ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ



ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі. Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид. Тұлға индивидке қарағанда жас, себебі, адам индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады.

Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. ) .

Психология тарихын бүл мәселені шешуде
Биогенетика-лық
Социогенетика-лық
Жеке тұлғаның дамуы биологиялы тұқым қуалау факторымен анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады.
Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуықоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесіретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқтыдаму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімдеушілік қызметін ескереді.
Биогенетикалық және социогенетикалық тұжырымдамаларды да жеке тұлғаның даму заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық бағыт та, социогенетикалық бағыт та психикалық дамудың қозғаушыкүштерін анықтауға қабілетті емес.

Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық "дағдарыс" жиі кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:
Туғаннан 1жас-қа дейін
нәресте (сәби) жасы
Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу т. б. ) тұрады.
1-ден 3-ке дейін
ерте балалық шақ
Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе тілдің лексикасы мен грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейін
мектепке дейінгі жас
Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті жөнінен өріс алады.
7-ден 11-ге дейін
ерте мектеп жасы
Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.
11-16 дейін
орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы
Бұл жастарда балалар биологиялық жағынан үлкен өзгерістерге үшырайтындықтан, осы жас кезеңі ерекше сипатталынады. Жеткіншек - балалық кез бен ересек жасының көзқарасы болып есептеледі.
16-18 дейін
ересектер жасы
Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19- 20 жасқа дейін апарады. Себебі 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жастары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста "балалық" қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.

Рубинштейн Сергей Леонидович (1880-1961 жж. )
Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді: 1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? - Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар.
2. Тұлға не істей алады? Бұл - қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар.
3. Тұлға дегеніміз не? Бұл - мінез.
Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні - бағыттылық, мінез, қабілеттілік.

Лидия Ильинична Божович (1908-1981 жж)
Л. И. Божович тұлғаның екі негізгі критерийлерін бөліп көрсетті. Біріншіден, адамды тұлға деп санауға болады, егер оның мотивтерінде иерархия болса, яғни ол өзінің тікелей талаптарын жеңуге қабілетті болса. Екіншіден, егер ол өзінің мінез-құлқына саналы түрде басшылық ету қабілеті болса.

Эрик Хомбургер Эриксон (1902-1994 жж. )
Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді.

Даму кезеңі
Дамудың қалыпты желісі
Дамудың аномалды желісі
1. Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)
Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата-ана мен баланың бірін бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.
2. Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.
Өз өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.
3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)
Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рольдерге қосылу.
Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы)
Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.
Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. “Дауыл алдындағы” немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.

5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы)
Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның -болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz