Көлденең және қума толқындар
Презентация қосу
Көлденең және қума толқындар.
Толқындардың интерференциясы,
дифракциясы. Әр түрлі ортадағы
дыбыстын таралу жылдамдығы.
Тербелістердің серпімді ортаның бір
бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу
процесі механикалық толқын деп аталады.
Пайда болу табиғатына қарай толқындар
механикалық және электромагниттік болып
бөлінеді.
Сол ортадағы нүктенің тербеліс бағытына
қатысты және толқынның таралу бағытына
байланысты толқындар көлденең және
бойлық (қума) толқындар деп екіге бөлінеді
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр
бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп айтады.
Көлденең толқындар бір қабаттың екінші қабатқа қатысты ығысуы
кезінде пайда болатын серпімділік күштері әрекетінен ғана
туындайды. Мұндай қасиет тек қатты денелерге ғана тән. Сұйықтар
мен газдарда олардың аққыштығы салдарынан қабаттардың ығысуы
кезінде серпімділік күштері пайда болмайды.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын
толқынды бойлық толқын деп атайды. Ортаның бөлшектерінің тербеліс
бағыты толқындардың таралу бағытына сәйкес келсе толқындар
бойлық деп аталады. Бойлық толқындар қатты, сұйық және газ тәрізді
денелерде таралады. Біз әр түрлі механикалық толқындарды
байқаймыз. Олар дыбыс толқындары, ультрадыбыс, инфрадыбыс
(ауаның серпімділігінен пайда болады), су бетіндегі толқындар
(ауырлық күші, беттік керілу күші әрекетінен пайда болады) мен жер
қабаттарының тербелісін туғызатын сейсмикалық толқындар.
Көлденең толқындардан басқа толқынның таралу бағытында тербелуі
кезінде бойлық толқындар да болады.
Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты
күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде
таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында –
адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен
субъективті түрде қабылданатын құбылыс.
Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты ести
алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына
естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды.
Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп,
20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп
аталады. Ал 109 Гц-тен 1012 – 1013 Гц-ке дейінгі ең
жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа
жатады.
Жаңғырық — қандай да бір
кедергіден шағылған және
бастапқы таралған орнына қайта
оралған дыбыс толқындары.
Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс
толқындары инфрадыбыстар, ал 20 000 Гц-тен
жоғарысы ультрадыбыстар деп аталады.
Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды,
бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне
әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік
аралығында инфрадыбыстар бауырдың,
асқазанның, көкбауырдың тербеліс
амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында
ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде
құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың
адам организміне кері әсері болғандықтан, олар
техникада кеңінен қолданыс таппаған.
Дыбыс қаттылығы (Громкость звука) — дыбыс әсерін әр адам
организмінің өзінше қабылдауы. Оны фонмен өлшейді. Бірдей
белсенділік жағдайда дыбыстың ең күштілігі 700-6000 Гц жиілік
аралығында болады.
Дыбыстық қысым (Звуковое давление) — толқындар жоқ кездегі
қысыммен салыстырғандағы толқындар таралған ортадағы
қысымның өлшемі. Децибелмен өлшенеді.
Дыбыс өткізбеу (Звукоизоляция) - ауада таралған әр түрлі бөтен
шулардан сақтау. Таралған шу адам өміріне көптеген технологиялық
әсер тигізіп, олардың агрессивтілігін көтеріп, әлеуметтік
денсаулығын нашарлатады. Сондықтан Дыбыс өткізбеу деңгейі
мөлшерлі дыбыстан артық болмауы тиіс.
Дыбыстық ақпарат (Звуковая информация) — дыбыс толқындарын
қабылдау арқылы организмнің қоршаған орта туралы мәлімет алуы.
Адам өзін қоршаған орта туралы барлык ақпаратының 7%-ын есту
арқылы алады.
Дыбыстың күштілігі - берілген дыбыстан есту түйсігін сипаттайтын
және оның қарқандылығы мен жиілігіне. Сонымен бірге тербелу
түріне тәуелді болатын мөлшер.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz