МУЗЫКА АСПАПТАР МУЗЕЙІ


Slide 1

Орындаған: Шылмырза А. Б

Оқытушы: Омаров К. М

Алматы қаласындағы музейлерге экскурсия

Slide 2

"Алматы - Қазақстанның мәдени астанасы" атағын тегіннен тегін иеленіп жүрген жоқ. Мәдениеттің кез келген түрі мен арналары қайнаған қаланың түкпір-түкпірінен табылады. Сондай мәдени ошақтың бірі - музей. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауында айтқандай: "Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек". "Рухани жаңғырудың" мән-маңызы да нақ осында, музей мәдениетінің ұлт руханиятын сақтап, өркендетудегі маңызы айрықша. Ендеше Алматы қаласының музейлер топтамасымен таныстыратын боламын.

Slide 3

Алматы Музейі

Жаңа музей бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан. Музейде 40 мыңнан аса экспонат сақталған. Олар 11 дәуірге бөлінген: "Алматының ежелгі тарихы", "Алматының орта ғасырлық тарихы", "Қазақ мемлекеттігінің қайнарында" "Жетісу этнографиясы", "Верный кезіндегі Алматы", "ХХ ғасырдағы Алматы", "Мәдениет пен өнердің дамуы", "Альпинизм тарихы", "Желтоқсан", "Алматы және Елбасы", "Бейбітшілік пен келісім моделі". Мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 132

Жұмыс уақыты: 9:00-20:30, дүйсенбі - демалыс Кіру құны: мектеп оқушыларына - 200 теңге, үлкендерге - 500 теңге.

Slide 4

ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі - Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі. Оның алғашқы коллекциялары XIX ғасырдың 30 жылдары Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесіндегі "Орынбор өлкесінің Музеумінде" жинақталған. Кейіннен музей қоры Жетісу облыстық музейі, казак әскері және дінге қарсы күрес республикалық комитетінің коллекцияларымен толықты. 1931 жылдан бастап музей Верный қаласының танымал сәулетшісі А. П. Зенковтың жобасымен 1904 - 1907 жж. салынған бұрынғы Кафедралдық собор ғимаратында орналасты. Музейдің қазіргі ғимараты 1985 жылы сәулетшілер Ю. Ратушный, З. Мустафина және Б. Рзагалиевтің жобалары бойынша салынған. Бүгінде ҚР Мемлекеттік Орталық музей қоры материалдық және рухан мәдениеттің үш жүз мыңға жуық құндылықтарынан тұрады. Музейде негізгі жеті экспозициялық зал жұмыс істейді.

Slide 5

Мекен-жайы: Самал ықшамауданы, 44

Жұмыс уақыты: 10:00-17:00, сейсенбі - демалыс

Кіру құны: мектеп жасына дейінгі балалар мен ҰОС ардагерлеріне кіру тегін, мектеп оқушыларына - 100 теңге, студенттерге - 200 теңге, зейнеткерлерге - 150 теңге, үлкендерге - 300 теңге, шетел азаматтарына - 500 теңге, экскурсия - 1000 теңге.

Slide 6

Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР МУЗЕЙІ

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы - бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясы. Онда батыс, орыс және кеңес өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағы бар. Жинақтаманың басым бөлігі - Қазақстан кескіндемесі, графикасы және мүсіні. Олардың ішінде - Қазақстанның тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің, сондай-ақ, Хлудов пен Черкасскийдің, Мәмбетев пен Телжановтың, Кенбаев пен Ғалымбаеваның, Жүсіпов пен Шәрденовтің, Сыдыхановтың, Айтбаев пен Сариевтің кескіндемелері, Сидоркин мен Зальцманның, Пак пен Әжиевтің графикалық парақтары, Наурызбаевтың, Төлеков пен Досмағамбетовтің, Рахманов пен Мергеновтің, Рапопрот пен Есенбаевтың мүсіндік жұмыстары сақталған. Мұражай қорында жалпы саны 22 500-ден аса экспонат бар.

Мекен-жайы: Көктем 3 ықшам ауданы, 22/1 Жұмыс уақыты: 10:00-18:00, дүйсенбі және айдың соңғы күні - демалыс Кіру құны: көркемөнер оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне - 200 теңге, студенттерге - 300 теңге, үлкендерге - 500 теңге

Slide 7

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙ

Қазақстанның жер қойнауы байлықтарымен Қазақстанның геологиялық музейінде таныса аласыз. Музей іші жер астында жүргендей әсер береді. Сондай-ақ, музей шахта лифтісімен де таң қалдырады. Тастан жасалған әр қабырғасы, жер қойнауының атмосферасын береді. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 85 Жұмыс уақыты: 10:00-17:00, сенбі, жексенбі - демалыс Кіру құны: студенттерге - 100 теңге, үлкендерге - 200 теңге, жеке экскурсия - 1000 теңге, топтық экскурсия - 500 теңге

Slide 8

КІТАП МУЗЕЙІ

Республикалық кітап музейі әдебиет пен жазу өнеріне қызығатын, айналысатындар үшін өте қызық орын. Бұл музейде 20 мыңнан аса кітап пен түрлі жазбалар қоры бар. Олардың ішінде сирек кездесетін кітаптар мен кейбір кітаптардың түпнұсқасын кездестіруге болады. Мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 94 Жұмыс уақыты: 9:00-17:00, сенбі, жексенбі - демалыс Кіру құны: студенттерге - 100 теңге, үлкендерге - 150 теңге

Slide 9

МУЗЫКА АСПАПТАР МУЗЕЙІ

Қазақ халық музыкалық аспаптарының музейі алғашқы рет келушілерге өз есігін 1980 жылы ашты, отызжылдық тарихы бар музей бүгінгі күні ел мақтанышы, республикада баламасы жоқ қазақ музыкалық мәдениетінің асыл қазынасы. Сонымен бірге музей ғимараты Қазақстан тарихы мен архитектурасының құнды ескерткіші болып саналады. Верный қаласындағы қоғамдық құрылыстың ағаш сәулет өнерін 1908 жылы атақты сәулетші А. П. Зенков жобалаған. Музей ХІХ-ХХ ғасырларда атақты қобызшы Ықыластың құрметіне аталды, ол халық шығармашылығының тазалығы мен әртүрлі ұлттық аспаптардың сақталуын насихаттаған еді. Бүгінгі күні мұражай қазақ халық аспаптарының және әлем халықтары аспаптарының бірегей жинағын ұсынады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған ежелгі қазақ халық музыкалық аспаптары, ТМД және әлем халқының музыкалық аспаптары жинағы да осы жерде сақталған.

Мекен-жайы: Зенков көшесі, 24а Жұмыс уақыты: 10:00-17:00, дүйсенбі - демалыс Кіру құны: оқуышылар, студенттер мен зейнеткерлерге - 100 теңге, үлкендерге - 500 теңге, экскурсия - бір топқа (20 адамға дейін) 1000 теңге

Slide 10

Ахмет Байтұрсынұлы Алматы қаласында қызмет істеп жүргенде тұрған үш үйі болған екен. Оның жазбалары арқылы осы үш үйдің орнын зерттеушілер анықтаған. Алайда ол тұрған екі үй қалада жаңа құрылыстар басталғанда алынып тасталынған болып шықты. Соның ішінде тек Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі ғана қалған. Ахмет Байтұрсынұлы бұл үйде 1934-1937 жылдар аралығында тұрған. Ахмет Байтұрсынұлы саяси қуғын-сүргінге ұшырап айдаудан келгеннен кейін, көпшілік оны "халық жауы" деп, қол созып, көмек көрсетуден қорқақтаған еді. Сол кезде оның қызы Шолпан мен күйеу баласы осы үйге қамқорлыққа алады. Мұражайда үш зал бар: 1. Қайта оралу - мұнда Ахмет Байтұрсынұлын ақтау туралы анықтамалар, оған көрсетілген құрмет қағаздары бар. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлына берілген "Ана тілдің айбары", "Ғасыр саңлағы" деген медальдары сақтаулы тұр. 2. Қазақ санасының шам шырағы - ғалымның мектептегі күндерінен бастап, "халық жауы" атанып ұсталып кеткенге дейінгі өмір жолдары мұрағат құжаттары негізінде сақталған. Бұл залдың маңызды құжаттың бірі ғалымның жары Бәдрисафаның Дала губернаторына жазған - "Жеделхаты" саналады. Ресми хат 1909 жылдың 5 тамызында жолданған. 3. Саяси қуғын-сүргін құрбаны - бұл залда Ахмет Байтұрсынұлының бес рет түрмеге түсіп, екі рет жер аударылғандығы туралы айтылады.

А. БАЙТҰРСЫНОВ МУЗЕЙ ҮЙІ

Slide 11

Мекен-жайы: Байтұрсынұлы көшесі, 60 Жұмыс уақыты: сейсенбі-жұма - 09:30-17:30, сенбі - 10:00-14:00, жексенбі - тапсырыс бойынша, дүйсенбі мен айдың соңғы күні - демалыс Кіру құны: оқушыларға - 50 тг, колледж бен гимназия оқушыларына - 100 тг, студенттерге - 150 тг, зейнеткерлер мен жетімдер үйінен келген балаларға тегін, экскурсия - 500 тг (шетел азаматтары үшін), экскурсия тілі: ағылшынша

Slide 12

М. ӘУЕЗОВТЫІ МУЗЕЙ ҮЙІ

Мекен-жайы: Төлебаев көшесі, 185 Жұмыс уақыты: 10:00-17:00, жексенбі, дүйсенбі - демалыс Кіру құны: студенттерге - 80 теңге, үлкендерге - 150 теңге

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Музыкалар үйі
Музей классификациясы
Музей ісі дамуы
Ежелгі Рим мәдениеті
Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Музыкалық аспаптар сататын «Музыка әлемі» дүкенін ашу бизнес-жопары
Арнайы нота жазатын дәптер нота дәптері
Қазақ музыка аспаптарының түрлері
Хордағы ән айту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz