Денсаулық - ең басты байлық: салауатты өмір салтының маңызы мен сақтау жолдары


Slide 1

Тәні саудың жаны сау

Slide 2

«Бірінші байлық - денсаулық» деп тектен айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Сондықтан адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы ең алдымен салауатты өмір салтына байланысты.

Slide 3

Біздің балабақша да балаларды қимыл-әрекеттері арқылы олардың әдемі, ақылды, күшті, сымбатты болып өсуі үшін салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеп жатыр. Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Өйткені дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке құлшына кіріседі.

Slide 4

Денсаулықты нығайтуға спорт, дене шынықтыру, ырғақты қимыл, мәдениетті түрде тынығу, дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысқан адамның бұлшық еті шымыр, тұлғасы сымбатты, ауру - сырқаудан аулақ болады. Сондықтан да халқымыз « Тәні саудың - жаны сау» деп орынды айтқан. Ой еңбегінен кейін міндетті түрде дене еңбегімен шұғылданған пайдалы.

Slide 5

Салауатты өмір сүру дегеніміз тек арақ ішпеу және темекі шекпеуден ғана тұрмайды. Бұл ұғымның ауқымы үлкен. Оның басты бөлігі дене шынықтыру болуы шарт. Дене жаттығуларының басты екі бағыты бар: Бірінші және ең маңыздысы жүрек - қан тамыры мен тыныс алу жүйесінің резервтерін арттыру.

Slide 6

Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын - таза ауа мен су екенін сол кездің өзіңде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның қаноны» деген энциклопедиялық еңбегіңде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған.

Slide 7

Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін»деген мақал бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп - оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Өкінішке орай, көптеген адамдар әрқилы «білгіштердің» ақыл - кеңесімен өздерінше түрлі ем - дом жасап, керексіз дәрі- дәрмектер ішіп, қашан төсек тартып қалғанша жүре береді.

Slide 8

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық - зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн.

Slide 9

Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адамның денсаулығы мықты, рухы күшті болады!


Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтының қоғамдық денсаулықтағы рөлі және денсаулық сақтау жүйесіндегі алдын алу шаралары
Денсаулық - зор байлық: салауатты өмір салты, алдын алу және денсаулықтың алты аспектісі
Денсаулық сақтау мектебі: салауатты өмір салтын қалыптастыру және алдын алу
7-сыныпқа арналған Бірінші байлық - денсаулық сабақ жоспары: салауатты өмір салты және табиғи шынығу
Ересектер мен балалар арасында аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтының рөлі
Бірінші байлық - денсаулық: салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерді алдын алу бойынша білім беру сайысы
Салауатты өмір салтының қазіргі кездегі өзекті мәселелері және алдын алу шаралары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық мектептерінің профилактикалық рөлі
Денсаулық негіздері: гигиена, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты
Денсаулық психологиясы: құрылым және салауатты өмір салты мен медитацияның рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz