Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы


Slide 1

Қазақстан спортшылары.

Slide 2

Майя Манеза.

Майя Манеза - 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты - дүнген.

Әкесі - Манеза Сапахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алуда. Дүнген және орыс тілдерін біледі.

2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған. ХВЫ Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009) . «Құрмет» орденімен марапатталған (2009) . ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009) .

Ал 63 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан М. Манеза жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 келіні еңсеріп кіші алтын медальға ие болды. Екі сайыстың қорытындысында үлкен күміс медальды қанжығасына байлады. Өкініштісі, серпе көтеру сайысында 147 келіге тапсырыс берген қазақстандық спортшы оны еркін еңсергенімен, төрешілер тарабы есепке алмай қойды. Ал осы салмақ санатында әлем чемпионы атанған ресейлік Светлана Царукаева жұлқа көтеруде 117 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты. Есте болса, дәл осы спортшы 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем чемпионатында М. Манезамен бірдей салмақты бағындырғанымен өз салмағының біздің спортшыдан сәл ауыр болуына байланысты күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын. Лондонда өтіп жатқан ХХХ Одимпиада ойындарында 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Майя Манеза Олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 110 кг, серпе көтеруде 135 кг бағындырып, 245 кг көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты. Кезінде өзі орнатқан әлем рекордын жаңарту үшін 144 кг салмаққа тапсырыс беріп еді, сәл күші жетпей қалды.

Slide 3 Slide 4

Александр Николаевич Винокуров.

Александр Николаевич Винокуров (16 қыркүйек 1973 жыл, Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) - Қазақстанның және Астана Про Теам велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Віно» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Аталмыш жылы өткен Лондон 2012 Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстан үшін үлкен қуаныш әкелді. Осы жазғы ойындардан кейін үлкен спортпен қош айтысам деген Александр кенеттен күтпеген жерден ел қанжығасына бірінші алтынды байлады. Финишке аздаған минуттер қалған кезде, теке тірескен колумбиялық велошабандозды баса озған Вино Олимпиаданың бірінші күнінде әнұран ойнатып, Қазақстанды әлемге танытты. Өзінің спорттағы карьерасын алтынмен мығымдаған Винокуров осы оқиғаны спорттан кетуімнің тамаша нүктесі деп айтты. Кейін сұхбатында Александр "дайындық кезінде осы Лондон Олимпиадасынан алтын ұтсам, жақсы болар еді деп жұбайыммен қалжыңдасып едім", - деді. Еске сала кетейік, Винокуров 2000 жылы Сидней жазғы Олимиадасында күміс жүлдегер атанған болатын. Александр 2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "денешынықтыру" факультетінің магистранты атанды.

Slide 5 Slide 6

Мәулен Сатымбайұлы Мамыров.

Мамыров Мәулен Сатымбайұлы (14. 12. 1970 ж. т., Алматы облысы Қаратал ауданы Ақиық ауылы) - палуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Еңбек сіңірген спорт шебері (1994) . 1991 жылдан А. Бұғыбаевтың жетекшілігімен жаттықты. Қазақстанның 11 дүркін чемпионы (1992 - 2002) . І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін бітірген (1994) . 1989 жылдан Қазақстанның ұлттық құрамасында, 1997 жылдан “Динамо” ұйымының орталық кеңесінде жұмыс істейді. Жастар арасындағы әлем біріншілігінің (Австрия, 1988) қола, КСРО жастар ойындарының күміс жүлдегері (Запорожье, 1989), КСРО Кубогінің жеңімпазы (Тбилиси, 1990), КСРО чемпионы (Гомель, 1990), ТМД елдері чемпионатының қола жүлдегері (Мәскеу, 1992), Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Хиросима, 1994), Азия Кубогі жарысының (Индонезия, 1995), Орталық Азия ойындарының (Ташкент, 1995) жеңімпазы, 26-Олимпиялық ойындардың қола (АҚШ, Атланта, 1996), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ресей Федерациясы, Красноярск, 1997), Орталық Азия ойындарының (Алматы, 1997), Шығыс Азия ойындарының (Корея, Пусан, 1997), Азия (Ташкент, 1999), Шығыс Азия ойындарының (Жапония, Осака, 2001) чемпионы. 1-дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.

Slide 7

Светлана Подобедова.


Ұқсас жұмыстар
Бокс ережелері
Геннадий Геннадьевич Головкин
Олимпиада жалауы
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
Бұқаралық спортты дамыту
ЖАЗҒЫ ЖӘНЕ ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР ЕКІ ЖЫЛДЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚПЕН ӨТІП
Лондон олимпиадасы
Фелпс диетасы
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУЫ
Жеңіл атлетика түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz