Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі - кәсіби маңызды қасиет




Презентация қосу
МЕДИЦИНА
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
КОММУНИКАТИВТІ
БІЛГЕРЛІГІ
Медицина қызметкерінің
коммуникативті білгерлігі-
кәсіби маңызды қасиет.
Мамандығына байланысты
медициналық қызметкер үнемі
және тығыз, қарқынды қарым-
қатынас жасауға мәжбүр болады:
науқастармен және олардың
туыстарымен, жақындарымен,
басқадай медициналық
қызметкерлерімен
(дәрігер, әріптестері,
мейірбикелер, кіші мейірбикелер,
мекеме әкімшілігімен т.б).
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз-медицина қызметкерлерінің
басқа адамдармен коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-
қатынас жасау қабілеті. Медицина қызметкерінің емдеу шараларының дәлдігі мен
дұрыстығына күдікті болмаған және медициналық қызметкерге толық сенім білдірген
жағдайда ғана науқас қажетті процедураларды сеніммен өтеді.
Қазіргі заманға сай ақылы медицина жағдайында пациент тапсырыс беруші ретінде,
яғни медициналық қызметкердің көрсеткен қызметі үшін ақы төлеуіне байланысты,
олардың арасында психологиялық қатынас өте күрделі және маңызды. Бұндай
жағдайда пациент маманның кәсіптік білгерлігімен қатар, оның адамгершілік және
жеке тұлғалық қасиеттерінен хабардар болады: қадірлігі мен сенім білдіруі, назар
аударуымен ілтипаттылығы, өзіне қарай адамды бейімдеуі, қатынасуға ынталануы,
ұқыптылығы мен қайырымдылығы. Кейбір ауру адамдар, медициналық қызметкердің
психологиялық қасиеттерін, оның кәсіптік біліктілігі мен біліміне де жоғары мән
береді.
Коммуникативтік потенциал - бұл медициналық қызметкердің мүмкіндігі
туралы сипаттама, ол оның қатынасының сапасын білдіреді. Қарым – қатынаста
медициналық қызметкердің компеттентілігі екі құрама бөліктен тұрады: тұлғаның
коммуникативтік қасиеті - қарым-қатынасқа қажеттілігін сипаттайды,
сұхбаттасуға және коммуникация жасауға қабілеттілігі – науқаспен сұхбаттасу,
жанасу кезінде жағдайды өз қолында ұстай білу қасиеті, белсенділікті көрсете
білу қабілеттілігі, науқас жағдайына эмоционалды көмектесе алуы, өзінің
алдындағы жекеше іс-әрекетінің бағдарламасын орындай білуі.

Коммуникативтік қабілеттілік - медициналық қызметкер мен
науқастың сұхбаттасуы кезінде байқалады.
Медициналық қызметкердің негізгі коммуникативтік шеберлігі
келесі түрде болады:

-тұлға аралық коммуникацияға шеберлік
-бір-бірін қабылдауға және түсінуге шеберлік
-тұлға аралық әсер ету шеберлігі
-науқастың психологиялық қорғанысын және жасырын себептерін
анықтай алу шеберлігі
-науқастың эмоционалды жағдайын түсіне алу шеберлігі
Медицина қызметкерінің тұлға аралық коммуникативтік
шеберлігін келесілер қарастырады:

- мәліметті бере алу шеберлігі
- мәліметті беру кезінде вербальды және вербальды емес тәсілдерді қолдана
білу шеберлігі
- науқасты белсенді тыңдай алу шеберлігі
Осыған байланысты медициналық қызметкердің коммуникативтік
қабілеті келесілерді қамтиды:

- таныс емес адамдармен қатынасқа түсе алу шеберлігі
- пайда болған түсініспеушіліктерді уақытында шешу және алдын-алу шеберлігі
- өзін басқа адамға түсінікті болатындай етіп, ұстай алу шеберлігі
- басқа адамның өз қылықтары және сезімдерін көрсете алуына мүмкіндік беру
шеберлігі.
Медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттерінің жүйесі
ретінде коммуникативтік мәдениетіне жататындар :

- шығармашылықты түрде ойлай білу
- сөз сөйлеуінің әсер ету мәдениеті
- қимыл және пластикалық қозғалыс мәдениеті
- науқастың коммуникативті іс әрекетін қабылдау мәдениеті
- эмоционалдық мәдениеті
Коммуникативтік білгерліктің құрылуының негізінде медициналық
қызметкер тұлғасының келесі психологиялық сипаттамасы жатады:
барлық адамдармен бірге болу ынтасы, бір әлеуметтік топқа жатуы,
қоршаған ортамен жақсы көңіл –күйде әрекет жасауы, тұлға аралық
қатынасқа кіруі. Арада түсініспеушілік туғанда және араласудың өршігуі
кезінде бейбіт жағдайды қалыптастырып, әр жақты тыныштандыру,
оқиғаға дұрыс және дәл баға беру.
Аффилиация

Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен
әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация
дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация-сенім және жақындасу сезімі, ал
сырттан –көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар
арасында болуға тырысу. Медициналық қызметкер жұмыс бабы бойынша үнемі
және тығыз түрлі әлеуметтік жанасуда болады. Осы себептен аффилиация қасиеті
медициналық қызметкерге науқастармен мамандық тұрғысынан қатынас құруға,
оларға жәрдем беріп, бірге әрекеттесуге көмектеседі, мамандық бұзылыстарынан
(деформациялардан) сақтандырып, қорғайды.
Эмоционалды тұрақтылық

Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық сипаттама - бұл
көңіл-күйдің тұрақтылығы (эмоционалды тұрақтылық) - медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі
күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау. Эмоционалды тұрақтылық, медициналық қызметкер
аурулармен қарым-қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен сақтайды. Күшті эмоциялық реакциялар
науқастың сенімін жоққа шығаруымен қатар, оны қорқытып, сескендіреді, шаршатады. Керісінше,
медициналық қызметкердің көңіл–күйінің тұрақты болуы, оның қайырымдылығы, эмоциялық ұстамдылығы
пациенттің үмітін асырып, сенімділік бағытта қарым-қатынас құруға ықпал етеді. Науқастанған адамның
қобалжуына байланысты, эмоциялық тұрақсыздығының өсуі салдарынан тітіркеніш, жыламсырағыш,
шыдамсыз және агрессивті болады. Сондықтан ауру адамдар медициналық қызметкердің сенімділігін
туғызатын психологиялық тұрақтылығын қажет етеді.
Идентификация

Идентификация- ұғыну үшін өзін басқа адамның орнына қою арқылы өзін-өзі
сезініп, түсіну, өз мінездемесіне басқа адамды сәйкестендіру арқылы, оның ой-
пиғылын түсініп тануы, яғни басқа адамды өзімен салыстыру.
Сонымен, идентификация дегеніміз - қатынасушы адамды, яғни науқасты
медициналық қызметкер өзімен салыстыра келе, оны түсініп, тану.
Рефлексия

Катынасушы медициналық қызметкерде «науқас мені қандай түрде сезініп таниды,
түсінеді»-деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін
қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір
жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне
байланысты, олардың іс әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір-біріне
көрсеткен мінез-құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды.
Эмпатия

Эмпатия-науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз
басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың
қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын
сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл-тиісті дәрежеде медициналық қызметкер-
науқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия
ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі
сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.
Сенситивтілік

Қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы, емдеу кезінде
пациенттердің теріс қатынасын бақылап, медициналық қызметкер өз тәртібін тиісті
өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен қатынасты дұрыстайды. Сонымен қатар,
сенситивтілікті жоғары сатыларына жеткізуге де болмайды, себебі ол медициналық
қызметкердің өз-өзіне көзқарасы мен өзін бағалауын төмендетеді, оның
аффилиативтік қабілетіне кедергі жасайды. Бұл – медициналық қызметкер
жұмысының сапасына да әсер етуі мүмкін. Ол медициналық қызметкерге де
психикалық әсер етеді, эмоциялық бұзылысқа әкеп соғуы мүмкін.
Кәсіптік бейімделу (кәсіби адаптация). Жас маманға кәсіптік әрекетке
үйренуі біршама уақыт алады. Бұл уақыт бойы ол өзін жаңа әлеуметтік ролінде
сенімді сезініп, жекеше мамандық имиджін құрастырып және жұмыс
жағдайында әрекеттенуге алгоритм дағдыларын жинастырады. Өзіндік жұмыс
атқарудың бастапқы кезінде, жас маман өзіне сенімсіз болуына байланысты,
күрделі және жауапты жағдайларда, ол тәжірибелі маманға бет ұстайды. Ол
ақпарат жинастыра, мамандық дағдыларын машықтандырумен қатар, жас
әріптестермен араласып, өзіне эмоциялық қолдау алады.Үйренудің нәтижесінде
ол өз білімін, біліктілігін және дағдыларын жетілдіреді.
Медициналық қызметкердің кәсіптік беделі-медициналық қызметкердің
бейімділігін құрастыратын компонент. Оның мағыналы элементтері-
медициналық қызметкердің сенімділік білдіретін тәртібі. Түрлі төтенше, қауіпті
ситуациялар туса да, медициналық қызметкер абыржығанын, қобалжығанын
науқасқа сездірмеуі тиіс. Медициналық қызметкер өзін сенімді түрде ұстауы,
науқас алдында оның коммуникативтік білгерлігін, ситуацияны бақылай алатын
қабілетін көрсетіп, науқасқа сенім беріп, бұл жағдайдың сәтті аяқталуына
күмәнсіздігін тудырады.
10 30 50

10 30 50

10 30 50
Коммуникативті білгерлікке
түсініктеме беріңіз.

Жауабы
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз-
медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және
оның жақындарымен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші
мейірбекелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана
білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті.
Медицина қызметкерінің коммуникативті
білгерлігін қалыптастыратын психологиялық
сипаттамаларды атаңыз.

Жауабы
Коммуникативтік білгерліктің құрылуының негізінде
медициналық қызметкер тұлғасының келесі психологиялық
сипаттамасы жатады: барлық адамдармен бірге болу ынтасы,
бір әлеуметтік топқа жатуы, қоршаған ортамен жақсы көңіл-
күйде әрекет жасауы, тұлға аралық қатынасқа кіруі.
Аффилиация түсінігіне
сипаттама беріңіз.

Жауабы
Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға
ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа
адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі
жағынан аффилиация – сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан –
көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі
адамдар арасында болуға тырысу. Медициналық қызметкер жұмыс
бабы бойынша үнемі және тығыз түрлі әлеуметтік жанаусда болады.
Эмоционалды тұрақтылық
түсінігіне сипаттама беріңіз.

Жауабы
Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз
ететін келесі психологиялық сипаттама – бұл көңіл- күйдің
тұрақтылығы (эмоционалды тұрақтылық)- медицина қызметкерінің
салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін
сақтап, бақылау. Эмоционалды тұрақтылық, медициналық қызметкер
аурулармен қарым – қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен
сақтайды.
Эмпатия түсінігі бұл?

Жауабы#11
. Слайд 11
Науқастың уайымын эмоционалды түрде
медициналық қызметкер өз басынан өткізгендей
сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы,
науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан
қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі
(«мен сенімен біргемін»).
Сенситивтілік түсі

Жауабы
Сенситивтілік (сезімталдық)- қоршаған адамдардың теріс
көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы: емдеу кезінде
пациенттердің теріс қатынасын бақылап, медициналық
қызметкер өз тәртібін тиісті өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен
қатынасты дұрыстайды.
Рефлексия түсінігіне
сипаттама бер.

Жауабы
Рефлексия – қатынасушы медициналық
қызметкерде «науқас мені қандай түрде
сезініп таниды, түсінеді» деген ой тууы.
Жас маманның кәсіби бейімделуі

Жас маманның
кәсіби бейімделуі жайлы баяндап
беріңіз.

Жауабы
Жас маманға кәсіптік әрекетке үйренуі біршама уақыт алады.
Бұл уақыт бойы ол өзін жаңа әлеуметтік рөлінде сенімді сезініп,
жекеше мамандық имиджін құрасытырып және жұмыс
жағдайында әрекеттенуге алгоритм дағдыларын жинастырады.
Өзіндік жұмыс атқарудың бастапқы кезінде, жас маман өзіне
сенмісіз болуына байланысты, күрделі және жауапты
жағдайларда, ол тәжірибелі маманға бет ұстайды. Ол ақпарат
жинастыра, мамандық дағдыларын машықтандырумен қатар,
жас әріптестермен араласып, өзіне эмоциялық қолдау алады.
Үйренудің нәтижесінде ол өз білімін, біліктілігін және
дағдыларын жетлдіреді.
Кәсіби иминдж түсініктемесі

Жауабы
Кәсіби имидж - белгілі бір мамандық иелері лайық болатын
кәсіптік сапа. Кәсіби имиджге барлық мамандық иелері лайық
болады. Мысалы: мұғалім, дәрігер, инженер т.б.. Кәсіби
имидждің құрылуы, кәсіби маман бейнесінің жасалатындығына
тікелей байланысты болады.

Ұқсас жұмыстар
Дәрігердің беделі оның кәсіби қызметіндегі мәні. Пациенттің сенімі
Дәрігерлік этика
Гиппократ анты
Науқаспен қарым - қатынас жасау ережелерін сақтау
Медицина қызметкерлерге қойылатын талаптар
Ұйымдағы қақтығыс және оның табиғаты
ДӘРІГЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛГЕРЛІГІ (КОМПЕТЕНТТІЛІГІ) ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР
НАУҚАСТАР ОЛАРДЫҢ ТУЫСҚАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ТҮРЛІ МАМАНДАРМЕН ТИІМДІ ҚАТЫНАСУДЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ
ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА КОММУНИКАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ
Адвокаттың соттық сөйлеуі
Пәндер