Халқаралық қатынастар


Slide 1

Халқаралық қатынастар

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады. Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты - әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми - техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

Slide 2

Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми - техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.

Slide 3

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі және даму бағыттары

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егемеңді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т. б. ) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе - Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс еддерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалыкқ қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде. Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды мақсат етеді.

Slide 4

Қазақстан мемлекетаралық қатынастарға 1992 жылдан бері шығып келеді. Сол уақыттан бері 40-тан астам мемлекеттің іскер топтарының ресми адамдарымен және өкілдерімен келіссөздер болды. 20-дан аса сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылды. Бүгінде республикада 160-тан астам шет ел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдардың өкілдерді тіркелді. Мысалы, АҚШ бізде өзінің 11, Жапония 9, Швейцария 8, Ұлыбритания 5 өкілдіктерін ашты. Бұл ретте Германия ең алдында келеді, оның 22 өкілдігі бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Егер тауар айналымы көлемі туралы айтсақ, онда оның ең үлкен үлесі 22% Қытайға келеді. Ал батыс жақтағы елдердегі Қазақстан экспорты үлесінің көлемі 60%-ке таяйды, соның ішінде Германияға 13, 5%, Ұлыбританияға 11, 6%, Швейцарияға 11%, Нидерландыға-4, 7%, Австрияға 2, 5% келеді.

Slide 5

Егемендік алғаннан бері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болып енуде. Халықаралық экономикалық ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы мемлекеттердің жақындасуы мен интеграциялануына негіз болып отыр. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді және осы бүкіләлемдік ұйымның 164 - ұлттық мүшесі болды. БҰҰ-ның даму бағдарламасының қызметі Қазақстанда 1993 жылы басталды және ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жәрдемдесуге, сонымен бірге нарықтық реформаларды және экономиканың әр түрлі секторларындағы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп, сауда және т. б. ) қайта өзгертулерді жүргізуге Үкіметке консультативтік көмек көрсетуге бағытталған.

1992 жылдан бастап Қазақстан Денсаулық қорғаудың бүкіләлемдік ұйымына, Бүкіләлемдік почталық Одаққа, Азаматтық авиациялық әлемдік ұйымына, интеллектуалдық меншіктің Бүкіләлемдік ұйымына, білім, ғылым мен мәдениет сұрақтары бойынша БҰҰ-ға (ЮНЕСКО), Халықаралық валюталық қорға, қайта құру мен дамудың Әлемдік банкісіне, Еуропалық банкке мүше болды. 1994 жылдың қаңтарында Қазақстан Еуропалық экономикалық комиссияның мүшесі болды. 1993 жылдан бастап Қазақстан үкіметі қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізуге және экономиканы түбегейлі қайта кұруға бағытталған ортақ экономикалық стратегияға сәйкес қызмет етеді.

Қазақстан халықаралық экономикалық ұйымдардың мүшесі

Slide 6

ХВҚ-ға және Бүкіләлемдік Банктің ұйымдарына кіру үшін қажетті жағдайларды жасау үшін 1992 жылдың маусымында Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Әлемдік қайта құру және даму қорына, Әлемдік даму корпорациясына, Әлемдік даму Ассоциациясына, «Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Әлемдік орталыққа мүшелігі» жөнінде арнайы Заң қабылданған еді. ХВҚ-дан түсетін көмек 1993 жылы құрылымдық қайта құруды қаржыландыру механизмі бойынша заем түрінде және 1994 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың маусымында бекітілген екі Стенд-бай несиелері түрінде келіп түсті. Қазіргі кезде ХВҚ-дан стенд - бай бағдарламасы бойынша З жыл мерзімге жаңа несие алу жағдайлары қарастырылып жатыр. Әлемдік қайта құру мен даму банкісі Қазақстанға көмек ретінде 7 бағдарлама бекітті. Қазақстан 1994 жылы Азиялық даму банкісінің мүшесі болды. 1999 жылы Қазақстанға 839 мың доллар сомасында гранттар мен техникалық көмек көрсетілді, олар кадрларды дайындау және менеджментті жақсарту саясатын, Алматының ауа бассейнінің экологиясын, банктік саясатты және т. б. қамтыды. 2004 жылы ауыл шаруашылығы бағдарламасы білім беру мен менеджментті реформалау саласына 80 млрд. доллар көлемінде несие беру жөніндегі келісімге қол қойылды. 1992 жылы Қазақстан Еуропалық банкке мүше болды. Бұл банктің Қазақстанға қатысты стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезенде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе ұйымдастырушылық құрылыс пен кадрларды дайындау ісіне көңіл аударылады, екінші кезеңде қаржы секторына, ауыл шаруашылығына, энергетикаға, тау-кен өнеркәсібі мен транспортқа нақты инвестицияларды енгізу көзделген.

Slide 7

Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттык өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2008 жылы достастық елдерге экспорт 55% болса, импорт 74% болған екен. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып ТМД елдері жатады, оның ішінде біріншісі - Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер - мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда - саттық жасау пайдалы. 1997-ші жылы каңтар айында ТМД елдер үкімет басшыларының мәжілісінде интеграциялық даму бағдарламасының жобасы қаралды

Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) - ыдыраған КСРО орнына 1991 жылы 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Slide 8

Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай принциптері қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге - «микроденгейдегі интеграция» деген айдар тағылды. Шаруашылық субъектісінің әр түрлері осы аталған негізде «микродеңгейдегі интеграцияны» жүзеге асырады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір өткерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы - өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуда. XX ғасырдың соңындағы басты уақиға социалистік экономи­калық жүйенің және оның негізінде құрылған әлемдік эко­номикальқ қатынастар жүйесінің ыдырауы. 50 жыл қызмет істегеннен кейін 10 социалистік елді біріктірген, үш құрлықта орналасқан Өзара Көмек Кеңесі (ӨКК) ұйымы күйреді. ӨКК ыдырағаннан кейін, оның негізгі мүшелгрінің бірі КСРО да күйреді. 90-жылдары оның орнында бірнеше тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы өндіріс көлемінің біраз төмендігімен, жаңа пайда болған елдер арасында өндірістік - техникалық, ғылыми, мәдени байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді. Егер ТМД елдеріндегі өндірістің жалпы төмендеуін 100% десек, оның 60 пайызы шаруашылықтық байланыстардың үзілуінен болып саналады

Slide 9

ТМД елдері ішінде тығыз ынтымақтастықты дамыту жолымен экономикалық өсу үшін мол резервке ие елдер Украина, Закавказье республикалары, Қазақстан, Молдавия, Тәжікстан. Жаңа тәуелсіз елдердің басшыларының әлемдік экономиканың басты даму үдерістерінің бірі әлемдік экономикалық интеграция үдерісі екенін көздері жетіп отыр. Өздерінің басты мақсаттарының бірі әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіру екендігін белгілей отыра, әлемдік экономиканың басты даму жолынан тыс қалмаулары тиіс. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер негізінде өзара экономикалық ынтымақтастықтың үдерісі 1992 жылдың күзінен басталды. 1993 жылдың қыркүйегінде Мәскеуда мемлекет басшылары мен үкіметтерінің деңгейінде ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісім шартқа қол қойылды. Экономикалық одаққа әдепкіде сегіз мемлекет кірді, яғни Армения, Белоруссия, Казах­стан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Кырғызстан, Молдавия және Украина. Экономикалық одақты құру туралы келісім шарт жалпы экономикалық кеңістікті кезекпен қалыптастыру туралы ережені мағлұмдады. Экономикалық одақты құру туралы келісім шарт ТМД елдерінің интеграцияның бір кезеңінен екінші кезеңіне кезекпен өтуін жобалады: еркін сауда аймағы - кедендік одақ - төлем және валюталық одақ, және соңғысы - тауарлар, қызмет пен капиталдың жалпы нарығы. Еркін сауда аймағын құру туралы келісім 1994 жылдың 15 сәуірінде қабылданды.

Slide 10

Бұл құжатқа барлық 12 ТМД мемлекеттерінің басшылары қол қойды, бірақ 6 мемлекет ратификация жасады. Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі ретінде қарастырылады. 1995 жылы Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кедендік одақ құрды. 1998 жылдың сәуірінде кедендік одаққа Тәжікстан қабылданды.

Мемлекет басшылары Кедендік Одақ келісіміне қол қоюда.

Кедендік Одақтың ең алғашқы ресми жиналысы

Slide 11

Ол өзара қолайлы еркін сауда режимін қалыптастыруға көмектесті. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің жетістігі ретінде 1997 жылдың сәуірінде Ресей және Белоруссия арасындағы құрылған «Екілік одақты» айтуға болады. 2000 жылғы 6 қазанда Астана қаласында өткен Кедендік Одақ мүшелері - Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның үкімет басшыларының Кеңесінде, оның негізінде жаңа әлемдік ұйым - Еуроазиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылданды. Жаңа ұйым 2000 жылғы 23 мамырдағы Әлемдік мемлекеттік кеңестің шешіміне сәйкес құрылады. ЕЭҚ-тың басты мақсаты «бестіктің» шеңберінде біртұтас экономикалық кеңестік құру. Бұл ұйым дербес халықаралық құқық субъектісі болып саналады. Еуроазия қоғамдастығының жоғарғы әкімшілік тұлғасы ротация тәртібімен 3 жылға сайланатын бас хатшы болады. ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғы бір мемлекетті қайта құру туралы шешімдер қабылданды. Тәжірибе көрсеткендей, «бәрін бірден» деген принциппен интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД-ның басшы ұйымдары 1995 - 1997 жылдары қабылданған шешімдерінің сипаты Ынтымақтастық елдерінің құқтық шындықтарына көбірек сәйкес келді.

Slide 12

ТМД шеңберінде тығыз, өзара кіріскен байланыстар пайда болды. Мысалы, «екілік» (Ресей және Белоруссия), «үштік» (Орталық Азия мемлекеттер одағы, 1998 жылы Тәжікстанның кіруіне байланысты «төрттік» болды), кедендік одақ («төрттік» қосу Тәжікстан) . Сонымен бірге ГУАМА аймақтық бірлестігі пайда болды. Оған Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдавия кіреді. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға алып келуі тиіс. Сол себептті де ынтымақтастық шеңберінде көп деңгейлі интеграциялық үлгіні іске асырудың жаңа тетігін әзірлеудің маңызы зор. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің дамуы әлі баяу дамуда.

Ресей Федерациясы

Беларусь Республикасы

Slide 13

Терминологиялық сөздік

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) - ыдыраған КСРО орнына 1991 жылы 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Біріккен Ұлттар ұйымы - екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.


Ұқсас жұмыстар
Халқаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жеке тұлға заңды тұлға
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастар
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Олимпиада жалауы
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРК УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Қонақ үй шаруашылығы Қазақстандағы қонақ үйлер
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Олжас Омарұлы Сүлейменов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz