Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім




Презентация қосу
Кінәні мойындау
туралы
мәміле:негіздері
және тәртібі

Құқықтану мамандығы,302 топ
Скакбай Нурмолда
Кінәні мойындау туралы мәміле
жасау тәртібі:
іс келісімдік іс жүргізуде
қарау үшін сотқа
жіберіледі.

оған келісімге
қатысушылар –
прокурор,
қылмыстық процесті Мәміле күдікті,
айыпталушы,
жүргізетін орган
өтінішхатты алып, жасау оның
қорғаушысы қол
негіздерді ескере
отырып, процестік
тәртібі қояды.
келісім жасасу туралы
мәселені шешу үшін
оны үш тәулік ішінде
прокурорға жібереді.

барлық тараптар
келіскен кезде қисынды
мерзімде процестік
келісім жасалады, ол
жазбаша түрде
жазылады.
Кінәні мойындау туралы мәміле
келесіге мүмкіндік береді:

анықтау, тергеу және сот талқылауы мерзімін қысқартуға;

жазалау мерзімін немесе мөлшерін қысқартуға (ең ауыр жаза
түрінің ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнің жартысынан аспауы
керек);

процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған адамды
қылмыстық жауаптылықтан босатуға.
Өтінішхатты қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген уақытында
сот кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн мәлімдеуге болады.
Мұндай келісімді жасауға қажетті жағдайлар:
процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдіру;
сіз келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына
қолда бар дәлелдемелерге, сіз келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне
дауласпау;
процестік келісім жасасуға жәбірленуші келісу.
Кодекстің 612-бабының талаптарына сай, процестік келісім кінәні
мойындау туралы мәміле нысанында жүргізіледі.

Кінәні мойындау туралы мәміле онша ауыр емес, ауырлығы орташа
не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген
күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда жүргізілетін болса,
ынтымақтастық туралы келісім қылмыстық топ жасаған
қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды,
сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және
тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар
бойынша жүргізіледі.
Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік
келісім мынадай шарттар болған:
1) күдікті, айыпталушы процестік келісім жасасуға ерікті
түрде ниет білдірген;
2) күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға
және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар
дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен
мөлшеріне дауласпаған;
3) процестік келісім жасасуға жәбірленуші келіскен кезде
жасалуы мүмкін.
Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік
келісім:

1) қылмыстардың жиынтығына қатысты, егер олардың ең
болмағанда біреуі осы Кодекстің осы бабында және 612-
бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

2) егер жәбірленушілердің ең болмағанда біреуі процестік
келісім жасасуға келіспесе, жасала алмайды.
Кінәні мойындау туралы мәміле түрінде процестік келісім
жасау салдары мыналар болып табылады:
1. Мұндай істер бойынша сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР
ҚПК-нің 192 бабымен көзделген және процестік келісім
жасау сәтінен анықтау істері бойынша бір айдан және алдын
ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауы тиіс
(өтініштерді сотқа дейін тергеудің бірыңғай тізімінде
тіркеу).
2. Осы санаттағы істер бойынша сот талқылауы келісілген
өндірісте және қысқартылған тәртіпте 10 күндік мерзімде
қаралады, ерекше жағдайда бұл мерзім 20 тәулікке дейін
ұзартылуы мүмкін. Процестік келісім жасауға келісім
берген жәбірленуші одан ары зиянды өтеу мөлшері туралы
талаптарды өзгертуге құқылы.
Ал, ҚР ҚК-нің 55 бабына сәйкес, процестік келісімнің
барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған
қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жазаның мерзімін
немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті
бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең
жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға
болмайтындығы көрсетілген.
Кінәні мойындау туралы келісімге келген жағдайда, тергеу
әрекеттері ұзақ мерзімге созылмастан 10-15 күнде аяқталады, ал сот
процесі бір күнде қаралу мүмкіндігі бар.

Қазіргі таңда аталған Қылмыстық процестік заңнамасындағы
жаңалықтың қолданысқа енгізілуінен жәбірленушілер, куәлер,
мамандар және сарапшыларды сотқа шақырту, сот-сараптамаларын
тағайындау және басқа да сот шығындарын үнемдеуге қол жеткізді.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ
Келісімді жүргізу бойынша қылмыстық істерді сотта қарау
Іс-қағаздар және олардың түрлері
Делдалдар арқылы жасалатын мәміле
Шарттар мен мәмілер түрлері
КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕР
Қорлар және өткізілген өнімнің өзіндік құны
Мәмілелер туралы
Соттың үкімі
Мәміле ұғымы және оның түрлері
Пәндер