Ақша жүйесі




Презентация қосу
Қаржы
Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы
бұйрық; қолма-қол ақша, табыс)
— мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай
қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі,
пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі,
қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы
үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай
қаражаттың қозғалысына байланысты
мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар,
жекелеген азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты
қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені
көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы
жүйесі әрекет етеді.
Ақша қатынастары қаржы
қатынастарын
қалыптастырады, бірақ
ақша қатынастарының
бәрі бірдей қаржы
қатынастары болып
табылмайды, тек олардың
ақшалай қаражат
қорларының жоспарлы
түрде құралуымен,
бөлінуімен,
пайдаланылуымен
байланысты бөлігі ғана
қаржы қатынастары
болып табылады.
Қаржы қоғамдық өндірісті
басқарудың экономикалық
әдістерімен тығыз байланысты,
олардың құрамына кіреді,
экономиканы басқарудың барлық
жақтарына ықпал етеді.Мемлекет
пен кәсіпорындар арасындағы,
кәсіпорындардың (фирмалардың)
арасындағы қаржы қатынастары
маңызды рөл атқарады.
Алайда қаржы қызметінің
негізгі салмағы қаржы
ресурстарын бір
орталықтан бөлуден
тауарлардың,
орындалатын
жұмыстардың,
көрсетілетін
қызметтердің еркін
нарығының тұрақты
жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге, салық,
баж, есеп
мөлшерлемелері, жәрдем
қаражат, көмек қаржы,
үлестеме, басқа да қаржы
тұтқалары арқылы
Қаржы жүйесі
Қаржы жүйесі - белгілі бір
қоғамдық-экономикалық
формация шеңберінде өмір
сүретін қаржы мекемелерінің
жиынтығы; тар мағынада алғанда
— мемлекеттің қаржы мекемелері
жүйесі, яғни өзара байланысты
салалар
(кәсіпорын, сақтандыру қаржысы
мен мемлекеттік қаржы) мен
буындардың (қаржы
мекемелерінің, салық
жүйесінің құрылымдык
бөлімшелері, т.б.) жиынтығы.
Әрбір ірі салалардың ішінде
буындар болады, оның үстіне
қаржы қатынастары субъект
қызметінін сипатына қарай
топтастырылады.
Қазақстан Республикасынын
қаржы жүйесі бюджет
жүйесінен, бюджеттен тыс
қорлардан, түрлі меншік
нысанындағы кәсіпорындардың
қаржысынан, қаржы
институттарынан (қаржы
қызметін жүзеге асырушы,
реттеуші ұйымдар, мекемелер,
қаржы министрлігі,
қазынашылық, ұлттық банк,
салық инспекциясы, салық
полициясы (қаржы полициясы),
кор валюта биржалары, қаржы-
несие мекемелері) және қаржы
үдерістерінің барысына қажетті
шарттар жасайтын қаржы
құралдары тұрады.
Ақша жүйесі

Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте
заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі.
Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл
металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша
жүйесі екі түрге бөлінеді.Ақша жүйесі дегеніміз жеке
элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып
табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және
қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын
ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына
айырбастау тәртібі.
Сөздік

Қаржы-финансы
Несие-кредит
Ақша-деньги
Құн өлшемі-мера стоимости
Ақша белгілері-денжные знаки
Қор-фонд
Тест
Ақша массасы дегеніміз:
А) төлем құралдарының жиынтығы;
В) төлем құралдарының айналысы;
С) төлем талап міндеттемесі;
Д) халықтың жиынтық ақшасы;
Е) ақшаның ақша қозғалысы.
Ақша жүйесі дегеніміз:
А) ақша айналысын ұйымдастыру формасы;
В) ақша айналысын реттеу формасы;
С) ақша қозғалысын реттеу формасы;
Д) ақша массасының қозғалысы;
Е) ақша механизмінің қозғалысы.
Әр түрлі номиналды ақша бірлігі:
А) банкнота;
В) ақша;
С) валюта;
Д) тенге;
Е) барлық жауап дұрыс.
Ребус
Самұрық .......
жауап:қазна
Тауарды‚ капиталды‚ ж
ұмыстарды,
қызметтерді‚ зияткерлі
к қызмет
нәтижелерін‚ соның
ішінде оларға айрықша
құқықтарды сыртқы
нарықтарға өткізу үшін
шетелге әкету.
Жауап:экспорт
Сұрақтар

Қаржы нарығы бұл не?
Қаржыға не жатады?
Белгілі бір соманы алдын ала келісілген
мерзімде және белгіленген жерде
төлейтіндігі туралы борышқордың
қарыздық міндеттемесі?

Ұқсас жұмыстар
ТӨЛЕМ АЙНАЛЫМЫ ӘРЕКЕТ ЕТУІ БОЙЫНША ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ
Ақша жүйесінің эволюциясы
Ақша жүйесінің элементтері
Ақша қорларының жиынтығы
Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасы
Орталық банк
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
Ақша массасы
Ақша және несие
Қаржы
Пәндер