Қазақтың дастарқаны
Презентация қосу
Қазақтың
дастарқаны
Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ.
Дастарханнан аттамайды. Дастарқандағы дәм,
тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың
негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары.
Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ, қарта, қазы,
жал-жая жатады.
Сүт тағамдары - ірімшік, құрт, май. Дәннен
жасалған тағамдар - тары, қуырған бидай, жент,
талқан.
Нан тағамдары - бауырсақ, шелпек. Тамақ ішуге
шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.
Ет тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары ет тағамдарынан басталады.
Ет тағамдарына қазы- қарта, жал-жая жатады. Ет
тағамдарына тек қана жылқы еті ғана емес, сиыр, қой, тауық
еттері де жатады.
Еттен жасалатын тағамдар: мәнті, тұшпара, лағман,
қуырдақ, сорпа, кеспе және басқа тағамдар. Етті суға пісіріп те,
буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп те, отқа қақтап та
әзірлеген.
Қазақ халқы үшін төрт түлік малды тағам, көлік, киім ретінде
де пайдаланған. Өйткені олардың еті мен сүті тағам, өзі көлік,
жүні киім болған.
Ет тағамдарының тұздығы мен сорпасын дәмдендіру үшін
түрлі өсімдік түрлерін пайдаланған: пияз, сарымсақ, атқұлақ,
қымыздық, шалқан, қызанақ, жаужұмыр т.б.
Қазақ халқы үшін, бесбармақтан артық тағам жоқ. Қазақ
өзінің қонағын сыйлағанның белгісі ретінде қазы-қартасын асып,
бас тартып қазақша ет ұсынған.
Ұн тағамдары
Ұннан бауырсақ, шелпек, таба нан, қазанжаппай, кеспе,
жайма нан т.б. тағамдар әзірленеді.
Ұн тағамдарының ішінде, қазақ халқының басты асы –
нан. Нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарқанға алдымен
нан қойылады.
Дастарқанның басты асы- бауырсақ. Бауырсақ жоғары
сапалы ақ ұннан май құйып иленіп, өсімдік майына
қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ
бұрынырақта көбінесе сыйлы қонақтарға арнап
пісірілген.
Мұндай бауырсақтың түрі сүт пен майлы сорпаға иленген,
кейде жұмыртқа қосып илеген түрі де бар.
Сүт тағамдары
Сүт – мал баққан қазақ жанұясының негізі тағамы. Одан
айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты
ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.
Ірімшік. Жаңа сауылған жылы сүттен мәйекпен йытып,
одан кейін суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшік
қызыл сары түске айналады. Содан кейін оны сүзіп алып, дорбаға
салып, желге, күнге қойып кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмайды,
көп сақталады. Қонақ дастарқанына қойылатын өте дәмді,
сүйкімді де бағалы ас. Кепкен ірімшікті түйіп жент жасайды,
бауырсақтың үстіне себеді, майға қосып жейді.
Ақірімшік. Сүтке айран қосып ірітіп қайнату арқылы
әзірлейді. Кейде ашып қалған, өздігінен ұйыған сүттің айранын
сүзу арқылы да ақірімшік жасалады. Ақірімшікті қамырға орап,
тіне май салып, табаны қоламтаға қойып,пісіру әдісімен бүркеме
нан делінетін сүйкімді ас әзірленеді.
ҚЫМЫЗ
Қымыз – қазақ халқының әрі тамақ, әрі дәрі, әрі
сусын орнына жүретін ең бағалы тағамы. Ол тек
биенің сүтінен жасалады. Қымыз ыдыс талғайды,
темір ыдысты жолатуға болмайды. Саба жылқы
терісінен болу керек. Сонымен бірге, қымыз жерді
де, шөпті де талғайды.
Кең даламыздың сан алуан гүл-бәйшешегін және
мың түрлі дәрі-дәрмектің шөбінен емдік нәр алған,
жылқы қымызының емдік қасиетін халқымыз сонау
көне дәуірдің өзінде-ақ жақсы білген.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz