Келісімді жүргізу бойынша қылмыстық істерді сотта қарау
Презентация қосу
Келісімді
жүргізу
бойынша
қылмыстық
істерді сотта
қарау
Құқықтану мамандығы, 302 топ
Скакбай Нурмолда
Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 622
бабына сәйкес,сот егер сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында кінәні
мойындау туралы процестік келісім жасалса және кінәні мойындау
туралы процестік келісім сот талқылауы барысында жасалса, істі
келісімдік іс жүргізуде шешеді.
Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процестік келісімге
келіспеушілік білдірілсе, сондай-ақ осы Кодекстің 614-бабы бірінші
бөлігінің 2) тармағында көзделген шектеулер болған кезде келісімдік
іс жүргізуге жол берілмейді.
Судья кінәні мойындау туралы процестік келісіммен және істі келісімдік іс жүргізуде
қарау туралы өтінішхатпен бірге қылмыстық істі алып, жасалған процестік келісімнің заң
талаптарына сәйкестігін тексереді, содан кейін:
1) келісімдік іс жүргізуде талқылауды тағайындау;
2) егер келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздер болмаса, қылмыстық істі прокурорға
қайтару;
3) егер сот қылмыстың саралануымен, азаматтық талап қоюдың мөлшерімен, жазаның
түрімен және (немесе) мөлшерімен келіспесе, жаңа келісім жасасу мүмкіндігін ұсына
отырып, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады.
• Тараптар соттың қылмыстың саралануы, азаматтық талап
қою мөлшері, жазаның түрі немесе мөлшері мәселелері
жөніндегі қаулысына сәйкес кінәні мойындау туралы
жаңа процестік келісім жасасқаннан кейін прокурор
қылмыстық істі жаңа процестік келісіммен бірге оны
келісімдік іс жүргізуде қарау үшін сотқа жібереді.
• Судья кінәні мойындау туралы жаңа процестік
келісіммен келіспеген кезде ол істі келісімдік іс жүргізуде
қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады және іс
бойынша жалпы тәртіппен іс жүргізуді жүзеге асыру
үшін оны прокурорға жібереді.
• Сот осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3)
тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шешім
қабылдау үшін осы Кодекстің 321-бабында көзделген
тәртіппен істі алдын ала тыңдауды жүргізеді.
• Келісімдік іс жүргізу кезіндегі сот отырысына прокурор,
сотталушы және оның қорғаушысы қатысады. Жәбірленуші,
азаматтық талапкер және олардың өкілдері сот отырысына
шақырылмайды.
• Сот қажет болған кезде олардың келісімдік іс жүргізудегі
сот талқылауына қатысуын, оның ішінде коммуникацияның
ғылыми-техникалық құралдарының көмегімен қатысуын
ұйымдастыра алады.
• Төрағалық етуші сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешкеннен кейін
кінәні мойындау туралы процестік келісімді қараудың басталғаны туралы жариялайды және
прокурорға оның мәнін баяндауды ұсынады.
• Прокурордың сөзінен кейін төрағалық етуші сотталушыдан оның процестік келісімнің мәнін
түсінгенін-түсінбегенін және онымен келісетінін-келіспейтінін сұрайды. Қажет болған кезде
төрағалық етуші сотталушыға процестік келісімнің мәнін түсіндіреді, содан кейін оған келісім
жасасудың мән-жайын сотқа хабарлауды ұсынады және процестік келісімнің оның ерік
білдіруіне сәйкестігін-сәйкес еместігін және ол оны қолдайтын-қолдамайтынын және осы іс
бойынша сотқа бірдеңе хабарлағысы келетін-келмейтінін анықтайды.
• Төрағалық етуші сотталушының ұстанымын анықтай отырып,
кінәні мойындау туралы процестік келісімге қатысты
қорғаушыға және прокурорға өз пікірлерін хабарлауын
ұсынады, сондай-ақ олардың процестік келісімді
қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды.
• Төрағалық етуші сот отырысында қажет болған кезде кінәні
мойындау туралы процестік келісімді жасасудың заңда
көзделген тәртібін сақтау мәселесі бойынша прокурордан,
сотталушыдан және оның қорғаушысынан жауап алады.
• Процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші
сотталушыдан келісімде көзделген мүліктік өндіріп алулар
бөлігінде сот актісін өз еркімен орындау үшін оған қандай
мерзім қажет екенін анықтайды, бұл ретте оның отбасылық
және материалдық жағдайын анықтайды. Сотталушыға да
сотқа қосымша бірдеңе хабарлау құқығы берілуге тиіс.
Сотталушыны тыңдап болған соң төрағалық етуші кеңесу
бөлмесіне кетеді және сот шешімін жария ету уақытын
хабарлайды.
• Істі келісімдік іс жүргізуде қарау осы Кодекстің 382-бабының
екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
• Сот процестік келісімді келісімдік іс жүргізуде қарау қорытындылары
бойынша мынадай уәжді шешімдердің бірін:
• 1) егер келісімдік іс жүргізуді қолдануға негіздер болмаса, прокурорға
қылмыстық істі қайтару туралы қаулы;
• 2) егер сот процестік келісімде көрсетілген қылмыстың саралануымен,
азаматтық талап қоюдың мөлшерімен не жазаның түрімен немесе
мөлшерімен келіспесе, жаңа процестік келісім жасасу үшін қылмыстық істі
прокурорға қайтару туралы қаулы;
• 3) егер сотта сотталушының кінәлілігіне күмән туындаса, істі келісімдік іс
жүргізу тәртібімен қараудан бас тарту туралы және қылмыстық істі
прокурорға қайтару туралы қаулы;
• 4) егер осы Кодекстің 35-бабында санамаланған мән-жайлар анықталса,
қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
• 5) процестік келісімге сәйкес сотталушыға жаза тағайындап, азаматтық
талап қою және басқа да өндіріп алулар жөнінде шешімі бар айыптау
үкімін шығарады.
• Сот осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көрсетілген қаулыны шығарған
жағдайда, қылмыстық іс жалпы тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу үшін прокурорға
қайтарылады.
• Тараптар қылмыстың саралануы, азаматтық талап қою мөлшері не жазаның түрі немесе
мөлшері мәселелері жөніндегі сот қаулысына сәйкес жаңа процестік келісім жасасқаннан
кейін прокурор сотқа келісімдік іс жүргізуде қарау үшін жаңа процестік келісіммен бірге
қылмыстық істі жібереді.
• Судья жаңа процестік келісіммен келіспеген кезде істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас
тарту туралы қаулы шығарады және қылмыстық істі жалпы тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-
тексеруді жүзеге асыру үшін прокурорға жібереді.
• Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы қылмыстық іс
бойынша басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік
келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
• Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп
түскен кезде судья сот талқылауын үзеді және тараптарға процестік келісім
жасасу үшін ақылға сыйымды мерзім береді.
• Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалғаннан кейін ол судьяға
беріледі, ол істі келісімдік іс жүргізуде қарауды жалғастыру туралы қаулы етеді.
Тараптар процестік келісімнің талаптары бойынша келісімге қол жеткізбеген
кезде соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіп бойынша жалғастырылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz