Шынтақ суйегі
Презентация қосу
Қол және аяқ
қаңқалары.
Қол қаңқасы (кости
верхней конечности, ossa
membri superiores) иық
белдеуі мен қолдың еркін
қимылдайтын қол
сүйектерінен тұрады.
Иық белдеуіне бұғана
және жауырын сүектері
жатады, ал қолдың еркін
қимылдайтын сүйектеріне
қар сүйегі, білек сүйегі
және қол басы сүйектері
кіреді.
Бұғана сүйегі латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Төс сүйегімен және
жаурынның акромион өсіндісіне буындасады. Қол қаңқасын тұлғаға
біріктіретін сүйек. Акромион ұшы жауырынның акромион өсіндісімен
буындасады. Акрамиондық буындық бет жауырынның акрамион өсіндісімен
буындасатын беті. Трапеция тәрізді сызық бұғананың акрамион ұшының
төменгі бетінде, оған аттас байлама бекиді. Бұғанаасты бұлшық етінің
жүлгесі аттас байлам бекитін батыңқы. Төстік ұшы төс сүйегіне қараған.
Төстік буын беті төстің тұтқасымен буындасатын беті. Конус тәрізді өсінді
бұғананың акрамион ұшының төменгі бетінде аттас байлам бекиді. Денесі
бұғананың орталық бөлігі.
Вентральды Дорсальды
Жауырын (лопатка, clavicula) жалпақ сүйек, II- VII қабырғалардың тұсында, бұлшық
еттердің аралығында орналасқан. Пішіні үшбұрышты. Оның үш бұрышы, үш жиегі
және екі беті бар. Жоғарғы бұрышы, жоғарғы жиегі жұқалау, сыртқы бқлігінде тілігі
бар. Жауырын тілігі жоғарысынан жауырынның көлденең байламы тартылып тесік
пайда болады. Тесіктен жаурын үсті жүйкесі өтеді. Құстұмсық өсіндісі жауырынның
сыртында жоғары бағытталып, кейін иіледі. Буындық ойық жауырынның латериал
жиегінің сыртқы бетінде. Ойыққа тоқпан жіліктің шар тәрізді басы буындасады.
Тоқпан жілік (плечевая кость, os humerus) ұзын
жілік сүйек. Басы, жоғарғы және төменгі эпифизі,
денесі бар. Жоғарғы эпифизіндегі домалақ басы
жауырынның буын ойығына бірігеді. Төменгі ұшы
біліктің қатар жатқан шынтақ және шыбық
сүйегімен жалғасады. Тоқпан жіліктің басы шар
тәрізді домалақ. Жіліктің шар тәрізді басының
қатарында екі төмпешік бар. Алдыңғысы кішкене,
латералды, сырттағысы үлкен.
Жіліктің басы мен төмпешіктерінің аарасын
жіліктің «анатомиялық мойыны» деп атайды.
Жіліктің эпифизінің денесіне өтер жерінде тоқпан
жіліктің хирургиялық мойыны бар. Ол тоқпан
жіліктің ең осал жері, көбіне жілік осы жерден
сынады.
Тоқпан жіліктің төменгі ұшы қырлы, күрделі
құрылыстағы айдаршықтары бар. Тоқпан жіліктің
шығыршығы және оның сыртқы жағында шар
тәрізді тоқпан жілік айдаршығының басы бар.
Олардың жоғарғы алдында білек сүйектері келіп
бірігетін шұңқыр: алдыңғы тәждік, артқысы
шынтақ шұңқыры.
Білек сүектері ( кости предплечья) қатар жатқан
екі сүйек, шынтақ (кәрі жілік) пен шыбықтан
тұрады.
Шынтақ сүйегі (локтевая кость, ulna) білектің
ішкі жағында, қолдың шынтақ яғни 5 саусақтың
тұсында. Терінің сыртынан сипағанда оның қыры
білінеді. Оның диафизі, қыры, екі ұшы(эпифиз)
бар. Сүйектің денесі үш қырлы. Жіліктің жоғарғы,
яғни проксимальды ұшында екі өсіндісі бар.
Олар: алдыңғы тәждік, артқысы үлкенірек
шынтақтық өсінді. Екі өсіндінің арасында
шығыршықтық тілік бар. Шынтақ өсіндісі
сүйектің проксимальды шетінде, шығыршықты
тіліктің артында орналасқан, қардың үш басты
бұлшық еті бекиді. Ол шынтақ сүйектің
проксимальды бетінде, тоқпан жіліктің
шығыршығымен бірігеді. Тәждік өсіндінің
бүйірінде шыбықтық тілікке шыбықтың буындық
айналмасы бекиді. Тәждік өсіндіден төменде,
жіліктің денесінің алдыңғы бетіндегі дөңес
шынтақ жілік бұдырмағы деп аталады.
Бұдырмаққа иық бұлшық еті бекиді.
Шыбық сүйегі (лучевая кость, radius) білектің екі
сүйегінің бірігуі. Шынтақ сүйегіне қарағанда
латеральды және алдында орналасқан. Жоғарғы
ұшы дөңгеленіп, жіліктің басы пайда болады.
Басы шынтақ жіліктің айдаршығына
сәйкестеніп, сәл иіліңкіреген. Шыбық сүйегінің
басында шынтақ жіліктің шыбықтық ойығымен
тұтасатын буындық айналмасы бар.
Айналма шынтақ сүйегінің шыбық тілігіне кіріп
тұрады. Шыбық басының денесіне өтетін жері
сүйектің мойыны деп аталады. Жіліктің
алдыңғы медиалды бетінде, басынан 2 см-дей
төменде шыбық бұдырмағы орналасқан. Оған
иықтың екі басты бұлшық етініңі сіңірі бекиді.
Денесі үш бұрышты, үш жиегі бар. Оның
алдыңғы, артқы және латеральды беттері бар.
Сүйектің төменгі ұшы қалыңдау, оның медиалді
бетінде шыбықты шынтақ жілікпен тұтастыратын
шынтақ тілігі бар.
Шыбық сүйегінің екі ұшында, оның денесінде
сіңір мен бұлшық ет келіп бекитін төмпешіктер
мен бұдырмақтар бар.
Қол басының сүйектері үш бөлімнен тұрады.
Олар: екі қатар орналасқан білезіктің ұсақ
сүйектері, бес қысқа түтікше алақан сүйектері
және саусақ сүйектері.
Білезіктің ұсақ сүйектері (кости запястья)
екі қатар орналасқан сегіз майда сүйек. Төртеуі:
бұршақ тәрізді, үш қырлы, жарты ай тәрізді
және қайықша сүйектер шынтақ сүйегіне жақын
жатыр. Бұршақ тәріздес сүйектен басқа үш
сүйек шынтақ сүйегімен буындасып, эллипс
тәрізді буын беті пайда болады. Саусақ
жағындағы 4 майда сүйек: қармақ тәрізді, көп
басты, трапеция тәрізді, трапециялық сүйек.
Алақан сүйектері (пястные кости,ossa Саусақ сүйектері (кости пальцев, ossa
metacarpi) қатар түзілген бес қысқа digitorum) фаланг деп аталатын 5 қысқа
сүйектен тұрады. Сүйектердің сүйектен тұрады. Әрбір саусақ
әрқайсысының білезік сүйектеріне сүйектерінің проксималь, ортаңғы және
қараған жуан ұшы, денесі және домалақ дисталь деп аталатын майда сүйегі бар.
дистальді ұшы бар. Жуан ұшы буын Тек үлкен бармақта ғана екі сүйек
арқылы білезік сүйктерімен, домалақ болады, ортаңғы сүйегі жок. Майда
ұшы саусақ сүйектерімен буындасады. сүйектерінің басы, денесі, ұшы бар.
Аяқ сүйектері жамбас белдеуі мен
аяқтың еркін қозғалатын
сүйектерінен тұрады.
Жамбас белдеуінің сүйектеріне:
шат, мыкын,отырықшы сүйектер.
Еркін қозғалатын сүйектерге:сан,
балтыр, аяқ басы сүйектер жатады.
Адам 14-16 жасқа келгенде мықын,
шат, отырықшы сүйектері тұтас бір
жамбас сүйегіне айналады.
Сүйектердің қосылған жерінде
ұршық ойығы пайда болады.
Ойықтың ішінде жарты ай тәріздес
беті, оның ішінде буын шұңқыры
бар. Бұл шұңқырға сіңір арқылы сан
сүйегінің басы бекиді.
Сыртқы беті Ішкі беті
Жамбас белдеуінің сүйектеріне: шат, мыкын,отырықшы сүйектер.
Мықын сүйегі (подвздошная кость,os ilium) оның жуан бөлігі “денесі”, ал
жалпақтанып жайылған бөлігі “қанаты” деп аталады. Қанатының ішкі бетінде
шұңқыр пайда болады. Қанатының жоғарғы жағы кеңейген мықын сүйегінің қыры.
Мықын қырының ішкі, сыртқы ернеулері және аралық сызығы мен мықын
төмпешігі бар. Қырдың алдында жоғарғы және төменгі қыр қылқандары бар. Мықын
қырының артында жоғарғы және төменгі қыр қылқандары көрінеді. Мықын
сүйегінің артқы жағында құлақ тәрізді беті бар. Ол сегізкөз жамбастық бет арқылы
сегізкөз отмыртқаларымен буындасады.
Сыртқы беті Ішкі беті
Шонданай немесе отырықшы (седалищная Қасаға немесе шат сүйегі (лобковая
кость, os ischii ) сүйектің жуан денесі мен кость, os pubis ) денесінен жоғарғы,
тармақтары бар. Тармақтардың жуандау төменгі қанаттарынан және
“төмпесі” деп аталады. Төмпеден жоғары жапқыш тесігінен тұрады.
және артқа қарай шонданай қылқаны Шатпен отырыұшы сүйектен
басталады. Отырықшы сүйек қылқанының жапқыш тесігі пайда болады. Оң
жоғарғы жағында-қырмен мықын сүйегінің және сол жақтағы шат сүйектері
аралығында үлкен отырықшы тілігі бар. симфиздік бетәндегі шат байламы
Отырықшы төмпешік пен оның қылқанының арқылы қосылып, жамбас астауын
аралығында - кіші отырықшы тілігі жатыр. тұйықтайды.
Жамбас астауы (таз,pelvis) сегізкөз құйымшақ омыртқаларының тұйықталып
қосылуынан пойда болады. Жамбас астауы кіші және үлкен болып бөлінеді. Оларды
бекітіп тұратын шекаралық сызық омыртқа мүйісінеен басталып, мықын сүйектерінің
доға тәрізді сызығымен, шат сүйектерінің тармақтарымен, шат байламының жоғарғы
жағымен өтеді.
Жамбастың үлкен астауы мықын сүйектерінің жайылған қанаттарынан пайда болады.
Жамбастың кіші астауы сегізкөз бен құйымшақтың астау беттерінен және отырықшы,
шат сүйектерінен ұүралған. Кіші астаудың жоғарғы және төменгі апертуралары,
қуысы болады. Кіші астауда – несеп қуығы, тік ішек, ішкі жыныс мүшелерін
орналасқан.
Сан сүйегі ( бедренная кость,femoris ) денедегі ең ұзын
тұтікше сүйек. Оның жоғарғы, төменгі эпифизі, денесі бар.
Проксималь эпифизінде домалақ басы мен жіңішке мойны
болады. Жіліктің басы жамбас сүйегінің ұршық ойығына
кіріп, сіңір арқылы бекіген. Сүйектің денесі мен
мойнының аралығында үлкен және кіші ұршық
төмпешіктер жатыр. Тқмпешіктер бір-бірімен ұршық
аралық сызық арқылы біріккен. Одан ұршық аралық қыр
пайда болады, бұған бұлшық ет жабысады. Сан сүйегінің
денесініің алдыңғы жіне бүйір беті тегіс, ал артында
қалыңдаған екі медиальді және латеральд еріндері бар.
Сан суйегінің эпифизі жуан, онда медиальді және
латеральді айдаршықтар бар. Олар бір –бірімен айдаршық
аралық шұңқырмен бөлінген. Айдаршықтардың үстінде
медиальді және латеральді айдаршық үсті орналасқан. Сан
суйегінің айдаршықтары, балтырдың үлкен жілігі және тізе
тобығы бір буынға бірігеді.
Балтыр сүйектері (голень, crus) екі жілік
сүйектен тұрады: балтырдың үлкен жілігі,
кіші жілігі. Үлкен жілік балтырдың ішкі
жағында орналасқан.
Балтырдың үлкен жілігі (асық жілік,
большеберцовая, tibia) жоғарғы эпифизі
жуанлаған медиальді және латеральді
айдаршықтар және айдаршық үсті бар.
Айдаршық үсті тегіс, бұған са нсуйегінің
айдаршықтары жанасады. Асық жіліктің
латеральді айдаршығының төменгі жағында
балтырдың кіші жілігінің басы келіп
бірігетін ойық бар.
Балтырдың улкен жілігінің денесі уш қырлы,
сондықтан оның 3 жиегі , 3 беті бар. Жіліктің
латеральді қыры қабыршақ арқылы
балтырдың кіші жілігімен бірігеді.
Балтырдың кіші жілігі немесе шыбық сүйегі
үлкен балтыр суйегінің сыртқы жағында
орналасқан. Суйектің жоғарғы эпифизі
жуандаған, онда асық жілікке жанасатын бет
бар.
Аяқ басы сүйектері (кости стопы) 3
топқа бөлінеді:
1.Тілерсек сүйектері(кости
предплюсны, ossa tarsi )
2.Табан суйектері(плюсневые кости,
ossa metatarsi)
3.Бақай сүйектері(фаланги, ossa
digitorum)
Тілерсек сүйектері –майда сүйектер.
Олар: өкше, текше,қайықша, 3-еуі
сына, асық суйеектері.
Табан сүйектері қатар орналасқан, 5
түтікше сүйектерден тұрады.
Олардың басы бақайшық суйектеріне
буындасады. Бақай сүйектері қолдың
саусақтарындай үш суйектен тұрады.
Олар проксимальді, ортанғы және
дистальді. Тек улкен башпайда ғана
проксимальды және дистальды
суйектер болады.
Омыртқа бағанының
бөлімдерін ата.
Жауабы
Омыртқа жотасы 5 бөлімнен
тұрады.
Олар: Мойын, кеуде, бел
омыртқалары, сегізкөз және
құйымшақ.
Қол басының сүйектерінің
бөлімдерін ата.
Жауабы
Қол басының сүйектері 3 бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар
орналасқан білезіктің ұсақ сүйектері, бес қысқа түтікше алақан
сүйектері және саусақ сүйектері.
Қаңқа бөліктерін айтып бер.
Жауабы
Қаңқа 4 бөліктен
тұрады:
1. Тұлға сүйектері
2.Бас қаңқасы
3. Қол қаңкасы
4. Аяқ қаңқасы
Сүйектерді атап шық.
Жауабы
Бұғана
Жауырын
Тоқпан жілік
Шынтақ суйегі
Шыбық суйегі
Білезік суйектері
Алақан суйектері
Саусақ суектері
Аяқ қаңқасының
суйектерін ата.
Жауабы
Қазақша Орысша Латынша
Бұғана Ключица Clavicula
Қол басы суйектері Кости запястья Ossa carpi
Жауырын Лопатка Scapula
Алақан суйектері Пястные кости Ossa metacarpi
Иық өсіндісі Акромион Acromion
Тоқпан жілік Плечевая кость Humerus
Шынтак суйектері Локтевая кость Ulna
Қазақша Орысша Латынша
Мықын суйегі Подвздошная кость Оs ilium
Отырықшы суйек Седалищная кость Оs ischii
Қасаға, шат суйегі Лобковая кость Оs pubis
Тізе тобығы Надколенник Рatella
Жамбас астауы Таз Pelvis
Сан суйегі Бедренная кость Os femoris
Балтыр суйегі Голень Crus
1.Тоқпан жілік ұзын жілік сүйек.
2. Иық белдеуіне бұғана және жауырын сүектері жатады.
3. Сан сүйегі денедегі ең қысқа тұтікше сүйек.
4.Жауырын жалпақ сүйек, I- VI қабырғалардың тұсында.
5. Рelvis жамбас астауы.
6. Саусақ жағындағы 4 майда сүйек: қармақ тәрізді, үш қырлы,
трапеция тәрізді, трапециялық сүйек.
7. Большеберцовая кость-тоқпан жілік.
8. Үлкен жілік балтырдың ішкі жағында орналасқан.
1.Тоқпан жілік ұзын жілік сүйек. Ия
2. Иық белдеуіне бұғана және жауырын сүектері жатады. Ия
3. Сан сүйегі денедегі ең қысқа тұтікше сүйек. Жоқ
4.Жауырын жалпақ сүйек, I- VI қабырғалардың тұсында. Жоқ
5. Рelvis жамбас астауы. Ия
6. Саусақ жағындағы 4 майда сүйек: қармақ тәрізді, үш қырлы, Жоқ
трапеция тәрізді, трапециялық сүйек.
7. Большеберцовая кость-тоқпан жілік. Жоқ
8. Үлкен жілік балтырдың ішкі жағында орналасқан. Ия
1
М А Ң Д А Й
М Ұ Р Ы Н
С А М А Й
Т А Ң Д А Й
Т Ү Р І К Е Р Т О Қ Ы М Ы
М Ы Қ Ы Н
М И С А У Ы Т
О С Т Е О Л О Г И Я
1.Қабыршықтан, жұп көзұялық және мұрын бөліктерінен
құралған суйекті ата.
2.Төртбұрышты сүйек, одан мұрынның қыры пайда болады.
3.Ми сауыты сүйектерінің ішіндегі ең күрделі сүйекті ата.
4. Os palatinum- бұл қай сүйек?
5.Сына тәрізді сүйек денесінің жоғарғы бетінде иілген сүйек.
6.Қазақ тіліне аударғанда Os ilium қай сүйек?
7.Бас қаңқасы бет сүйектері және ________ тұрады.
8. Сүйектер туралы ілім.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz