дылығына және бағып-күтуіне байланысты келеді. Бұлар өте жүрдек, күшті және төзімді, салт мінуге де жегуге де қолайлы. Ипподромда сынағаңда қостанай жылқысы асқан жүйріктігі-мөн көзге түсті. Қостанай жылқысы соңғы жылдары совхоздар мен колхоздардың фермаларында жергілікті жылқыны жақсартуда пайдаланыльш келеді. Ол Қостанай, Торғай, Көкшетау, Павлодар облыстарының ша-руашылықтарына жоспар бойынша өсірілетін тұқым ретіндө қа- былданып отыр.

Slide 15

Желісті жылқының тұқымдары

ТМД елдерінде желісті жылқылардан орловтың және орыстың желісті жылқылары өсіріледі. Желісті жылқылар жергілікті жы-қылардың сапасын жақсартуға өте пайдалы болғандықтан, ша-руашылықтар оны ертеден-ақ, қолға алды. Желісті жылқы жаңа-жердің ауа райына, түрлі езгешеліктеріне тез көндігеді, ыстық-суыққа шыдамды келеді. Оның айғырлары үйірге салуға, қолдан ұрықтандыруға ойдағыдай пайдаланылуда. Тұқымы жақсартыл-маған жергілікті жылқылар мен желісі айғырларды будандастырса, одан туған құлындар ірі, сымбатты, әсіресе желісті болып туады. Оларды арбаға жегуге де, салт мінуге де болады. Орыстың және орловтың желісті жылқылары сыртқы түлғала-рына қарағанда бір-біріне өте ұқсас. Бірақ бұл жылқылардың шықққан тегі, шаруашылыққа пайдалы сапасы және сипаты жа-ғынан біраз айырмашылығы бар.

Slide 16

Орловтыц желісті жылқысы. Бұл - ертеден келе жатқан тұқым. Ол XVIII ғасырдың екінші жіартысында, қазіргі Воронеж облысына қарайтын Хреновский жылқы эаводында өсіріліп шығарылған. Орлов жылқысының тұқымын шығаруда граф А. Г. Орлов және жылқы өсіруші шаруа В. И. Шикян көп еңбек сіңірген. Орлов жылқысын 'өсіріп шығаруда сол кездердегі жылқылардың ең жақсы тұқымІдары пайдаланылған. Тәжірибе жұмысын жүргізгенде жылқы қорада, әрі жайылымда бағыльш, жемшөп мейлінше мол берілген. Тәжірибенің басты мақсаты - бұл тұқымның жүмысқа жарамдылығын сынау болған. Ол үшін жылқы өсірушілер сыналатын жылқыларды жеңіл арбаға жегіп. жақын жерге, сол сияқты ауыр арбаға жегіп алыс жерлерге (22 кг) барып көрген. Заводта пайдалануға тек өзінің түрі, сымбаты, жұмысқа жарамдылық сапасы жағынан жаңа тұқымға толық сай келеді деген жылқылар іріктеліп алынған Орлов жылқысын өсірш, жетілдіру жөнінде қолданылған осындай тәжірибелер бұдан бұрынғы уақытта да сақталып келген. Бұл жылқы өсіріле бастаған алғашқы күннен әрқайсысының асыл тұқымдық сапасы есепке алынып, күнделік дәптерге жазылды. Талай әдебиеттер де жарық көрді. Былайша айтқанда таза қанды орлов жылқысының қай-қайсысы жөнінде болса да, тіпті оның ата-тегіне дейін керек кезінде толық мәлімет алуға болады. Міне, осындай жұмыстардьң арқасында желісті орлов жылқысы дүние жүзіндегі ең жақсы асыл тұқымды жылқылардың қатарына қосылды. Орлов желісті жылқысының басы үлкен, бірақ түгі тықыр, мойны ұзын, көбінесе аққу мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, етті келеді, арқасы тегіс және жалпақ, сауыры құйылған шойындай тұп-тұтас, аяқ сүйектері жуан. Денесінің кемшіліктеріне буындарының солқылдақтығы, ал-дыңғы аяқтарының алшақтау келетіндігі жатады. Орлов желісті жылқысы ірі келеді. Оның бұл сапасының зор маңызы бар. Өйткені жергілікті жылқыны орлов жылқысымен жақсартқанда, жергілікті жылқьшың бойын өсіру жагына көбі-рек көңіл бөлу қажет.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Жылқы тұқымдары туралы
Қазақстандағы жылқы тұқымдары
Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары
Жылқы тұқымдары
Жылқылар үшін жем
Дон жылқысы
Жылқы шаруашылығы
Ұрғашы жылқылар
Жылқы гигиенасы
Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz