Қазақстанның көрнекті олимпиадалық спортшылары: Серік Сәпиев, Илья Ільин, Ольга Рыпақова


Slide 1

Қазақстан спортшылары.

Slide 2

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі.

Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.

Slide 3 Slide 4

Илья Александрович Ильин.

Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет) . Қазақстан чемпионы, Әлемнің үш дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012) [1] . Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты. Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртігші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.

Slide 5 Slide 6

Ольга Рыпакова.

Ольга Рыпакова Сергейқызы (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) - Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.

О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.

Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.

Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.

2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.

2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14. 98 м болды.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Қазақстанның нәтижелері мен жүлдегерлері
7-сыныпта реттік сан есім тақырыбы бойынша оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері қазақтың белгілі спортшылары мысалында
Лондон-2012 Олимпиадасындағы Қазақстан спортшыларының нәтижелері мен рекордтары
Бақытжан Қаратаев: Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, заңгер және ағартушы
Көпсалалы олимпиадалық тест: Қазақстан тарихы, педагогика, психология, информатика, жаратылыстану және математика
Жаркент өңірінің тарихы, тарихи нысандары және көрнекті тұлғалары
Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың мәні мен ерекшеліктері
Конкурстық және олимпиадалық есептер: құрылымы, түрлері және оқыту әдістемесі
Көмірсутектердің табиғи көздері: табиғи және мұнайға серік газдардың құрамы мен қолданылуы
Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың әдістемелік ерекшеліктері мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz