ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ


Slide 1

Процестік келісім

Құқықтану мамандығы, 302 топ

Скакбай Нурмолда

Notes: © Copyright PresentationGo. com - The free PowerPoint template library

Slide 2

Процестік келісім дегеніміз - қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім.

2

Notes: © Copyright PresentationGo. com - The free PowerPoint template library

Slide 3

Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру мынадай:

- онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша - күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда - кінәні мойындау туралы мәміле нысанында;

- қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі.

Сонымен қатар, процестік келісімді қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылумен ауырған адамдармен жасауға болмайды.

Процестік келісім жасасу адамды жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған адамдардың алдында азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.

Notes: © Copyright PresentationGo. com - The free PowerPoint template library

Slide 4

Процестік келісімде қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесы қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылуымен ауырған адамдармен жасауға болмайды. Процестік келісім жасасу адамды жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған адамдардың алдында азаматтық- құқықтық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.

Slide 5

Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімде мынандай шарттар болған: -күдікті, айыпталушы процестік келісім жасауға ерікті түрде ниет білдірген; -күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған; -процестік келісім жасасуға жәбірленуші келіскен кезде жасалуы мүмкін. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы соттың кеңесу бөлмесіне кеткеніне дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез-келген сәтінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат беруге құқылы. Сондай-ақ, процестік келісім прокурордың бастамасы бойынша жасалуы мүмкін.

Slide 6

ҚПК-тің 628-бабына сәйкес, мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы. Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья сот талқылауын үзеді және тараптарға процестік келісім жасасу үшін ақылға сыйымды мерзім береді. Тараптар процестік келісімнің талаптары бойынша келісімге қол жеткізбеген кезде соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіп бойынша жалғастырылады. Келісім жасалған жағдайда, қылмыстық іс келісімдік іс жүргізуде қаралады, төрағалық етуші сотталушыдан, қорғаушыдан процестік келісімді қолдайтынын-қолдамайтынын сұрайды.

Slide 7

Процеске қатысушылардың жасалған келісім туралы пікірін тыңдап, төрағалық етуші шешім шығару үшін келісу бөлмесіне кетеді. Сотталушы соттың шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткеніне дейін жасалған процестік келісімнен бас тартуға құқылы. Егер сот жазаның түрімен немесе мөлшерімен келіспесе, ҚПК-тің 623 -бабының 1 -тармағы 3 -тармақшасына немесе 626-бабының 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, жаңа келісім жасасу мүмкіндігін ұсына отырып, қылмыстық іс прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 556-бабы 3-тармағына сәйкес, жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері, сондай-ақ процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімнің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайды.

Slide 8

Сотта жасалатын процестік келісім нысаны мен мазмұны бойынша ҚПК-тің 616 бабы бірінші бөлігі 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Slide 9

Егер сотталушы қылмыстар жиынтығын жасады деп айыпталып отырса, онда келісімде әрбір қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшері, сондай-ақ түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі.

Slide 10

Егер сотталушыға үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалса, онда келісімде түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері де көрсетіледі. Келісім оған прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қол қойғаннан кейінжасалды деп есептеледі. Прокурор қол қойылған келісімді сот береді және істі келісімдік іс жүргізу шеңберінде шешу туралы өтінішхат береді. Қылмыстық процеске қатысушылар ҚПК-тің осы нормаларын дұрыс түсініп, оны кеңінен қолдана білсе, қылмыстық процесті жүргізуші органдар мен барша адамдар үшін тиімді болмақ.

Slide 11

Процестік келісім екі түрде жасалуы мүмкін:

Кінәні мойындау туралы келісім аса ауыр емес, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыстар бойынша - күдікті, айыпталушы күдікпен, айыппен келіскен жағдайда жасалады.

Ынтымақтастық туралы келісім -қылмыстық топпен жасалған қылмыстарды, басқа адамдармен жасалған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеуге мүмкіндік туғызсабарлық санаттар бойынша жасалады.

Slide 12

Кінәні мойындау туралы мәміле түрінде процестік келісім жасау салдары мыналар болып табылады:

1. Мұндай істер бойынша сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 192 бабымен көзделген және процестік келісім жасау сәтінен анықтау істері бойынша бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауы тиіс (өтініштерді сотқа дейін тергеудің бірыңғай тізімінде тіркеу) .


Ұқсас жұмыстар
Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім
Келісімді жүргізу бойынша қылмыстық істерді сотта қарау
Соттың үкімі
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары ұғымы бойынша азаматтық процестік құқық саласының ғалымдарының пікірлері
Еңбек құқығының функциясы
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІ
ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы экстрадицияның құқықтық ерекшеліктері мен орындалу шарттары
Сотқа дейінгі тергеп - тексерудің басталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz