Рухани жаңғыру: Қазақстандағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы


Slide 1

Рухани- жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы

Slide 2

Жаңғыру дегеніміз не?

Ғылыми әдебиетте «Жаңғыру» - қоғамның әлеуметтік эволюциясына, оның өсуіне алып келетін саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі инновациялардың тарихи ұзақ процесі ретінде белгіленеді.

Slide 3

Қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты:

1. Бәсекелік қабілет

2. Прагматизм

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

4. Білімнің салтанат құруы

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

6. Сананың ашықтығы

Slide 4

Бәсекелік қабілет

Бәсекелік қабілет - өзгелерден ұтымды дүние ұсына алу.

Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы немесе сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы.

Материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары.

Slide 5

Прагматизм Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі: ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану - мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл - заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі.

Slide 6

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені - өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды.

Slide 7

Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет. Білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Жылдам дәуірде кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Slide 8

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл - ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы.

Slide 9

Сананың ашықтығы

Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды. Сананың ашықтығы: - Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді; - ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз; - бұл - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава - Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.


Ұқсас жұмыстар
Сана мен ойлаудың жаңа үлгісі: құрылым мен бұзылыстар
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және ұлттық сананы жаңғырту стратегиясы
Рухани жаңғыру және ұлттық сана: Қазақстанның мәдени коды мен бәсекелік әлеуеті
Философия және рухани жаңғыру: теориялық негіздер мен Қазақстандағы тәжірибесі
Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы: Рухани жаңғыру мен Мәңгілік Ел тұрғысынан ұлттық сананы қалыптастыру
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы ұлттық сана мен жастардың рөлі
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: Қазақстанның жаңа философиясы мен ұлттық сананың модернизациясы
Сана мен ойлаудың жаңа моделі: 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттар мен институционалдық-өнеркәсіптік реформалар
Саяси сана мен саяси идеология: құрылым, функциялар және Қазақстандағы қоғамдық сананы модернизациялау стратегиясы
Қазақстандағы мәдени мұра және рухани жаңғыру: мемлекеттік бағдарлама мен ұлттық бірегейлікті сақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz