Республикасының сот жүйесі


Slide 1

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

соттар

Slide 2

Сөздер:

Жоғарғы Сот - Верховный суд

Аудандық сот - районный суд

Облыстық сот - бластной суд

Теңестірілу - равняться

Бейнелену - изображаться

Сот жүйесінің бірлігі - единство системы суда

Билік - власть

Нысан - объект

Асыру - превосходить

Мәртебе - статус

Есеп - счет

Қызмет - должность

Уәкілетті - уполномоченный

Ұсыныс - предложение

Бекіту - утверждать

Төраға - председатель

Тәртіп - дисциплина

Көзделу - предусматривать

Ұйымдастыру - объединять

Бойынша - согласно

қадағалау алқасы - коллегия проверки

Өзара - взаимный

Зерделеу - запоминать

Атқару - исполнять

Енгізу - внедрять

қарым-қатынас - связь

Алқа - коллегия

Сайлану - избирать

Дербес - персональный

Түзу - составлять

Отырыстар - заседания

Тағылымдама - стажировка

Қозғау - двигать

Тарату - распространять

Slide 3 Slide 4

СОТ ЖҮЙЕСІ

1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар ) ;

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ) :

3. Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.

Slide 5

Сот жүйесінің бірлігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:

1) Конститутцияда, осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;

2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;

4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;

6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.

Slide 6

Аудандық және оларға теңестірілген соттар

Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру:

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - аудандық соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.

Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік -аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.

2. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

3. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Slide 7

Аудандық соттар

Аудандық соттың құрамы

Аудандық соттың өкілеттілігі

1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.

2. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.

2. Аудандық сот:

1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды.

2) сот статистикасын жүргізеді;

3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Slide 8

Аудандық соттың төрағасы

1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;

4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;

5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;

6) өкімдер шығарады;

7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойынша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.

Slide 9

Облыстық және оларға теңестірілген соттар

1. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - облыстық соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

2 . Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Облыстық соттың құрылымы мен құрамы:

1. Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.

2. Облыстық соттың органдары мыналар:

1) қадағалау алқасы;

2) азаматтық істер жөніндегі алқа;

3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4) соттардың жалпы отырысы.

Slide 10

Облыстық соттың өкілеттігі

Облыстық сот:

Облыстық сот алқалары

1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;

2) сот статистикасын жүргізеді;

3) сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

4) облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

5) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

1. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.

2. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.

3. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Slide 11

Облыстық сот төрағасы

1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:

1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3) қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;

5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді;

6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;

7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

Slide 12

Облыстық сот төрағасы

8) сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;

9) өкімдер шығарады;

10) соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

12) заңда көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

3. Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

Slide 13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Жоғарғы Соттың өкілеттігі

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;

2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Slide 14

Жоғарғы Соттың құрылымы

Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы

Жоғарғы Сот алқалары

1. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:

1) қадағалау алқасы;

2) азаматтық істер жөніндегі алқа;

3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4) соттың жалпы отырысы.

3. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультатциялық кеңес және баспа органы құрылады.

1. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасын -алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.

2. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.

3. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4. Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Slide 15

Жоғарғы Сот Төрағасы

1. Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:

1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;

5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми -консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;

6) Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

Slide 16

Жоғарғы Сот Төрағасы

8) Алқалардың жұмысын үйлестіреді;

9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:

11) өкімдер шығарады;


Ұқсас жұмыстар
Сот жүйесі
Аудандық соттың төрағасы
Облыстық соттың органдары
Қазақстанның Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі рейтингінің жақсаруына ықпал ету
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
Сот билігі
Қазақстан Республикасы сот билігінің конституциялық құқықтық негізі
Ішкі істер Прокуратура органдары Құқық қорғау органдарына жататындар
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz