Қабілет және темперамент


Slide 1

Қабілет және темперамент

Slide 2

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз- мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс әрекетке ұымдасқан түрде бейімделуі және нәтижелі атқаруы. Адамның қандай да болмасын, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынандай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады.

Slide 3

Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды.

Slide 4

Темперамент тұлғаның бойындағы мәнді қасиеттердің бірі болып табылады. Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшеліктердің болуын, оның ішінде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштілігін, сонымен қатар басқа да динамикалық спиттамаларды анықтайтын қасиет.

Slide 5

Гиппократ

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гипократтың (б. э. д. 460-356) еібектерінде бұл жөнінде бірах пікірлер айтылған. Гипократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарларлың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқыемпераментлдық беретін қара өт (талақ) . Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тіліңде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйык заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса (грекше «мелай-нехоле» - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.

Slide 6

Клавдий Гален

Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық негұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау - сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Slide 7

Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кен өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.

Slide 8

ұстамсыз тип

баяу қозғалатын тип

ширақ типтер

И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің 3 белгісі

Ұстамсыз тип - жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип.

Козу мен тежелу бір-біріне тен, бірақ алмасуы сараң. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады.

Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады.

Slide 9

Темперамент типтері

Холерик

Меланхолик

Сангвиник

Флегматик

Slide 10

Сангвиник

Флегматик

Ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көнілді, басшылыққа, жетекшілікке кұштар. Жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимл. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика-пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады.

Ол өте сақ, ұян, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды.

Slide 11

Холерик

Меланхолик


Ұқсас жұмыстар
Темперамент мінез және қабілет
Сыртқы функция Ішкі функциялар
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ЖАЙЛЫ
Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет
Темперамент түрлері мен мінез - құлықтың психологиялық құрылымы
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМ- ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ
Қабілеттің түрлері
Психикалық құбылыстардың түрлері
ТҰЛҒАЛЫҚ РЕСУРСТАР ТҰЛҒАЛЫҚ
ПРЕЗЕНТАЦИ ПСИХОЛОГ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz