САЯСИ ДАМУ


Slide 1 Slide 2

САЯСИ ДАМУ

Slide 3

САЯСИ ДАМУ

Slide 4

Саяси даму − саяси құрылымдар, қалыптар, институттардың жаңа әлеуметтiк, экономикалық және т. б. мәселелердi тез арада қабылдау қабiлетi мен сезiну икемдiлiгiне, әрi қоғамдық пiкiрдi қабылдау мүмкiндiгiне тәуелдi. Демек, керi байланыстың тұрақты механизмi қалыптасуы тиiс, бұл дегенiмiз басқарудың тиiмдi буындары тұрғындар пiкiрлерiн есепке алуға қабiлеттi, шешiмдi тиiмдi таратушы, саяси жүйе шиеленiстi реттеудiң икемдi механизмiне айналған және билiктi қолданудың тиiмдi жолдарын таңдаған деген сөз. Мұнда бұл мемлекет қандай нақты ұлттық-мемлекеттiк форманың өзгерiсiн иеленетiндiгi ешқандай мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты анықтайтындығы ешбiр рөл атқармайды. Ең негiзгiсi, саяси институттардың жаңа проблемелерды шеше бiлу қабiлетiнде, оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билiк жүйесiнiң жағымды динамикасын, өмiр сүрудiң жаңа сапасына өткендiгiн бейнелейдi. Бұл пiкiрдi Д. Истон, Г. Алмонд және Г. Пауэлдiң саяси жүйедегi ең бастысы оның құрылымында емес, iс-әрекетiнде деген тұжырымдары да растайды.

Slide 5

Саяси даму дегенiмiз саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы.

Саяси дамудың мақсаты қандай да бiр тиянақты саяси қатынас пен қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу. Саяси даму процесi саяси жүйенiң iшiнде оның мақсатының мынадай факторлармен − әлеуметтiк-экономикалық даму тұрақтылық, теңдiк, қатысу т. б. өзара байланысы болуын талап етедi. Табысты бөлудегi теңсiздiк пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму жағдайында әлеуметтiк қиналыс, саяси тұрақсыздық күшейедi, сөйтiп саяси даму процесi бұзылады.

Slide 6

САЯСИ ДАМУ

Slide 7

Талаптар мен қолдауды артикуляциялау, оны әр түрлi күштеу топтары мен саяси партиялар атқарады. Егер олардың қызметi шектетiлетiн болса, онда саяси жүйенiң бейiмделу мүмкiндiгi әлсiрейдi. Талаптарды електеу, белгiлi бiр каналдарға бөлу. Ол мәдени әрi құрылымдық болып екiге бөлiнедi. Құрылымдық немесе саяси түрi, оған партия, жоғары қабат, парламентаризм жатады. Мәдени реттеуге саяси қалыптар, құндылықтар, түсiнiктер, көзқарастар жатады. Сондықтан мұнда саяси әлеуметтендiру рөлi басым. Талаптарды қысқарту, топтастыру, баламалық талдауды қалыптастыру. Бұл қызметтi саяси партиялар тиiмдi атқарады. Қазақстан Республикасында саяси партиялардың әлсiздiгi саяси жүйенiң сыртқы және iшкi өзгерiстерге тез арада бейiмдiлуiнiң стратегиялық потенциалын төмендетуде.

Керi байланыс қоғамдағы шиеленiстердi шешудiң бiрден-бiр көзi, ол билiктiң саяси жүйеге түскен талап-тiлектердi реттеу қабiлетiне байланысты. Керi байланыс саяси жүйенiң өзiнiң мақсатына қаншалықты жеткендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасында саяси жүйе керi байланыс әлсiздiгiнен қиналысқа ұшырауда. Бұл саяси жүйенiң ақпараттар каналдарының қызметi әлсiздiгiне байланысты.

Slide 8

САЯСИ ДАМУ


Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚ САНЫ, УРБАНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
ҚАЗАҚСТАН МЕН АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ: АЙМАҚТЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Саяси модернизация түсінігі
САЯСАТТЫҢ МӘНІ
Саяси әлеуметтену
Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани
САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ
Саяси ғылымның теориялық аспектілері
Қазақстанның саяси элитасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz