Экономикалық теория - байлық туралы ғылым



ЭКОНОМИКА

Экономикалық теорияның зерттеу пәні
бұл экономикалық субъектілердің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы
бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі
бұл экономикалық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі
бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет және сыртқы орта.
«Экономия» ұғымы және одан туындайтын «экономика» сөзі ежелгі гректің «ойкос, экос» - үй, үй шаруашылығы және «номос» - заң, заңдылық деген сөздерінен құралады. Олай болса, экономика - бұл шаруашылықты басқару ережелері мен заңдылықтары. Ал, экономикалық ғылым - шаруашылықтың даму заңдылықтары туралы ғылым.

Пол Э́нтони Самуэ́льсон
Американ экономисті Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономикалық теория - адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы. Экономикалық теория - байлық туралы ғылым.

Экономикалық теорияның жалпы әдістері
1. Ғылыми абстракция
бұл зерттеліп отырған құбылыстардың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу
Экономикалық теорияның бұл әдісі заңдылықтарды құруда экономикалық құбылыстарды жеңілдетіп көрсетеді.
2. Анализ
бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөліктерге бөліп талдап көрсету
Мысалы, нарықтық сұраныстың қалыптасу заңдылықтары оның анықтайтын әртүрлі факторлар - баға, тұтынушылардың табысы, олардың талғамы және тағы басқаларын зерттеуден тұруы мүмкін.
3. Синтез
бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету
Мысалы, нарықтық сұранысты және оның қарқынын түсіну тек оның құрамына кіретін жекелеген бөліктерін (баға, тұтынушылардың табысы және талғамы, т. б. ) қарастыру арқылы ғана мүмкін болады.
4. Индукция
бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.
Мысалы, тұтынушы үшін тұтынылатын әрбір қосымша игіліктің пайдалылығы төмендей береді. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады, берілген тауарды тұтынушы адам сол тауарды оған баға төмендеген жағдайда ғана әрі қарай сатып алуға дайын екендігін көруге болады.

5. Дедукция
бұл жалпыдан жекеге қарай өту
Мысалы, мынадай жалпы қорытынды: әскери адамдар өте сымбатты келеді. Көшеде азаматтық киімде келе жатқан адамды оның сымбаттылығына қарап, оны әскери лауазымға қатысы бар екенін байқауға болады
6. Эксперимент
бұл сараптама жүргізу. Көптеген ғылымдар сараптама жүргізуді танымның негізгі әдісі ретінде қолданады.
7. Гипотеза
бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
Мысал ретінде, қандай да бір нарықта қалыптасқан баға сол нарық жөнінде барлық қол жетімді ақпараттарды бере алатын «тиімді нарық гипотезасын» келтіруге болады. Мұндай болжамның шындығы немесе жалғандығы оны экономикалық шынайылықтың нақты деректерімен салыстыру жолымен тексеріледі.
8. Аналогия
бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономикалық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.
Мысалы, экономикадағы ақша айналымы жүйесін адам организміндегі қан айналымына ұқсатуға болады.
9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі
бұл қандай да бір құбылысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру.
Мысалы, біз сұранысқа тауар бағасының қалай әсер ететінін білгіміз келсе, онда оған әсер ететін басқа факторларды тұрақты деп болжауымыз керек.

Экономикалық теорияның тарихи даму кезеңдері
МЕРКАНТИЛИЗМ. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп - меркантилизм. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі Томас Мэн (1571-1641), Уильям Стаффорд (1554-1612), француз экономисі Жан Батист Кольбер (1619-1683), орыс экономисі Иван Посошков (1652-1726) саналады. Меркантилистер экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуына айтарлықтай өз үлестерін қосты. Сонымен, меркантилизм - бұл байлықтың сыртқы сауда нәтижесінде жасалатынын түсіндіретін және айналыс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.

ФИЗИОКРАТТАР. Бұл мектептің негізін француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) салды. 13 Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндіріс. Физиократизм - бұл пайда табудың жолы, ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.
Франсуа Кенэ
Анн Робер Жак Тюрго

КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772- 1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі Жан Батист Сэй (1762-1832) қосты. Классиктер (бұларға «классиктер» деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып, байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатындығын қадап айтты. Сонымен, классикалық саяси экономия - бұл еңбекті барлық тауарлар мен қызметтердің соңғы құны деп санайтын және еңбек құнының тұжырымдамасы арқылы қоғамның барлық топтарының табыс көздерін анықтауды қарастыратын экономикалық теорияның ең басты бағыттарының бірі.

МАРКСИЗМ. Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбек құнының 14 теориясы негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып нарықтық шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс «капитализм» ұғымын қалыптастырды. Бұлардың ойынша, тек жалдамалы жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды. Ал капиталистердің пайдасы жұмысшылар табының төленбеген еңбегін білдереді. К. Маркс экономикалық теорияға қоғамдық-экономикалық формация, ұдайы өндіріс, экономиканың циклдік дамуы, жалдамалы жұмысшылардың еңбегі, рента теориясы, социализм, тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығы, т. б. жаңалықтарды алып келді. Кейіннен, марксизм теориясын В. Ленин мен Г. Плеханов дамытты.
Карл Маркс
Фридрих Энгельс

МАРЖИНАЛИЗМ. Маржинализм теориясы арқылы экономикалық теорияның микроэкономикалық негіздері әрі қарай дами түсті. Бұл 15 бағыттың негізін қалаушылар: Карл Менгер (1840-1921), Евгений Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер (1851-1926), Леон Вальрас (1834-1910), Вильфредо Парето (1848-1923), Август Фридрих фон Хайек (1899-1992), Людвиг фон Мизес (1891-1973) болды. Осы ғалымдардың еңбектерінде «шекті пайдалылық» теориясының негізгі қағидалары қалыптасты. Бұлар құндылық, баға, айырбас, шығын, сұраныс және ұсыныс туралы көзқарастары арқылы экономикалық ғылымға төңкеріс алып келді. Маржиналистер экономикалық талдаудың негізіне экономикалық субъектілердің шаруашылық қатынастарын зерттеуде субъективтік бағалаулардың теориясын енгізді.

Экономикалық теория ғылымы
Микро-экономика
Макро- экономика
бұл шектеулі ресурстар мәселесін жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар, т. б. ) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада 19 қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс факторлары, т. б.
бұл экономикалық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т. б.

экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдарды
Жалпы экономикалық ғылымдар
Біріктірілген экономикалық ғылымдар
Қолданбалы экономикалық ғылымдар
оларға экономикалық тарих, экономикалық ілімдер тарихы және басқа да ғылымдар кіреді.
оларға экономикалық география, экономикалық құқық, экономикалық информатика, математикалық экономика және басқалары жатады.
оның өзі екіге бөлінеді: а) функционалдық экономикалық ғылымдар: қаржы, несие, банк ісі, маркетинг, бухгалтерлік есеп және т. б., ә) салалық экономикалық ғылымдар: ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сауда, өнеркәсіп, т. б.

Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері
1. Танымдық қызметі
экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру. Бұл қызметі арқылы экономикалық теория экономикадағы нақты құбылыстарды зерттей отырып, экономикалық үдерістер туралы жалпы ғылыми мағлұматтар беріп отырады.
2. Практикалық қызметі
іс жүзінде зерттелген объектілерді қолданып, экономикалық саясаттың негізін жасау
3. Болжамдық қызметі
экономикалық дамудың жалпы ғылыми болжамын жасау
4. Дүниетанымдық қызметі
ғылыми тұрғыда қоғам өміріне қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.
5. Әдіснамалық қызметі
барлық экономикалық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық негіз жасау.
6. Сыншыл қызметі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz