САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ




Презентация қосу
САЯСАТТАНУ
ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Орындаған: Каирбекова А.Б.
Тексерген: Анафин Е.Т.
Саясаттың мәні және табиғаты

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және
қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің
«Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп,
қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің
екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және
құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне
саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл
бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен
идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді
іздейді. Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің
бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Біз
олардың кейбіреулеріне тоқталайық.
«Саясат мемлекет ішілік немесе мемлекет аралық билікті үлестіруге ықпал ету
немесе билікке қатысуға ұмтылысты білдіреді»
(М. Вебер)
«Саясат – қоғам ішіндегі құндылықтарды билік арқылы реттеу»
(Д. Истон)
«Саясат принциптер күресін жамылған мүдделер күресі. Жеке бастың пайдасы
үшін қоғамдық істерді басқару»
(А. Бирс)
«Саясат – жоғары мәнде өмір, ал өмір саясат»
(О. Шпенглер)
«Саясатты зерттеу – ықпал мен ықпал етушіні зерттеу, басқаша айтқанда, кім не
пайда табады, қашан және қалай»
(Г. Лассуэл)
Бұл анықтамалардың әрқайсысы шындыққа негізделген және саяси
өмірдің көп қырларын ашып береді, анықтамалардың әртүрлілігі
саясаттың көпқырлылығын және күрделі құбылыс екндігін білдіреді.
Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:
Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады.
Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда
жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.
Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз
аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар
саясатты белсене жүргізеді.
Ұлттық деңгей саясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл
мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін
анықтайды.
Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі
субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады.
Саясаттанудың
пәні, қызметі, әдістері және
парадигмалары
Саясатты түсіну ежелден бастау алады. Оны ғылыми тұрғыда шешу кейінгі ғасырларға
келеді.
Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім
саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның
экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия
университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал
Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж
Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі
халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін
ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері
анықталды. Олар:
Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар тарихы);
Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік
тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер);
Саяси мәдениет және сана;
Саяси даму және модернизация;
Саясат субъектілері;
Халықаралық қатынастар.
Қазақстандағы саяси ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық
мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық
қауіпсіздік мәселелері кіреді.
Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді
атқарады:
Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі
түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын
анықтайды.
Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде,
мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.
Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен
жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.
Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру
және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.
Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары мен
жетістіктерін анықтайды.
Саясаттану әдістері:
Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады.
(грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру
жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы.
Институционалды әдіс арқылы Конституция, мемлекеттің заңдар мен
қоғамның нормалары мен тәртібін зерттеу арқылы тұтас дамудың мәнін
ашады.
Салыстырмалы әдіс ежелден таныс, саяси объектілерді салыстыра
отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын білу.
Әлеуметтенулық әдіс арқылы нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық
зерттеу жүргізу арқылы қоғамның саясатқа қатынасын білуге болады.
Антропологиялық әдіс адам табиғаты ерекшелігінен туындайды. Бұл
әдіс адам типі мен саясат байланысы, ұлттық сипаттың саяси дамуға
әсер етуі немесе керісінше, саяси дамудың ұлт сипатына әсер ету
мәселелерін шешуге көмектеседі.
Саясаттану әдістері: (жалғасы)
Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-
құлықтық субъективті механизмдерін және сонымен бірге
психологиялық мотивацияның механизмдерін зерттеуге бағытталған.
Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші
жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға
негізделген.
Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін
қалыптастырады.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары:
әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік
парадигмалар. Парадигма-үлгі деген мағына береді.
Саясаттану ғылымының маңыздылығы
Отандық саясаттану ғылымы тағдыры өте қиын қалыптасты. ХХ
ғасырдың басындағы қоғамда болған ірі-ірі өзгерістер халық зиялыларының
елдің саяси болашағы жайлы толғануларына әсер етті. Олар өз еңбектерінде
саяси тағдыр, революция, мемлекет, билік мәселелері жайлы ойлар жазды.
Кеңес Одағы кезінде саясаттану ғылымымен айналысуға тиым салды. Тек
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, Қазақстанда саясаттану пән ретінде
оқытыла бастады.
Жоғары оқу қоғамдағы ірі салалардың бірі. Студенттер тек қана базалық
білімдер жинағын лап қана қоймай, сонымен бірге жаңа білім алуға дағды
қалыптастырады. Қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси және құқықтық
құндылықтарды меңгереді. Бұл болашақ қоғамның субъектісіне толық тұлға
болып қалыптасу үшін мүмкіндік береді. Ал сол жоғары оқуды
гуманизациялау мемлекеттік бағдарламада негізгі жолға қойылған.
Студентке саяси білімнің қажеті не деген сұрақ
туындайды. Саяси сауатсыз адам қазіргі қоғамда
өзіндік пікір қалыптастырып, таңдау жасай
алмайды. Көптеген идеялық ұстанымдарға сене
беруі мүмкін. Ал саясаттан хабары бар, оның
заңдылықтары мен тенденцияларын, қыр-сырын
білетін және меңгерген адам демократиялық
принциптер мен құндылықтарды жете меңгеріп,
оның маңыздылығын түсіне алады және соны
орнатуда белсенді іс-әрекет ету жолдарын анықтай
алады.

Ұқсас жұмыстар
Саясаттанудың категориялары мен түсініктері
Саясат мүмкін өнер ретінде
Саясаттанудың қызметі
Саясаттану ғылымының әлеуметтік - гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Саясаттану парадигмалары
Саясаттану – ғылымы»
Саяси ғылымдардың құрылымдары мен парадигмалары
Саясаттану тарихы
Саяси институттар
САЯСАТТАНУ
Пәндер