Темперамент меланхолик сангвиник



Темперамент

Жоспар:
Темперамент түсінігі
Темперамент туралы теориялар
Темперамент түрлері, олардың сипаттамасы
Темпераментке байланысты адам қасиетінің көрінуі

1. Темперамент түсінігі
Темперамент (лат. temperamentum - тиісті бөліктердің қатынасы) - белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері.
Темпераменттің екі сипаты:
1. Белсенділік - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі. Ол адамның қозғалыс темпінде, шапшаңдығында және интенсивтілігінде көрінеді;
2. Эмоциялық - ол сезімталдылық, импульсивтілік және әсерлілігінде көрінеді.
Б. М. Теплов темпераментке келесiдей анықтама бердi: «Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоциялы қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы».
Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады.

2. Темперамент туралы теориялар
Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды:
1. Қан басым болса-сангвиник
2. Шырын басым болса - флегматик
3. Сары өт басым болса- холерик
4. Қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.

3. Темперамент түрлері, олардың сипаттамасы
Темперамент
флегматик
меланхолик
холерик
сангвиник

Тест
Өзіңіз темпераменттің қай түріне жататынын білгіңіз келеді ме?
Қолыңызға қалам мен қағаз алыңыз!
Келесі бетте сізге қатарлар беріледі: сіз олардың ішінен өзіңіздің қасиеттеріңізге сай қатарды таңдаңыз, қай темпераментте таңдаған сөздеріңіз көп болса, сол сіздің темпераментіңіз және темпераментіңіздің анықтамасын оқып шығыңыз!

САНГВИНИК
Қамсыз
Жесіл ойлы
Тірі
Активті
Адамға үйір
Ықыласты
Сөзшең
Жылдам
Еңбекқор
Мылжың
Тілішебер
Сергек
Достық қалыпты
Шыдамсыз
Жауапсыз
Сенімсіз
Тұрақты емес
Иілгіш
Жомарт
Бақытты
ХОЛЕРИК
Импульстік
Тынымсыз
Ашушаң
Белсенді
Көпіруші
Агрессиялық
Көсем
Көшбасшы
Жігерлі
Экстраверт
Шыдамсыз
Бастаушы
Шулы
Нәтижелі
Ұмытшақ
Спорттық
Бәсекелесуші
Басым
Қырсық
Ашуланшақ
Іскер
МЕЛАНХОЛИК
Қайғылы
Парасатты
Ашушаң
Тыныш
Шыдамды
Тұйық
Зеріккен
Ойшыл
Қатал
Жаралы
Оқырман
Баяу
Ақылды
Жақсы жады
Пайымдаушы
Қанағаттанғансыз
Жанкешті
Жұбанышсыз
ФЛЕГМАТИК
Ықыласты
Салмақты
Енжар
Бейбітшілік сүйгіш
Ойшыл
Тыныш
Шыдамды
Асығыссыз
Баяу
Қайтпас
Ырғақты
Бақылайтын
Қиялшыл
Баяу оқиды
Табанды
Қырсық
Ұялшақ
Дана

Сангвиник (sangius-қан)
Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.

Меланхолик (melaschole-қара өт)
Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi. Ұсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.

Холерик (chole- сары өт)
Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп, ешнәрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi, қызба келедi. Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам.

Флегматик (phlegma-шырын)
Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi. Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi. Ол бөспелiктi сүймейдi. Адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның осал жағы. Ұзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz