Инфекция көздері



ТАҚЫРЫБЫ: ТЫРЫСҚАҚ

Тырысқақ - антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық - санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі - ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы - ауыз - нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.

Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа - бір күннен бес күнге дейін.
Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.
Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.
Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.

Этиологиясы: қоздырғышы Vibrio cholerae
Vibrio cholerae classica- азиаттық классикалық холераның қоздырғышы.
Vibrio cholerae Эль-Тор - Эль-Тор холераның қоздырғышы.
Вибриондар: өте қозғалмалы, үтір түрде иілген, грамм теріс қысқа таяқшалар. Аэроб, оптимальды температурада (37˚С), сілтілі ортада жақсы өседі. Сыртқы ортаның температурасы 17 ˚С-тан жоғары, су көздерінде өте төзімді. Антигендік құрамы: О- соматикалық антиген, Н- жіпшелік антиген. Антигендік қасиеті бойынша О1 серотопқа кіреді. О1 антиген - А, В, С компонеттерінен құрастырылады.
Келесі серотоптар-ға бөлінеді
Инаба (АС)
Гикошима (АВС)
Огава (АВ)

Тырысқақ эпидемиологиясы: Антропоноз. Аса кауіпті инфекциялар қатарына кіреді.
Инфекция көздері:
1. Холераның типті және атипті түрлерімен ауыратын адамдар (1 гр нәжіспен 107- 109микроб бөліп шығарады)
2. Вибрион тасымалдаушылар (сау, транзиторлы, реконвалесценттер) -(1 гр нәжіспен 102- 105 микроб бөліп шығарады) Классикалық холерада инфекция көзі - көбінесе типті түрімен науқастанған адамдар.
Эль-Тор холерада инфекция көзі - көбінесе атипті түрімен науқастанған адамдар және тасымалдаушылар.
Таралу механизмі: нәжіс-ауыз (фекальді -оральді) арқылы
Таралу жолдары: су арқылы, алиментарлы, тұрмыстық қатынас арқылы
Адамдардың инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі өте жоғары - 100% -ке дейін. Эндемиялық ошақтарда көбінесе балалар мен қарт адамдар ауырады.

Патогенезі. Холера вибриондары асқазаннан өтіп, ащы ішектің қуысына түседі. Энтероциттерге жабысып - адгезия-шырыш қабаттарында 12-24 сағаттың ішінде көбейеді (колонизацияланады), токсикалық заттарды бөледі. Патогенездің негізгі факторы экзотоксин (диареяның себебі) . Экзотоксин энтероциттердің ішіне өтіп, аденилциклазаны белсендендіреді, цАМФ шығуын көбейтеді, ішек сөлінің секрециясын күрт жоғарлатады (гиперсекреторлы процесс туады, 1 сағатта 1 литр суйықтық өндіреді) . 1 литр сүйықтықпен организмнен 5, 0г NaCl, 4, 0г натрий гидрокарбонаты, 1, 0г КСІ сыртқа шығады.
Диареяның түрі - сулы-электролитті. Ол сусыздану, деминерализацияны туғызады. Нәтижесінде гиповолемия (абсолюттік), микроциркуляцияның бұзылыстары, тканьды гипоксия, ацидоз, метаболиялық бұзылыстар туады.

Инкубациялық кезеңі: 1-2 күннен 5 тәулікке дейін.
Басталуы жедел. Продромальды белгілер сирек кездеседі (12-17% көбінесе Эль-Тор холерада) . Холераның ең бірінші көрінісі: аяқ астынан пайда болатын диарея (тәулігіне 3-10 реттен 30 ретке дейін), іш өту ауырсынусыз болады.
Холераға тән нәжіс: сулы, көп мөлшерде (300 мл-ден 1 литрге дейін) , түссіз, иіссіз, «күріш суы» тәрізді, құрамы изотониялық сұйықтыққа тән.
Құсу - іш өтуден кейін, жүрек айнусыз, жиі, сулы, «фонтан тәріздес» болады.
Сырқат басынан бірнеше сағаттан кейін сусыздану синдромының алғашқы белгілері пайда болады:
-Шөлдеу
-бұлшық еттердің әлсізденуі
-адинамия
-балтыр еттердің ауырсынып, тартылуы
-тахикардия
-гипотония
-тыныс алуының жиіленуі
-терінің бозғылттығы
Одан кейін бет әлпеті жүдеп, көз айналасы көгеріп, тері тургоры төмендеп, шырыш қабаттары құрғап, цианозданады.

Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі
1-дәрежедегі дегидратация - сұйықтықты дене салмағынан 3%-ке дейін жоғалту
4-ші дәрежедегі дегидратация - сұйықтықты дене салмағынан 9-10%-тен жоғары.
3-ші дәрежедегі дегидратация - сұйықтықты дене салмағынан 7-9%-ке дейін жоғалту
2-ші дәрежедегі дегидратация - сұйықтықты дене салмағынан 4-6%-ке дейін жоғалту

Дегидратацияның 1-ші дәрежесі 50-60% науқастарда болады. Іш өту 3-10 рет. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 1-3%-тен аспайды. Тері қабаттары өзгеріссіз. Кейбіреуінде акроцианоз. Шырыш қабаттарының сәл құрғауы. Дене қызуы қалыпты (әлсіздік, бас айлануы) . Сырқаттың ұзақтығы 3-4 тәуліктен аспайды.
4-ші дәрежедегі дегидратация 8-10 % науқастарда кездеседі. Клиникасында гиповолемиялық шок белгілері алға шығады. Артериалды қысымы 30/0 мм. с. б. немесе анықталмайды, жіп тәрізді пульс, үстемелі демікпе, анурия, цианоз, сопор, кома.
3-ші дәрежедегі дегидратация 8-10% науқастарда кездеседі: Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 7-9%-ке дейін жетеді. Іш өту жиілігі санаусыз. Дене қызуы төмендей бастайды. Сусыздану белгілері өте айқын және өте жылдам дамиды. Ауырған адамның көзі ішіне кіріп, бет әлпеті өткірленеді. Тері тургоры төмендеп, қатпарлары жазылмайды, «кір жуғыштың қолы» деген белгі айқындалады, жайылған акроционоз анықталады. бұлшық еттері тартылады, дауысы қарлығады, тахикардия, гипотония, олигурия.
Дегидратацияның 2-ші дәрежесі 20-25% науқастарда болады. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 4-6%-ке жетеді. Іш өту жиілігі 15-20 рет. Нәжісі сулы, «күріш суы» тәріздес. Сусыздану белгілері өте жылдам дамиды: әлсіздік, бас айналу, шөлдеу, қайталанған құсу, терісінің бозғылттануы, суық тер жабуы, акроцианоз, балтыр бұлшық еттерінің тартылуы. Дене қызуы қалыпты, тері қатпарлары баяу түрде жазылады. Тахикардия, гипотония, аздаған олигурия.



- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz