Тиімді қарым - қатынас жасау қағидалары



Тақырыбы: Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальдық және вербальдық емес тәсілдері. Көшбасылық.

Жоспары:
1. Вервальді және вервальді емес қарым-қатынас.
2. Сөздің психологиялық әсері.
3. Медицина қызметкерінің негативті әсері
4. Көшбасшы және көшбасшылық .

Вербальды
Негізгі қарым-қатынас
Вербальды емес
Вербальды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл - сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс - сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербальды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына - поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

Роберт Семёнович Немов
Р. С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті. Олар:
- Денесін алға иілдіру, отырған күйінде қолдарын тізесіне немесе орындыққа тіресе: адам әңгіме айтуды тоқтатып, әрекет етуге дайын; - Көз қарашығының үлкеюі - сол кездегі адамның жағымды сезімін білдірсе, көз қарашығының кішіреюі - жағымсыз сезімді білдіреді;
-Егер адам тобықтарын бір-біріне біріктіріп отырса, оның болып жатқан нәрсеге көзқарасы жағымсыз, бірақ ол өзін ұстап отыруға мәжбүр, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімнің белгісі; - Қолын басына қоюы - өзіне сенімді, өзгелердің алдында жоғары санайтын адамдардың қимылы.

- Егер адам қобалжып, сынау немесе қорғаныс позициясын ұстанса - екі қолын көкірегінің алдына жинастырады; - Қолын көкірегіне жинастыруы - қорғанысты қажет ететін жағдайда тығылуға деген ұмтылыстың белгісі; -Егер сізбен әңгімелесуші адам екі қолын көкірегіне жинастырса, ол сіздің дегеніңізбен келіспей тұрғаны;
-Өзінің жағымсыз сезімдерін жасыруға деген ұмтылысты иықты қарсы қолдың саусақтарымен қысқаны арқылы байқауға болады;
-Егер қолды көкірекее жинастырғанда бас бармақ жоғары қараса, ол адам өзінің дәрежесін жоғары санағаны;
-Қолды айқастыру, сондай-ақ, қорқыныш сезімінің туындағанын көрсетеді;
-Егер адам тамақ астын уқаласа, ол шешім қабылдау үстінде отыр;
-Егер адамға өзінің шешімі жайлы айтуды сұрағанда ол аузына бір зат (саусақ, көзілдірік) салса, ол сенімсіз, алаңдауда, оған ойлануға уақыт керек болғаны;
-Егер адам желкесін алақанымен сипап, көзін шетке тартса, ол адам өтірік айтуда;
-Екі қолын беліне қойып, бір қолымен екінші қолының білегін ұстаса, ол адам ашулы, ренжулі күде және өзін «қолға алуға» тырысуда;
-Адам ашулы болған сайын, оның арқасындағы қолылы жоғары көтеріле түседі;
-Адамның өтірік айтқанын немесе шынайы еместігін көрсететін белгілер: басын, бет бөліктерін қолымен ұстауы, әсіресе, аузын, мұрнын, көзін, құлағын және мойнын;
-Саусағын аузына салуы, қолдауды қажет еткені.
-Саусақпен немесе тырнақпен устел бетін тарсылдату шыдамсыздықтың белгісі;
-Егер айқасқан қолдару жоғарыда болса, бұл адаммен келіск қиын болады.

Науқаспен жанасуы көріп зерттеуі ем тағайындап нұсқау беруі тек сөз арқылы бейнеленіп іске асырылуына байланысты медиуиналық қызметкердің науқасқа айтылатын сөзіне ерекше талап қойылады.


Кинесикалық қарым-қатынас құралдары бұл қарым-қатынаста мәнерлі-реттеуші қызмет атқаратын басқа адамның қимыл-қозғалысын көру арқылы қабылдау (ым-ишара, пантомимика, дене тұрысы) .
Проксемикалық құралдар - қарым-қатынасқа түсушілер үшін маңызды хабардан тұратын қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт ситуациялары.
Экстралингвистикалық қарым-қатынас құралдарына: сөздегі кідірістер мен адамның психофизиологиялық көріністері (күлкісі, жылау, жөтелу, дем алу, қыңқылдау, т. б. ) .
Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің ырғақты-интонациялық жағын қарастырады (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс үнінің жоғарылығы, қаттылығы)
Такесикалық қарым-қатынас тәсілдері дегеніміз қарым-қатынас серігіне қол тигізу: қол алысу, арқасынан қағу, құшақтау, сүю т. б.

Мамандар қол алысудың үш түрін анықтайды
тең құқылы
Тең құқылы қол алысу (қатты, алақан түзу беріледі, еденге тіке) .
Қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін праксемика деген ғылыми аумақ зерттейді (ағылшынның proxiti - жақындық) .
Өктем етуші қол алысу (қол жоғары жақтан беріледі, алақанды төмен, әңгімелесушінің қолы кідіруі мүмкін) серіктестің өзі туралы ойы өте жоғары екендігі туралы айтады, өзара әрекеттесу кезінде оның мақсаттылық пен өктемдікке бел байлағандығы туралы айтады.
өктем етуші
елгезек (тіл алушы)
Елгезек қол алысу (қол солғын түрде төменнен, алақан жоғары беріледі) серіктестің өктемдігін мойындауға дайын тұрғандығын бейнелейді.

Тұлғааралық кеңістік зоналарға бөлінеді:
1. 0-45см «Интимдік дистация» өте жақын адамдар арасында болады ерлі зайыпты немесе бала мен ана. Бұл зонаға басқа адамдар кіруге қарсылық тудырады.
2. 45-120 см «Жекелік дистания» партнерлық қатынасты сипатайды. әлекметтік жағдайы біркелекі адамдардың сұхбатында қолданады.
3. Әлеуметтік зона (120-400 см) іскерлік қарым-қатынасты жүргізу үшін аз таныс адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған. Бастықпен оның қол астында жұмыс істейтіндермен қарым-қатынас жасағанда әлеуметтік зонаны пайдаланады. Түрлі кездесулер жасау үшін пайдаланылады.
4. Көпшілік зонасы (400 см, жоғары) үлкен аудиторияларда қарым-қатынас жасару үшін арналған. Қарым-қатынас серіктерінің бірінің коммуникативті арақашықтықты бұзуы қарым-қатынастың психологиялық жағдайының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Көшбасшы - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады. Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы - бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші.
Көшбасшының мақсаты - өзінің әдістері мен қабілеттерін табу және талдау, өз мүмкіншіліктерін анықтау, өзгеше әрекет етуді үйрену. Өз жеңісіңе сенуіңізге ешқандай негіз болмаса да, жеңіске жететініңізге сенгеніңіз жөн. Көшбасшылық - ең әуелі, өз бірегейлігіңді ұғыну.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz