Павлодар облысы мен Қытайдың Шаньси провинциясы арасындағы көпсалалы ынтымақтастық туралы меморандум және Қазақстан-Ресей әскери-техникалық ынтымақтастығын дамыту бағдарламалары


Slide 1

Ынтымақтастық туралы келісім негізі және тәртібі

Құқықтану мамандығы, 302 топ

Скакбай Нурмолда

Slide 2

Павлодар облысының әкімдігі мен Қытайдың Шаньси провинциясының басшылығы бауырлас қарым-қатынас орнату жөнінде меморандумға қол қойысты. Құжатқа Болат Бақауов пен оның қытайлық әріптесі Лоу Яншэн қол қойды. Меморандумда тараптар сауда және экономика, энергетика, ауыл шаруашылығы, ғылым және техника, білім беру, мәдениет және туризм салаларында тәжірибе алмасуға және ынтымақтасуға жағдай жасасады деп жазылған. Сондай-ақ екі аймаққа тұрақты байланысты қолдау және туындаған мәселелерді келісімдеу жөнінде міндеттемелер жүктелді.

Slide 3

=

- Үстіміздегі жылғы маусымда Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің кездесуінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Президенті Си Цзиньпин екі ел арасындағы сенімгерлік қатынастың дамып келе жатқанын ерекше атап өткен болатын, - деді меморандумға қол қояр алдында Павлодар облысының әкімі. - Сол кезде салықтың кейбір түрлерін алып тастау туралы келісім жасалған болатын. Сондай-ақ құрылыс және көлік перспективалары салаларында көзделген жобаларды іске асыру мәселелері талқыланған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қытайдан басқа ешқандай елмен осындай көп бірлескен кәсіпорын ашпағанын атап айтты. Бүгінгі кездесуді екі мемлекет басшысының бастамасын және екі елдің үкіметі екітараптық қатынасты дамытуда атқарып жатқан жұмысын қолдау мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Slide 4

Екі аймақтың басшылары, сондай-ақ бірнеше шекті келісімге қол қойды. Атап айтқанда, Павлодар облысының Инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігі мен Шаньси провинциясының халықаралық сауданы дамыту жөніндегі комитеті, сондай-ақ Екібастұз және Хэцзинь қалаларының әкімшіліктері ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Slide 5

Содан соң павлодарлық делегация Қытай көрмесінің ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жөніндегі бесінші сессиясын аралады. Онда Павлодар облысының «Кэмми» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Рубиком» ЖШС және басқа да кәсіпорындарының өнімі ұсынылды.

Slide 6

- Біз Қытайға ұнымызды әкелмек болғанбыз, алайда бұл өнімді шекара арқылы өткізуде біраз қиындықтар туындады, - деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев. - Нәтижесінде макарон, кондитер және шұжық өнімдерін, консервілер әкелдік. Бұл өнімдер Қытай нарығында да бар. Көрмеге қатысушыларға павлодарлық бал қатты ұнады. Бәрі де дәмін татып көріп жатты. Шаньси провинциясында Болат Бақауов сондай-ақ CCESCC химиялық корпорациясының және «Нөмір 5 теміржол құрылыс инженерлік корпорациясы» компаниясының топ-менеджерлерімен кездесті.

Slide 7

Осы Келісім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қарулы күштерінің мүдделерінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын (бұдан әрі - бағдарламалар) әзірлеу және іске асыру тәртібін мынадай:

Тараптар мемлекеттерінің қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру жөніндегі әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;

әскери мақсаттағы өнімді жеткізудің жеделдігін арттыру;

Тараптар мемлекеттерінің қару-жарағы мен әскери техникасын жаңғырту және жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін жасау жөнінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

әскери мақсаттағы өнімді әзірлеу, шығару, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату саласында бірлескен кәсіпорындар құру;

өндірістің өсуін ынталандыру, оны дамытуға инвестициялар тарту, ғылымның және алдыңғы қатарлы технологиялардың жаңа жетістіктерін өндіріс процестеріне енгізу, әскери мақсаттағы өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Тараптар мемлекеттері ұйымдарының өндірістік, еңбек және зияткерлік әлеуетін сақтау және дамыту;

бірыңғай ақпараттық кеңістік құру және оны жетілдіру мақсатында айқындайды.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-Ресей әскери-саяси және әскери-техникалық ынтымақтастығы: даму, келісімдер және бірлескен жобалар
Қазақстан мен Ресей қатынастары: тәуелсіздік кезеңіндегі даму мен ынтымақтастық
Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастар: құқықтық негіздер және экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастық: 2003-2008 жылдардағы өсу және секторлық бағыттар
Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан: ынтымақтастық бағыттары мен төрағалық кезеңдегі нәтижелер
Қазақстан-Түркия қатынастары мен Жаңа синергия экономикалық бағдарламасының ынтымақтастық бағыттары
Ата-аналармен жұмыс формалары және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық
Ресей аймақаралық басқару саясаты және өңірлердің халықаралық ынтымақтастығы: факторлар мен перспективалар
Қазақстан-Қытай: дипломатиялық қатынастар және сауда-экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz