МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


Slide 1

ТАҚЫРЫБЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. ЕМДЕЛУШІНІ СҰРАУ.

Slide 2

Сауалнама - медицинадағы ең қарапайым процедуралардың бірі болып саналады. Ең басты мақсат клиникалық маңызы бар мағлұматтармен алмасу, медицина қызметкері мен науқас арасында одақ құру. Медицина қызметкерлері медициналық қарау кезінде пациенттің эмоциональды жағдайын білу үшін жол табуға ұмтылады.

Slide 3

Интервью - ауызша сөйлесу нәтижесінде ақпарат алудың амалы. Интервью байқау әдісі секілді ертеден келе жатқан әдіс.

Интервью 2 түрлі мағлұматтар береді. Біріншіден, науқастың сөйлеу мәнерін, жүріс-тұрысын, мимикаларын, бейтаныс адамдармен қатынасын байқауға болады. Екіншіден, интервью кезінде науқастың өмірі жайлы мағлұматтар алуға болады.

Slide 4

Интервью құрылу дәрежесіне қарай

Стандарттан-дырылған немесе формальды интервью

Жартылай стандарттандыр-ылмаған немесе фокустелген

Стандарттан-дырылмаған немесе бос интервью

Бұл интервьюде сұрақтардың құрылуы және олардың нәтижесі алдын ала анықталады.

Мұндай интервьюді жасаған кезде медициналық қызметкер стандарттарға негіздей отырып, басқа да керек сұрақтар қоя алады.

Мұндай интервьюде медициналық қызметкер жалпы жоспарға сүйене отырып, жағдайға байланысты сұрақтар қояды.

Slide 5

Интервью зерттеу дәрежесіне қарай

Алдын ала жүргізілетін интервью

Қадағалау интервью

Негізгі интервью

Жағымды зерттеулер кезінде қолданылады

Күдікті нәтижелерді тексерген кезде қолданылады

Негізгі мәлімет жинау кезеңінде қолданылады

Қатысушылар санына қарай

Индивидуаль-ды интервью

Топталған

Бұл интервьюде медициналық қызметкер мен науқас қана қатысады.

Екі адамнан көп тұлғалар қатысады.

Slide 6

Интервьюдің негізгі фазалары

Slide 7

Сұхбаттасудың функциялары:

●Диагностикалық ●Терапевтік Олар бірге параллельді түрде жүзеге асуы керек, себебі тек үйлесу жағдайында ғана медициналық мақсатына жетеді.

Сұхбаттың принциптеріне келесілер жатады:

●қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы дәл, ашық, сәйкес және түсінікті болуы; ●бірізділік және адекватты (логикаға сәйкес), біркелкі болуы; ●алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.

Slide 8 Slide 9

Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасы

ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледж»

КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» Управления здравоохранения города Алматы

ТАҚЫРЫБЫ: НАУҚАС ПСИХИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ДЕРТТІҢ ІШКІ БЕЙНЕСІ.

Орындаған: Садыкова Мадина Каиргельдыевна Тексерген: Илиясова Асельхан Адамбеккызы

Slide 10

Ең алдымен, науқас өз сырқатын субъективті бағалауы маңызды рөль атқарады. Науқастың өз ауруына субъективті қатынасын «аурудың ішкі бейнесі» немесе «дерттің ішкі бейнесі» деп аталады. Науқаста өз дертінің ішкі көрінісі ауырлық және жағымсыз сезімнің пайда болу механизміне, оның болашақтағы дамуына, дерті туралы уайымдауына қарай және эмоциональдық әсері нәтижесінде қалыптасады. Дерттің объективті ауырлығы қандайда бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден-бір фактор болып табылады. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Олар екі топқа бөледі:

Slide 11

Жекеше-конститутционалдық факторларға келесілер жатады: ●жынысы ●жасы ●мамандығы

Индивидуальді психологиялық факторлар: ● темперамент қасиеттеріне ● мінезінің ерекшеліктеріне

Slide 12

Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуынв әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Батыс елдердегі көзқарас бойынша босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде ауырсыну сезіміне төзу қабілеті табиғи қалыптасқан. Ер адам әйел адамдарға қарағанда эмоционалдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе бұл бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады.

Slide 13

Жас шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. әр бір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтауға болады. Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы әлпетінің өзгеретін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады.

Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілеттілігінің төмендететінен емес, өлімге әкелі мүмкін екендігіне қорқыныш әкеледі.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Медициналық сұхбат үлгілері
Сапалық зерттеудің мәліметтерінің нәтижелерін рәсімдеу
Медициналық деонтология
Отбасы тәрбиесі
Әлеуметтанулық зерттеулер
Оқушының психологиялық ерекшелігі
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ
Тәрбиедегі жаңашылдық
Мұғалім әрекетінің кезектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz