САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ САЙЛАУ


Slide 1

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

Slide 2

САЙЛАУ

сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға адам таңдау науқаны. Азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақтынысаны болып табылады.

Slide 3

Демократиялық қоғамда сайлау мынадай міндет атқарады: мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады; саяси элита мен жетекшілерді іріктейді; үкіметпен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды; мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді; саяси жанжалдың алдын алады. Осы міндеттер атқарылу үшін сайлау жалпыға бірдей, тең, төте (жанама сайлаудың демократиялығы төмен), жарыспалы, ерікті түрде өтуге тиіс.

Slide 4

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі - тар және кең мағынада қолданылады.

Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз - Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізумен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады.

Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз - сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саясипартиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Slide 5

Тепе-теңдік (пропорциялық)

Дүние жүзінде сайлау жүйесінің негізгі үш түрі бар

Мажоритарлық

Аралас

Slide 6

Мажориталық (мажор - көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.

Өз кезегінде, мажоритарлық жүйе төмендегі екі түрге бөлінеді:

берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына

берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно) басымдылығына

Абсолютті басымдылық жүйесінде сайлаушылардың 50 проценттен (50% +1) басымы дауыс бергенде кандидат сайланды деп есептеледі. 1958 жылдан бері мұндай жүйе Францияда бар.

Ал, салыстырмалы басымдылық жүйесінде басқа кандидаттардың бәріне қарағанда көп дауыс алу мүмкіндігіне орай жеңген кандидат сайланады. Мұндай жүйе өте көп таралған әрі көп қолданылады.

Slide 7

Тепе-теңдік (пропорциялық) сайлау жүйесінің мажоритарлық сайлау жүйесінен айырмашылығы бар. Яғни, тепе-теңдік сайлау жүйесі басымдылық принципіне емес, қайта алынған дауыстар мен жеңіп алынған маңдаттардың тепе-теңдік принципіне сүйене жасалады.

Тепе-теңдік жүйе толық (яғни, сайлау округі болып бүкіл елсаналса) және шектеулі (яғни, елдің аумағында бірнеше округтер құрылған болса) болуы мүмкін. Тепе-теңдік жүйе бойынша Жапония, Бельгия, Италия, Норвегия, ФРГ, Швейцария және т. б. елдер сайлау өткізеді.

Тепе-теңдік жүйеде әрбір саяси партия сайланатын орынға өзі кандидаттарының тізімін ұсынады, ал сайлаушылар, әдетте, бұл тізімге тұтастай дауыс береді.

Slide 8

Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажориталық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен (тепе-теңдік жүйемен) жүзеге асыруды айтады. Аралас жүйе, мысалы, Герман Бундестагына сайлауда ФРГ де қолданылады. 1994 жылы 16 қазанда Бундестагтың кезекті сайлауында депутаттардың жартысы (барлық депутаттар - 656) бірмандатты округтер бойынша көпшілікке бағынышты мажоритарлық жүйемен, ал екінші жартысы-тепе-теңдік жүйемен (саяси партиялардың тізімі бойынша) сайланды.

Slide 9

Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауысберу өткізілмейді) ; қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Slide 10

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

республикалық орталық сайлау комиссиясы;

аумақтық сайлау комиссиялары;

округтік сайлау комиссиялары;

учаскелік сайлау комиссиялары.

Slide 11

Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі - бес жыл. ҚР-ның орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін республика президентінің ұсынуы бойынша парламент мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Сайлау жүйелері және сайлау
Сайлау жүйесі
Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі - бес жыл
Мажоритарлы жүйе
Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Сайлау құқығы қағидаттары
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
Сайлау жүйелері
Республикасының сайлау жүйесі
САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ САЙЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz