Мемлекет түсінігі


Slide 1

Мемлекет түсінігі.

Мемлекеттің шығу тарихы.

Slide 2

Мемлекет түсінігі

Мемлекеттің шығу теориялары

Мемлекеттің пайда болуы

Мемлекет белгілері

Мемлекеттің нысаны

Мемлекет қызметтері

Slide 3

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Slide 4

ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯ

Құдайды тану ғылымы. Өкілі: Фомо Аквинский, Лютор.

ПАТРИАЛХАЛДЫҚ ТЕОРИЯ

Мемлекет және құқық отбасында шыққан.

ШАРТ ТЕОРИЯСЫ

Алғаш рет Франция және Америкада пайда болды. Мемлекет пен құқық келісім шарт негізінде пайда болған. Өкілдері: Жан Марк Руссо. Мақсаты: мемлекет, билік қоғамға бағыну, қызмет жасау керек.

КҮШТЕУ ТЕОРИЯСЫ

Мемлекет және құқық күш жұмсаған нәтижесінде бір тайпа басқа тайпаны жаулап алып жаңа мемлекет құрады. Өкілдері:Дюринк, Кауский. Мақсаты: халықты мемлекетке бағындыру.

Slide 5

МАРКСТІК НЕ ТАПТЫҚ ТЕОРИЯ

Мемлекет және құқық қоғамда еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің жеке бір біріне қарама қайшы таптардың бөлінуі негізінде пайда болды. Өкілдері: Карл Маркс, Ленин, Энгельс.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯ

Мемлекет және құқықтың пайда болуы адамның санасына байланысты. Өкілдері: Тард, Фрезер.

ОРГАНИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ

Өкілдері: Платон, Спенсер.

Slide 6

Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді. Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.

Slide 7

Мемлекеттің белгілері

Slide 8

Мемлекеттің нысаны

БАСҚАРУ НЫСАНЫ

МЕМЛЕКЕТТІҢ

ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ

ӘКІМШІЛІК

ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ

Slide 9

Монархия

Монархия (гр. μοναρχία біртұтас билік) абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Конституциялық монархия- атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруы. Мысалы: қазіргі Англия, Жапония.

Республикалық басқару

Республикалық басқару парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады

Slide 10 Slide 11

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу(бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым.


Ұқсас жұмыстар
ДІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ТӘСІЛДЕРІ
Қазақстан құқықтық мемлекет
Критериалды бағалау
Құқықтық қатынастың субъектілері
Саяси тұрақтылық және тұрақсыздық
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары туралы
Геометрия бөлімінің бөлімшелері
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Азаматтық құқық қағидаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz