Желтоқсан көтерілісі



Желтоқсан көтерілісі

Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Мәскеудің шешіміне наразылық білдіріп, 1986 жылы желтоқсанның ызғарлы күні Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары

18 желтоқсан болып өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің кезектен тыс Пленумы республиканы ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Д. А. Қонаевты қызметінен босатып, оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г. В. Колбин сайланды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993 ж. )
Колбин Геннадий Васильевич (1927-1998 ж. )

Бейбітт шеруге шыққандардың қолдарына көтерген «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикаға - өзінің басшысы!» және басқа осы мазмұндағы ұрандар тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ шынайы мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтайтын еді. Жиналған көпшілік республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д. А. Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті.
Notes: Бейбітт шеруге шыққандардың қолдарына көтерген «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикаға - өзінің басшысы!» және басқа осы мазмұндағы ұрандар тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ шынайы мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтайтын еді.

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л. И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 25-30 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын - 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

Сол күні кешке Мәскеуден Алматыға ұшып келген топтың құрамында КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, КСРО Бас прокурорының орынбасары, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, республика компартиясы Орталық комитетінің бірінші және екінші хатшылары, республика Ішкі істер министрі және мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы бар наразылықты басып, тарату штабы құрылды. Құрамында қазақ ұлтынан ешкім де болмаған бұл штабтың жұмысын КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник Б. К. Елисев басқарды. Штабтың қарауына шамамен 20-25 мың адамнан тұратын Алматы гарнизонының, КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы облысында, сондай-ақ Фрунзе, Ташкент, Челябі, Новосібір, Уфа, Свердловск, Тбилиси қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен Алматыға алдырылған әскери күштері берілді. Әскерилерге қарусыз шерушілерді қуып таратуға қажетті қаружараққа қосымша 15 БТР, 20 өрт сөндіруші машина берілді. Милиция және әскер құрамаларына саны 10-15 мың шамасындағы темір сойылдармен қарулаған «Жасақшылар» көмектесті.

Жаппай жазалау:
8500 адам ұсталып -олардың 2401 -і уақытша қамау орындарына жеткізілді -қалғандары қала сыртына апарып тасталды -1720 адам дене жарақатын алды, олардың бірнешеуі сол жарақаттан қаза тапты - ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды -ЖОО-ның 12 редакторы орнынан алынған -246 студент оқудан шығарылған -Сот үкімімен 99 адам түрлі мерзімге қамалды -2 адам өлім жазасына кесілді.

Қайрат Рысқулбеков пен Мырзақұл Әбдіқұловқа берілген ату жазасы халықаралык қауымдастықтың карсылығы нәтижесінде кейіннен 20 жылдық абақтыға алмастырылды.
Қайрат Рысқулбеков белгісіз жағдайда Семей абақтысында өлтірілді.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы - 21 мамыр 1988, Семей қаласы) - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы - М. Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С. Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е. Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков - ең жоғары жаза - өлім жазасы - атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
Notes: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков

«Сонымен мені қамап, үш айдан кейін 6 сәуір күні Өтеген Ихсанов деген сот төрешісі ату жазасына кесті. Сол жерде мен 345 күн отырдым, екі айдан кейін мен жатқан өлімге кесілгендердің камерасына Қайрат Рысқұлбековті алып келді, ол екеуміз екі айдай бірге отырдық. Қайрат камерада отырғанда күніге хат алып тұратын, ай сайын кездесуге де баратын, ал маған хат та, хабар да жеткізілмейтін, бір жыл бойы ешкімнен хабарсыз болдым. 11 ай 15 күн отырғаннан кейін атуға апарар алдында туыстарыммен қоштасу кездесуіне алып барды, мен үшін бұл ең ақырғы рет көрісу деп ойлаған едім, бірақ Алла жар болып олай болмай шықты. Ақыры шешем мен әйелімнің табандары тозып мені қайда айдаса сонда барып, арызданып жүрген еңбектері қайтып, бала-шағамның тілегінің де арқасы шығар, мені Громыко атудан 20 жылдық ерекше режимге ауыстырды. Менің үкімім 20 жылға ауыстырылды, кейін оны Прибалтикадан келген тәуелсіз заңгер тексере келе, 7 жылға түсіріп еді. Бірақ мені Қазақстанға қайтарғанмен, 8 айдан кейін Мәскеу қайтадан менің ісімді қарап, оның үстіне 5 жыл қосып, 12 жылға соттап жіберді. Сөйтіп Сібір, Оралдан - Өскеменге, одан Заречныйдың түрмесіне әкелді. Мұнда маған бұрынғы милицияның бастығы, полковник Асқар Мелдехановты ертіп, Коммунар Табеев келді. Олар істі қайта қаратып, 5 жылымды алып тастап, 7 жылды толық отырып келдім. Бірақ мен 12 жыл мерзіммен түрмеде отырған кезде «Президенттің Жарлығымен кешірім етілді» деген хабар «Жас Алашқа» шығып кетті. Газетке шыққан хабардан кейін де 2 -3 жыл отырдым. »
Мырзақұл Тәжіғұлұлы Әбдіқұлов

16 желтоқсан күні бізде политэкономика сабағы болды. Мұғаліміміздің орнына бізге ҚазҰУ-нің мұғалімі сабақ берді. Ол бізге сол күні болған мәжілісті, пленумның бірегей шешімімен бірінші хатшы тағына Колбинді қойғанын айтқан еді, тіпті аты-жөнін тақтаға жазды. Аудиторияда соған қатысты қызулы талқылаулар пайда болғаны есімде.
Кеш бойы біз жаңалықтар күттік, бірақ тек келесі күні азанда бізге газет алып келді, оның бірінші бетінде Геннадий Колбиннің суреті басылып шығып, оған бірінші хатшы лауазымын бергені жайлы жазылған болатын. Құрбыларыммен газетті жыртып тастадық. Бүткіл жатақхана бойынша тек сол жаңалықты талқылаған болатынбыз. Сабақтың орнына біз алаңға шықтық. Бізді ешкім мәжбүрлеген жоқ, тек басшылықтан түсініктеме алғымыз келді. Алаңда көп адам болмады, тек миллиционерлер тұрды. Олар бізге сағат 16. 00-де барлығы жиналады, сол кезде жауап алатынымзды айтқан болатын. Сол уақытта келген кезімізде, алаңда ине шаншар жер болмады.
Оқу орнымызда бізді алаңға жібермеді, барғанымыз үшін қатаң жазалайтындарын ескерткен болатын. Бізді не үшін жазалайды? Біз бар болғаны Қонаевты алып тастап, орнына Колбинді неліктен қойғанын білгіміз келетіндігін айтқан едік. Екі сағат тұрдық, уақытты өткізу үшін өлең айттық. Кеш батты, жауап ешкім қатпады. Милиция жиналған жұртты таратпақшы болды. Екі аттам жерде генерал тұрды, ол тарқауымызды сұраған болатын. Сосын мен тіпті не болып кеткенін дұрыс түсінбедім, маған бір жігіт жүгіріп келіп: «Қыздар қашыңдар! Олар барлығын соққыға жығуда, аяушылық жоқ!»- деп айтқан болатын.
Бізді ұратындай сонша не істеп қойғанымызды түсінбедім. Бір жағымыздан келдек, қалқан ұстаған, дулыға киген милициялар келе жатқанын көрдім. Мен қашайын деп едім, бірақ жығыла құладым. Маған формада 30-35 жас шамасындағы, мұртты еркек келіп, келдегімен ұра бастады, есімнен танып қалдым. Шашымнан асфальтпен сүйреп бара жатқанында есімді жидым, астымнан бір жылулықты сездім. Сөйтсе, есімді жимаған жағдайда мен несебімді ұстай алмай қалған екенмін. Көзімді ашқан кезде, алаңда тек қалпақтар шашылып жатты, қан болды, иттер үріп жатты, қара түтін болып, өрт болды. Бұл көрініс әлі күнге дейін көз алдымда. Мені сары жүк көлігіне отырғызды, артымнан бір сарбаз бір тепті. Жүк көлігінің ішінде жас жігіттер мен қыздарды көрдім, олар отын секілді жатты, ал мені ең үстіне ығыстырып жіберді.

Бізді ІІАБ алып келіп, менен бесінші курстан заңгер жауап ала бастады. Жауап алу кезінде бір еркек келді, ол жедел жәрдем шақыруға бұйрық берді, мені ауруханаға алып кетті. Ауруханада жеңіл-желпі жарамды емдеп-тұмдап, қайтадан милицияға жіберді. Шағын камерада тағы 54 қыз отырды. Олардың барлығы да соққының астында қалған. Біреуінің арқасында тақаның іздері болды, аяғында шынжырдың іздері қалған. Камерадағы қыздармен әңгімелесуге менің мұршам болмады. Үш күнгі жауап алу, кейін соттық сараптамадан соң мені жатақханаға жіберді. Институтта мені сабақтан босатты, ол кезде мені комсомол мен институттан шығарғанын білмеген едім. Бірнеше күннен соң, 24 күні, менің артымнан қайта келіп, Калиндік ІІАБ алып кетті, ол жақта үкім айтып, он тәулікке қамаған болатын. Бірақ мені 20 күн ұстады. Тек 13 қаңтар күні жіберген болатын. Артымнан ата-анам келді, кетейін деп тұрған кезде, жатақханада есімнен танып қалдым. Жедел жәрдем шақырды, бірақ оның орнына психиатрия ауруханасынан арнайы топ келді. Абай-Масанчи көшесіндегі ауруханада ояндым, 14 тәулік жатқан болатынмын. Маған берген дәрілерді жасырын лақтырып жүрдім, бірақ шаншулардан құтыла алмадым. Ең реніштісі (Қалдықыз жылай бастады) мені гинекологиялық орындыққа отырғызып, темір құрылғымен бір нәрсе істеп, қан кеткенде ештеңе түсінбедім. Сосын маған желтоқсан оқиғасына қатысқан қыздардың қыз абыройынан айырғандығын айтқан болатын. Ауруханадан ата-анам алып кетті. Басымда қанды ісік болды, бірақ Қазақстанда ереуілге қатысушыны емдеуге бәрі қорқатын, Ташкентке баруға тура келді. Онда мені мәскеулік дәрігерлер емдеген болатын. Сосын олар маған таң ғажайыппен аман қалғанымды айтқан болатын. Бір жылдан кейін ректораттан хат келді. Бірінші күннен бастап, мен үшін кураторым Мақашев Қанат өтініш берген болатын. Оның көмегімен институтты бітірдім. Ол маған: «Уақыты келген кезде, барлығы басқаша болады, ал сізді Қызыл Құрмет кітабына жазады»- деп айтқан болатын. Ата-анам ерте қайтыс болды, менің басыма түскен жағдайлардың әсерінен анамда аурулар басталған болатын.
2004 жылы құжаттарымды қайта жасаған кезде, мен жайлы газеттерде жаза бастады. Менің оқушыларымның ата-аналары менің психиатриялық ауруханада жатқанымды біліп, №13 мектептің директорына шағымданған болатын: «Неге мұндай мұғалім мектепте жұмыс істейді? Ол психиатрия ауруханасында жатқан, неге оған оқушылармен жұмыс істеуге рұқсат бересіз?». Жауап ретінде мені ауруханаға қинап жатқызғандығын, ол кезде денім сау болғандығын түсіндірген едім, бірақ бәрібір бір жылдан кейін мектептен шығуға тура келді.

Қалдықыз Аттемова
17 желтоқсаннан 18-не қараған түні барлығы соғыс жайлы болып жатқан қорқынышты кино секілді болды. Бізге прожектор түсті, суық сумен шашты, артымыздан иттер қуды, арматурамен бас салды. Мені соққыға жыққан соң, есімнен танып қалдым. Ары қарай не болғанын құрбымнан білдім. Бізді қоқыс тасушыға кіргізіп, қоқысқа алып барып, сол жаққа лақтырып кеткен. Ол кезде әйнекті жинайтын адамдар жұмыс істеп жатты. Олар қоқыстан шығуға көмектескен болатын. Бұл кезде мен есімді жимаған едім, құрбым мені тастап кетпей, арқалап жүрді. Ары қарай бізге милицонер көмектесіп, №12 қалалық ауруханаға алып келген болатын. 1985 жылдан 1995 жылға дейінгі барлық сырқатнамам жойылған болатын. Бірақ ауруханада болғандығыма журналдағы жазбалар кепіл. Соның арқасында құжаттарымды қайта жасай алдым.

Рахымжанова Анар Толегенкызы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz