Жыл мезгілдері




Презентация қосу
Жыл мезгілдері.
Жылда төрт мезгілі бар. Олар: қыс, көктем,
жаз, күз.
Қыс мезгілі.
Өз басым төрт мезгілдің төресі қаһарлы қысты ұнатамын.
Қылышын сүйреп қыс келгенде, айнала ақ көрпеге
жамылып, ауа тазарып, табиғат көркейіп кетеді. Әсіресе,
қыс мезгілін табиғатта, таза ауада өткізгенді қалаймын. Әр
жыл сайын, мүмкіндігінше, қыстауға, таулы аймаққа
шығамын.
Өткен жылы Алматы облысының әсем жерлерінің бірі Көлсай
елді мекенін аралап қайттым. Бір ғажабы, шыңдары
аспанмен таласқан асқар тауда бой түзеген алып шыршалар
жап жасыл күйінде сақталған. Шынында да, таңданып,
таңдайыңды қақтыратын сұлулық!!!
Бұл мезгілде жергілікті тұрғындар қақпан салып, аң аулайды.
Қыс мезгілі суық болсада, бұл мекенде күн шуағын аямай
төгіп, еш аязды сездірмей бір жылулық сыйлайды.
Қыс мезгілі.
Қыс — жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең төмен болатын
климаттық маусым. Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн
тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік
жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты
шарда 21—22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік
жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде
желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде,
тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан
жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен
көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың
көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады.
Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі
географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады.
Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның
ұзақтығы 1—2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік
ендіктерде 6—7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады.
Қазақстанның солтүстігінде оның оңтүстігімен салыстырғанда, қыс 1—1,5
айдай ұзағырақ болады.
Көктем мезгілі.
Көктем кезі - әдемі шақтардың бірі. Менің ең
сүйікті жыл мезгілім деп айтсам қателеспеймін.
Көктем табиғаттың ерекше бір күйге бөлейтін
ғажайып кезі.
“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары
еріп, құстар жылы жақтардан қайта
оралады..Ағаштар бүршік жарып гүлдейді..”
жыл сайын осындай сөздерден шығарма
басталатын..Одан бері талай көктем келді
кетті..Әр көктем ерекше, бір керемет әсер осы
күнге дейін қалдырады.
Жаз мезгілі.
Жаз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл кезде
Жер шары өз орбитасының жазғы күн
тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі
теңелу нүктесіне дейінгі аралығында
болады. Астрономиялық тұрғыдан жаз 93
күнге (23. 6. – 23. 9) созылады. Әдетте,
Жер шарының солтүстік жартысында
маусым, шілде және тамыз жаз айлары
болып есептеледі. Жаз — жан-
жануарлардың тіршілігіне жайлы,
шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда
табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы
Күз мезгілі
Алтын күз келді. Күз- ең әдемі жыл мезгілі.
Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр.
Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-
жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын
күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі
сары түске айналады. Күз мезгілінде
бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары
піседі.

Ұқсас жұмыстар
Қыста балалар
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
Жыл мезгілдері жайлы
Менің сүйікті жыл мезгілім
Ж.Аймауытов – ақын
БАЛ БӨБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ
ГАЙДН ЕСКЕРТКІШІ
Математика - Қайталау (Мектепалды даярлық тобы)
Барлық оқушы
НАУРЫЗ АЙЫ
Пәндер