Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы - тарихи естеліктерді құрметтеу, қадірлеу және қорғау бағдарламасы




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:
«МЕМЛЕКЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР –
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
БОЛАШАҚ ДАМУЫНЫҢ
КЕПІЛІ»
Мемлекеттік бағдарлама – ресурстар,
орындаушылар, ғылыми-зерттеу, өндірістік,
әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық және басқа
шаралар. Мемлекеттік бағдарлама экономиканы
тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті
дамытудың басым міндеттерін шешуге
бағытталады.
«Мемлекеттік бағдарлама» ұғымының
мағыналық ауқымы кең. Ол мемлекеттік бюджет
мүмкіндіктерін ескере отырып, түрлі шараларды
қаржыландыру кезінде қолданылады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы – тарихи
естеліктерді құрметтеу, қадірлеу
және қорғау бағдарламасы.
Әлеуметтік және экономикалық
дамуымыздың негізгі бір бөлшегі.
Бұл бағдарлама: өскелең ұрпақтың
ежелгі тарихпен, яғни ата-
бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі
мен салт-дәстүрінің байланысуын
зерттейді.
Елбасымыз 2003 жылы сәуірде Қазақстан
халқыны жлдауында арнайы «Мәдени мұра»
бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды.
Бағдарлама 2004 жылдан бастап іске
асырылуда.
Қазақстан Республикасы қазір «Қазақстан-2030» қайта
жаңғыру мен даму бағдарламасын негізге ала отырып,
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан орын алуға
негізгі бастамаларды жасады. Қайта жаңғыру және өрлеу
стратегиясы арқылы барша қазақстандықтардың жақсы
тұрмысы, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық бірлігіне кепіл
болған ұзақ мерзімді даму стратегиясын негіз етіп алған
басым бағыттар мемлекетіміздің кез келген жоспарларын
жасаудағы тұрақты бағдарына айналды.
«Қ АЗА Қ С ТА Н – 2 0 50 »
С ТР А ТЕГ ИЯС Ы
2012 жылы желтоқсанда
Мемлекет басшысының ел халқына
Жолдауында Қазақстан
Республикасының 2050 жылға
дейінгі даму стратегиясы
таныстырылды.
Оның басты мақсаты – мықты
мемлекеттің, дамыған
экономиканың және жалпыға ортақ
еңбектің негізінде берекелі қоғам
құру, Қазақстанның әлемнің ең
дамыған 30 елінің қатарында болуы.
«ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ
ЖЕТІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚТАРДЫ
ІСКЕ АСЫРУДЫ ҚАРАСТЫРАДЫ:

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен
бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел
қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау.
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және
жеке жауапкершілік.
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау
мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны
дамыту.
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету
мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы
қоғамымыз табысының негізі.
«РУХАНИ
ЖАҢҒЫРУ»
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы халыққа
Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы
басталғанын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің
айрықща маңызды екі процесі – саяси реформа мен
экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің
мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең
дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде
бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн
санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен
дүниетанымызға әбден сіңіп қалған таптаурын
қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен
тереземізді теңеп, нық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру
үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына
икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын
бойға сіңіруіміз керек.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең
басты шарты – сол ұлттық
кодыңды сақтай білу. Онсыз
жаңғыру дегеніңіздің құр
жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
Жаңғыру атаулы бұрыңғыдан тарихи
тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге
шекеден қарамауға тиіс.
Рухани жаңғыру ұлттық сананың
түрлі полюстерін қиыннан
қиыстырып, жарастыра алатын
құдірет маңызды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы - тарихи естеліктерді құрметтеу, қадірлеу және қорғау бағдарламасы
ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар – әлемдік тәжірибе нәтижелері туралы
Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарла
МӘДЕНИ МҰРА
Мәдени мұра- баға жетпес байлық
Мемлекеттік бағдарлама
Қазақ халқының мәдени мұрасы
Мәдени мұра бағдарламасы
Президентінің мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер