Бурабай көлі




Презентация қосу
Презентация
тақырыбы:
«Жері байдың - елі
бай»
Бурабай көлі

Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық
көл. Ақмола облысының Бурабай
ауданында, Көкше тауының шығыс
баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м
биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км,
ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең
терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы
13,6 км, су жиналатын алабы 164 км².
Окжетпес
Әулиекөл (Бурабай көлі) жағасында
орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы
ең танымал жерлердің бірі. Биіктігі 300
метрдей ғана болса да, ол - оқ
жетпейтіндей алып, әрі Әулиекөлдің сәні.
Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны
тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және
оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы –
құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне
дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және
Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа
жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде
жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы
орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген.
Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала
қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар,
көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған
қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік
береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және
«Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында
алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай
табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және
көркемсурет шығармаларына арқау болған.
Бурабай өңірінің жануарлар әлемі.
Жануарлар жоғалуға шақ қалған
түрлерін анықтау.

Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл,құр
мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя
салады Балықтар-көлдегі негізгі су
жануарлары. Балықтар Қызыл кітапқа
енген .
Қорытынды.

Бурабай өңіріндегі ихтио, био , жануарлар ландшафы және
адамдар өзара үзілмейтін шынжыр тәрізді экологиялық тепе-
теңдікте, байланыста екенін ұмытпайық. Көлдегі
биоландшафсыз ихтиоландшаф болмайды. Ал
ихтиоландшафсыз жануарлар әлемі тіршілігін тоқтатады.
Жануарлар әлемі толықтай жойылса, Бурабай көлі мен өңірі де
өз құнын жоғалтады.

Бурабай табиғат аясындағы мұражай десе де болады.
Қазақстанның Швейцариясы атанған Бурабай адамзаттың ғана
туған жері емес. Ол сонымен қатар, өсімдіктер, жануарлар
әлемінің де алтын бесігі екенін ұмытпайық. Атадан балаға,
ұрпақтан ұрпаққа мәңгі жырдай жырланған Бурабай-біздің
нағыз мақтанышымыз. Дәстүрлер жалғастығын тапқан небір
ақындар, жазушылар қаламымен жырланып ұрпаққа аманат
етілген қасиетті мекен екенін есте ұстағанымыз жөн.
Бурабайымыз-бағымыз, арайлап атқан әрбір таңымыз екенін
әрдайым есте ұстайық!
Назар қойып тындағадарыңызға көп
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның туризм географиясы
Қазақстанның көрікті жерлері
Қазақстандағықызықты қызықтыжаз жаз
Менің кіші
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮРІ
Біріккен сөз
Қамбаш көлі
Туризмнің негізгі түрлері
Өзен және Көл
Қарқаралы тауының шығу тарихы
Пәндер