Аурудың қоздырғышы - сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар
Презентация қосу
Тақырыбы: Сальмонеллез.
Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
А)Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Патогенезі.
Б)Клиникалық белгілері.Диагноз қою.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Сальмонеллез мал мен адамның жұқпалы ауруы, ауру Salmonella бактериясымен
зарарланған тағамдар арқылы пайда болып, нәтижесінде улану белгілері көрініс
табады. Мұндай кезде, әсіресе, ас қорыту жолдары зақымданады. Кейде іш сүзегі
ауруына және сепсис ауруына ұқсас дамиды.
Даниел Элмер Сальмон Дж. Теобольд Смит
Аурудың қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар.
Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен
Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан.
Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар
сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Олар суда 5, ет-шұжық, сары
майда 4 айға, сүтте 20 күнге, ірімшікте 1 жылға дейін тіршілігін
жоймайды. Малға беретін жемдерде 10 ай, топырақта 18 айға дейін сақталады.
Сальмонеллар — негізінен көптеген жабайы және үй жануарларының ішек
жолының қалыпты микрофлорасы. Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй
жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда
ауыр өтеді.
Инфекцияның негізгі көзі - ауыл
шаруашылық жануарлары мен құстар,
сальмонеллезбен ауру адамдар және
бактерия тасымалдаушылар болып
табылады. Инфекцияны тасымалдайтын
негізгі факторларға әртүрлі тағам өнімдері
( мал, құс еттері, балық, устрица, теңіз
шаяны, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағы,
сүт және сүт тағамдары), көкөністер мен
жемістер, кремді өнімдер жатады. Су
ауруды жиі тасымалдаушы факторлардың
бірі болуы мүмкін.
Таралу жолдары: Ауру қоздырғышы адам
ағзасына сальмонеллез жұқтырылған және
дұрыс термикалық өңделмеген тамақ
өнімдерін пайдаланған кезде түседі (ет, сүт
өнімдері, жұмыртқа).
Сальмонеллез
Жедел
гастроэнтероко Колитикал
-литтік түрі ық түрі
Сүзекке
Септикалық ұқсас түрі
түрі
Гастроэнтероколиттік түрі өте көп кездеседі.Ауру жедел басталады: дене
қызуы жоғары көтеріледі, денесі қалтырап, басы ауырады, жүрегі айнып
құсады, асқазан тұсы, кіндіңтің айналысы ауырып, іші жасыл, иісті болып өтеді.
Ауру жеңіл, орташа және ауыр өтеді. Жеңіл түрінде дене қызуы 37,2-37,5 С
көтеріледі, 1 рет құсады, 3 күн бойы 5 рет іші өтеді. Дене салмағының 3%
сұйықтығын жоғалтады.
Орташа түрінде: дене кызуы 38-39 С көтеріледі. Қайталап құсады, тәулігіне 10
ретке дейін іші өтеді және оның түрі жасыл болады. Ауру 7 күнге созылады.
Дене салмағының 4-6% сұйықтықты жоғалтады.
Ауыр түрінде: дене қызуы 39 С көтеріледі, бірнеше рет құсады, 15 ретке дейін
іші өтеді. Ағзадан 9 % су кетеді. Бауыры , көкбауыры ісінеді.
Сүзекке ұқсас түрі.
Науқастың 1-2 күн іші өтеді. Улану белгілері нақты біліне бастайды. Дене кызуы
бірқалыпты жоғары көтеріледі. Науқас селсоқ жатады.Аурудың 6-7 күндері
денесінде розеола бөртпесі пайда болады. Іші кеуіп, бауыры мен көк бауыры
ісінеді.
Септикалық түрі.
Бұл осы аурудың өте ауыр түрі. Науқастың дене кызуы өте жоғары көтеріледі.
Қосымша басқа ағзаларда септикалық ошақтар пайда болады.
Колитикалық түрі.
Коздырғыш тасымалдаушылар шигеллезге ұқсайды және ол жедел созылмалы,
ауыспалы болуы мүмкін.
Қоздырғыш
тасымалдаушы
Жедел Ауыспалы
Созылмалы
қоздырғыш (транзиторлы)
қоздырғыш
тасымалдаушы тасымалдаушы
тасымалдаушы
Аурудың клиникалық
Көбінесе аурудан белгілері болмайды.
айыққан адамдар Бактериологиялық
болуы мүмкін. Қоздырғыш 3 айдан зерттеуде оның
Салмонеллалар 3 айға жоғары уақыт бойы нәтижелері 1-2 рет оң
дейін бөлінеді. бөліне береді. болуы мүмкін. Кейінгі
зерттеулерде ол теріс
болады.
Диагноз қою:
1. Эпидемиологиялық анамнезін жинау.
2. Клиникалық белгілеріне қарау.
3. Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу.
Бактериолоогиялық зерттеуге нәжісті, зәрді, қанды, құсықты, асқазан жуған
суды, өтті аламыз.
Ауруды лаб-да арнайы бактериол. (қан, нәжіс, құсық қалдығы, т.б. алынады)
және серол. әдіспен (Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды.
Патогенетикалық терапия: регидрон 2 л дейін, инфузиондық терапия, негізі
тұзды ерітінділер, оның ішінде Рингер ерітіндісі, трисоль, ацесоль, хлосоль.
Этиотропты терапия: гентамицин 80 мг х 2 рет, сифлокс 500 мг х 2 рет.
Арнамалы ем: сальманеллезды бактериофаг 2 таблеткадан х 3 рет/күніне.
Күнделікті тұрмыста әр адам жеке бас гигиенасын
және тамақты дайындаудың (кондитерлік, кулинарлық
өнімдердің, салаттардың ) ережесін, дайын өнімдерді
пайдалану мерзімі мен сақтау мерзімін қатаң қадалай
отырып, сальмонеллез ауруының алдын ала алады.
Сальмонеллез инфекциясының алдын алуда тамақ
өнімдерінің термиялық өңдеу ережелерін сақтау аса
маңызды, әсіресе ет, сүт және құс өнімдерін, сонымен
қатар кулинарлық, кондитерлік, сүт өнімдері, тез
бұзылатын тағамдар (салаттар, окрошка және т.б.).
Көкөністерді, жемістерді пайдаланар алдында таза
ағынды сумен мұқият жуу аса маңызды. Белгісіз су
қоймаларынан, әсіресе ашық су қоймаларынан суды
пайдалануға болмайды.
Осы ережелерді есте сақтау сальмонеллез
инфекциясының алдын алудағы маңызды шаралар
болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz