Беріліс қорабының сұлбасы


Slide 1

М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі

Бір сатылы редукторды жобалау.

Орындаған : Тойбек Бағлан

Қабылдаған : Тәліп Ақерке

Шымкент-2020

Slide 2

Сурет-1. Редуктор айналу моментін беретін механизм. Беріліс қорабының сұлбасы.

1 - артқы жүрістің екі қайталанған (екі еселі) щестернясы, 2 - жетектегі білік, 3 - жетекші білік, 4 - қорап корпусы, 5 - ашалар, 6 - кулиса, 7 - берілісті ауыстырып қосу рычагы, 8 - бекіткіш, 9 - жылжымалар.

Редуктор- бір не одан да көп механикалық берілістер арқылы айналу моментін беретін және өзгертетін механизм. Механикалық бәсеңдеткіштің негізгі мінездемелері - ПӘК, біріліс қатынасы, берілетін қуат, біліктердің максимал бұрыштық жылдамдықтары, жетекші және жетектегі біліктер саны, берілістер мен сатылардың түрлері мен саны.

Slide 3

РЕДУКТОР

ЦИЛИНДІРЛІК РЕДУКТОР КӨЛДЕНЕҢ

ЦИЛИНДІРЛІК РЕДУКТОР ВЕРТИКАЛДЫҚ

Slide 4

Редуктор- бір не одан да көп механикалық берілістер арқылы айналу моментін беретін және өзгертетін механизм. Механикалық бәсеңдеткіштің негізгі мінездемелері - ПӘК, біріліс қатынасы, берілетін қуат, біліктердің максимал бұрыштық жылдамдықтары, жетекші және жетектегі біліктер саны, берілістер мен сатылардың түрлері мен саны.

Әдетте бәсеңдеткіш деп кіріс білігінің жоғарғы бұрыштық жылдамдығын шығыс білігіне төмендетіп беретін, сондай-ақ айналу моментін жоғарылататын құрылғыларды айтады. Төмен бұрыштық жылдамдықты бірнеше есе ұлғайтатын бәсеңдеткіштерді мультипликаторлар деп атайды.

Бұрыштық жылдамдықты сатылы өзгертетін бәсеңдеткіштерді беріліс қорабы деп, ал сатысыз өзгертетіндерін вариаторлар деп атайды.

Сериялық өндірісте бәсеңдеткіштердің стандартталған құйылған тұрқылары кең таралған. Ауыр өндіріс пен машина жасау салаларында құйылған шойыннан жасалған тұрқылар жиі қолданылады, құйылған болаттардан жасалғандары сирек кездеседі. Конструкцияны максимал жеңілдету үшін жеңіл қорытпалардан жасалған тұрқылар қолданылады. Бәсеңдеткіштің тұрқысында орын ауыстыруға және бәсеңдеткішті орнатуға арналған құлақшалары болады. Біліктердің шығып тұратын жерлерінде майдың ағып кетуінен сақтайтын тығыздалған материалдан жасалған сақиналар орналасады. Көбінесе бәсеңдеткіш тұрқыларына конструкциялық элементтер орналастырылады. Олар жұмыс уақытында бәсеңдеткіштің қызуынан пайда болатын бәсеңдеткіш ішіндегі қысымның артуынан сақтайды.

Slide 5

2-сурет Гипоидты және Гипоидты араласқан.

Slide 6

Машиналарда берiлiс қорабы мотордың айналдыру моментiн жетекшi дөңгелектерге көбейтiп беруге арналған. Оның үстiне, автомобильдiң жүрiс жағдайына байланысты сол моменттiң әртүрлi мәндерге өзгерту қажет болады. Тракторлардың жүруге кедергi көбейген кезде, жүрiс жылдамдығын азайтып, соның есесiнен тарту күшiн арттырады, ал керiсiнше болғанда жүрiс жылдамдығын арттырады. Осыған қосымша, автомобиль артқа жүруi үшiн, жетекшi дөңгелектiң айналу бағытын да осы берiлiс қорабы iске асырады.

Жетектегі шестерняның (тіс саны не диаметрі бойынша. ) жетекші шес-тернядан қанша есе үлкен екендігін немесе жетекші білікпен салыстырғанда жетектегі біліктін айналу жиілігінің қаншалықты өзгеретінін көрсететін санды беріліс саны деп атайды. Егер беріліске шестернялардың бірнеше жұбы қатысса, онда жалпы беріліс саны барлық шестернялардың беріліс санын өзара көбейту арқылы анықталады. Мотордың иінді білігінің айналу жиілігі тұрақты болғанда, трактор мен автомобильдің мотор білігі мен жетекші донғалақтың не жұлдызшаның арасыңдағы беріліс қатынасын өзгерту арқылы түрлі жылдамдыққа жетуге болады.

Slide 7

3-Сурет қуат ағынын үзіп беретін беріліс қорабының жұмыс схемасы:

а-бейтарап қалпы; б-бірінші беріліс; в-екінші беріліс; г-артқы беріліс; 1, 2, 3-бірінші біліктің шестернялары; 4-аралық шестерня; 5, 6, 7-екінші біліктің шестернялары; 8-екінші білік;

9-бірінші білік.

Slide 8

Механикалық беріліс қораптары осындай беріліс сандарын екі түрлі өзгерту мүмкін. Біріншісі - сатылы монге, ал екіншісі беріліс санының кез-келген мәніне өзгерте алады. Сондықтанда автомобильдің трансмиссиясы сатылы немесе сатысыз болып екі түрге бөлінеді. Эксплуатациялық тиімділігі жағынан сатысыз трансмиссия оте тиімді, бірақ ол үшін қолданылатын әртүрлі механикалық берілістердің құрылыстары мен жұмыстары әлі жеткіліксіз дәрежеде болғандықтан, бүгінгі танда автомобильдер беріліс қорабы тек сатылы етіліп жасалады. Ол үшін көбінесе тісті берілістерді қолданады

Slide 9

4-сурет. Қуат ағынын үзіп беретін беріліс қорабының кинематикалық схемасы

1-қарап; 2-бірінші білік; 3-екінші білік; 4, 6, 8-синхронизаторлар; 5-аша; 7-тұтқа; 9, 22, 24, 27, 28, 31-бірінші біліктің шестернялары; 11, 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20-артқы берілістің және аралық дифференциалдың шестернялары мен біліктері; 21, 23, 25, 26, 29, 30-екінші біліктің шестернялары. жылжытатын беріліс қорабының тұтқасы (7) болады. Сол арқылы кез келген шлицалы муфтаны (4) жылжыту арқылы қажетті беріліске қосады

Slide 10

Айналыс кезінде тісті дөңгелектерді жұмысқа қосқанда сыну қаупі болмау үшін оларды иілуге есептеу керек. Тісті берілістер белгілі қораптың ішінде орналасып, жақсы майланатын болса, онда жабық тісті беріліс деп атаймыз.

Ашық тісті беріліс деп, қорабы жоқ, жақсы маланбайтын тісті берілісті айтамыз. Тістер әлсіреген болса олардың сыртқы қабаты үгіледі. Бұл жағдайда ең алдымен тістің бетінде өте кішкентай жарықша пайда болуы, одан кейін ол жерге май кіріп, оның үлкейуіне себепші болады.

Slide 11

5-сурет. Жеңіл машиналардың беріліс қорабының схемасы

1-бірінші білік; 2, 5, 6-екінші білік шестернялары; 3-синхронизатәр; 4, 7-ашалар; 8-екінші білік; 9, 10, 11-арткы берілістің шестернялары мен біліктері; 12, 13, 14-аралыкбіліктің шестернялары; 15-аралык білік; 16-қарап.

Slide 12

Редукторлардың берілісін реттеу төсемдермен жүзеге асырылады 5. Жұмыс кезінде реттеу подшипниктерде алдын-ала жүктеме болғандықтан бұзылмайды.

Артқы осьте жетек редукторының конустық мойынтіректерін майлауға көп көңіл бөлінеді. Майлау құралы осы мойынтіректерге мәжбүр болады, ол үшін иінді қорапқа май қырғыш гильзасы орнатылады, ол қозғалмалы берілістермен байланыста май жинайды және оны арнайы арна арқылы мойынтіректерге бағыттайды. Жетек 17 редукциялық дифференциалдық корпусқа 3 құйылған жаңғақтармен бекітілген.

Slide 13

Камаздың редукторы.

Slide 14

Қорытынды.

Қазіргі кезде техника мен машина механизмінің даму жолында оның жүру жұмысы, қарқыны, сапасы елеулі орында. Сонын ішінде қосылыстардың орны ерекше екенін көреміз.


Ұқсас жұмыстар
Схеманың элементтері
Электрондық басқару блогының функциялары
ТРАКТОР ТРАНСМИССИЯСЫ
Автомобильдің басты берілісі, дифференциалы және құрылысы
Макарон өндірісінің технологиясы
Автомобильдің беріліс қорабы
Көп насосты станцияның өнімділігін автоматты реттеу жүйесін жобалау
Комбайн жаткасы
Жібітіп шприцтеу типті бөтелке жұғыш машинаның сұлбасы
АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖІКТЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz