Беғазы - Дәндібай мәдениеті




Презентация қосу
Қола дәуіріндегі
Қазақстан
Қола
Қола дәуірі
б.з.б. 2-1 мыңж.

дәуірі
қамтиды

Ерте қола дәуірі Кейінгі қола дәуірі

(Федоров кезеңі) (Замараев кезеңі)
Орта қола дәуірі
б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.
(Алакөл кезеңі)
б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола
металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ
жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде
неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады.

Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде
дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте
іргелес жатқан жерлерге де тарады.

Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен
б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік
Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға,
Үндістанға, Қытайға және Еуропаға, Қазақстанға тарады. Қола дәуірінің
Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия
жерінде болды.
Адамның жамбас сүйегіне қадалған қола
жебе
Андронов

мәдениеті

Ерте кезеңі –
б.з.б. 17–16
ғасырлардағы
Петров
мәдениеті Орта кезеңі –
б.з.б. 15–12
ғасырлардағы
Алакөл-Атасу, Соңғы кезеңі –
Федоров-Нұра б.з.б. 11–9
мәдениеттері ғасырлардағы
Алексеев, Замараев,
Сарығары,
Беғазы-Дәндібай
мәдениеттері.
Нұра кезеңінің қыш ыдыстары Атасу кезеңінің қыш ыдыстары
Андронов
мәдениеті
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер
кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен
айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен
қалайының қосындысы қола.
Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы
Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш
рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты.
Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі
ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл
атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов
енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай
қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты.
Шаруашылығы
Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен
оның жағаларына егін, бау-бақша салып
қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар
табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ
олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас
кетпендер.
Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі
тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз
болған, оны мейрамдарда ғана, құдай
жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған.
Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш
тұқымы болды.
Қола дәуіріндегі Қазақстан халықтарының тұрғын үйі
Діни көзқарастары

Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайм болды. Олар
өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені "жер-ананың"
қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан.
Андрондықтардың түсінігінше өлген соң да "о дүниеде" тіршілік
жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін , қару-жарағын,
ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген.
Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың
өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм, фетишизм , анимизм сияқты
ғұрыптар да орын алды.
Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға
табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы
суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі.
Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері
қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған.
Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа
қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын
құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей
жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол
отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық
шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан
шалынған.
Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені
астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері
болды.Сонымен қатар олардың өнері де жақсы дамыған,
қыш-құмыраларды жасап қана қоймай олардын бетіне
геометриялық фигураларды салған, құмыра сыртына әр
түрлі бұйымдар жабыстырып әшекейлеген. Аң аулаудың
құпияларын түсіне отыра, қару жарақтың әрі ыңғайлы әрі
қолайлы түрлерін жасаган.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Беғазы-Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде
(б.з.б. 9-8ғ.)Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар
мәдениеті, өнер түрлері.
Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір
тармағында (Беғазыбұлақ, Беғазы өзені) сақталғандықтан «Беғазы»
деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп,
сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті»
деп атайды. Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын
«Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан
орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқан.
Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын
айқындаған ғалым - әйгілі академик, тарихшы, этнограф Әлкей
Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ
Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты
зерттеді.

Ұқсас жұмыстар
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Топ ұжымын бағалау
Қола дәуірі туралы түсінік
Қазақстан тарихының кезеңдері
Қазақстан тарихына кіріспе
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның басты кезеңдері мен тарихнамасы
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі
Отандық мәдениеттің даму тарихы
Қола дәуірінің ерекшелігі
Пәндер