СОҒЫС СТРАТЕГИЯСЫ ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ


Slide 1

Танғұттардың си-ся мемлекеті (982-1227)

Дайындаған:Ташеменов К. Н

Тексерген: Хибина З. Н

Slide 2

Жоспары: 1. си-ся мемлекетінің құрылу алғышарттары 2. Юань-хао император тұсындағы танғұттар 3. Ел аумағы мен халық шаруашылығы 4. Тангұт мәдениеті мен діні 5. Си ся мемлекетінің әскери күш қуаты 6. шыңғыс хан жорығы және мемлекеттің өмір сүруінің тоқтауы

Slide 3

ҮІІ-ІХ ғасырлардағы тибет-қытай бақталастығы қазіргі таңдағы Қытай жеріндегі цинхай және сычуань провинцияларынын аумағындағы цянь және сянь халықтарынын тағдарынын өзгеруіне әкеліп соқты. Сянбилік туюйхунь мемлекеті 400 жылдай(285-663) аралығында өмір сүріп тибеттіктер күшімен жойылды. Іх ғ. дансянь билеуші әулеті, еуропа ғылымында тангуттар(өздерін минья деді) атымен белгілі ордос орталығында күшейе түсті.

Slide 4 Slide 5

Ұлттық таным, ұлттық мүдде орайындағы түбегейлі саясат нәтижесінде таңғұт мәдениеті биік деңгейге жетеді. Император Юань-хао 1036 жылы ежелгі қытай иероглиф таңбалары негізінде қалыптанған жаңа таңғұт жазуын қолданысқа енгізеді. Ізінше, 1039 жылы таңғұт жазулы, таңғұт тілді ұлттық мектептер ашу туралы жарлық береді. Бұрнағы, қытай үлгісіндегі сауат пен білім енді ұлттық арнаға көшіріліпті. Ұлттық намыстың бір көрінісі - Сұң патшалығымен, әуелде Қидан, одан кейінгі Шүржен елдерімен арадағы дипломатиялық қатынас қағаздары қытай тілінде жазылғанымен, таңғұт тіліндегі нұсқалары қоса жолданып отырған екен. Әлбетте, әуел бастан-ақ таңғұт жұртына қытай мәдениетінің, қытай рәсім-салтының ықпалы аса күшті болған. Ел-аралық қатынас орайында, және жалпы мәдени үрдіс мақсатында, таңғұт тілді мектептермен қатар, қытай тілді мектептер қалыптасады. Әдепкі қытай үлгісі бойынша, ксилография тәсілімен кітап шығару және оның кеңінен таралымы жақсы жолға қойылыпты. Ұлттық дәстүр және қытай әсеріндегі өнер мен әдебиет өсіп-өркендейді.

Мемлекеттік дін - буддизм болған. Сонымен қатар, Кұңфудзы ілімі мен даосизм кеңінен таралады, халықтың біршама бөлігі аруаққа, тылсымға табынған ежелгі дәстүр-салтын ұстанады.

Slide 6

Бес аймақтан тұратын ордос орталығы Х ғасырда тәуелсіз аймаққа айналды. танғұттардын тоба үйінің күшеюіне қидандық ляо мемлекеті септігін тигізді. Қытай елінің сун(960) әулетінің қол астына бірігуі танғұттық тоба үйінің әрі қарай өмір сүруіне үлкен күмән болды. Тангұттардың билеуші әулетінің мүшесі тоба цзисянь қытайға ашық қарсылық танытып, си-ся мемлекетін құруға негіз салды.

Slide 7

Ляо мен танғұт арасы жақын болды. 989 жылы қидан ханшайымын Цзицянь әйелдікке алып, өзін жаңадан құрылған Си Ся мемлекетін ваны деп жариялайды. 997 жылы Цзицянь ван бүкіл бес аймаққа біріккен билігін орнатады. Си СЯ мемлекеті өзінің шекарасын тек қана батысқа және оңтүстік батысқа кеңейтіп отырды. Себебі қалған аумақтарда туысқан цянь тайпасы және Сун, Ляо империиялары болды. 1004 жылы Цзицянь ван қайтыс болып, таққа Дэмин ван отырды. Ол батысты толық жаулау үшін Сун әулетімен келісімге келіп, өзін ЦЗЕДУИТ (әскери губернатор) деп жариялайды. Қытай билігін мойындап Сун әулеті оған Сипин ван деген атағын береді. Дэмин ван өз әкесін Цзицяньді император, ал өзінің баласы Юань Хао император мұрагері деп жариялайды. Ал әйелі императрица титулын алды. Сонымен қатар Дэмин ван ел астанасын Синчжоу қаласына көшіреді.

Slide 8 Slide 9

Юань-хао заманында (1031-1048) Таңғұт мемлекеті өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетеді. Ұлыстың әскери ұжымын күшейте түскен, өз жұртында уцзу, қытайша хуанди, яғни император атағын алған Юань-хао жиын саны 150 мың, қаруы келісті, құрылымы берік, қуатты әскер жасақтаған екен. Шығыста Сұң, терістік-шығыста Қидан империяларымен ұтымды соғыстар жүргізеді, түстік-батыста тибет тайпаларын тықсырып, Көкөнор алқабын біржола баураса, батыс қапталдағы Ганьчжоу-ұйғыр патшалығын тақи-таза қиратады, қырғынға ұшыраған ұйғырлардың шамалы бөлігі Тибет тарабына ығысады, енді бір азғанасы Бешбалық-Кучадағы ағайындарына барып бас сауғалапты, сөйтіп, құнарлы алқап - Эдзин-гол өзенінің ұзына бойы Таңғұт иелігіне біржола көшеді.

Slide 10

Осы, айрықша дәуірлеген шағында, одан әрі, туы құлаған ақырғы сәтіне дейін Таңғұт мемлекетінің шекарасы шығыста Хуаңхэ дариясының төменгі иіні, Тұр-қорғанның ішкі бетінен - батыста Хами жазығына дейінгі, терістікте Гоби шөлінен - түстікте Көкөнор қыратына дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан екен. Бұл кезде бұрын отырықшы болған байырғы халықтың біраз бөлігі жаңа мекен, ондағы көшпенділер әсерімен шашырай қонып, малшылық кәсіпке жетігеді. Сөйтіп, ел ішінде қалалық мәдениет, ежелгі егіншілікпен қатар, өркендеген мал шаруашылығы, далалық дәстүрлі тіршілік қалыптасады. Ендігі заманда Таңғұт елінің ішкі ауқаты, сыртқы саудасында мал сүмесі мен егіншілік өнімдері қатарлас, астас қызмет атқарады.

Slide 11

Таңғұт әскері, соғыс қабілеті ғана емес, әдіс-айла, жарақтану тұрғысынан Оңтүстік-Шығыс Азияда Қидан, Шүржен, Сун армияларымен шендес, айрықша қуатты әскер саналған. Он бес пен алпыс жас аралығындағы еркек кіндікті түгел қару ұстауға міндетті болыпты. Соғыс стратегиясы ежелгі қытай негізді, ал тактикасы далалық тайпалар дәстүрімен жалғастық танытады. Империяның соңғы кезеңінде қарулы шеріктің жалпы саны 500 мыңға, енді бір деректерде, тіпті, 800 мыңға тартады. Қайткенде де аса мол жасақ. Мемлекет боғдыхан Жэнь-сяо тұсында алдыңғы державалар қатарынан көрініп, елдің жағдайы тұрақты және дами түсті. Патшалықтағы халықтың жалпы саны туралы нақты дерек жоқ. Енді бір зерттеушілер әскер қарасынына (500 мың) орай, екі жарым миллион деп шамалайды. Ондай жағдайда бұл - тек негізгі халық таңғұттардың ғана мөлшерін көрсетпек. Құдыретті көршілерімен салыстырғанда ұзын саны шектеулі болса да, қуатты әскерінің арқасында Таңғұт елі ұзақ екі жүз елу жыл бойы ту көтеріп, салтанат құрып отырды.

Slide 12

Таңғұттар тек Сұң ғана емес, әуелде Қидан, кейін оған жалғас Шүржен империяларымен де көбіне-көп соғыс жағдайында болады. Мәселен, 1044 жылы күзде Қидан императорының өзі бастаған екі жүз мыңдық қалың қол үш лек болып шекарадан өткенде, жауынгер Юань-хао далалық көшпенділердің үйреншікті тәсілімен шегіне шайқасып, ақыры кең далада, қолайлы жағдайда бетпе-бет ұрыс ашады да, қидан әскерін тас-талқан қылып жеңеді; сондай-ақ Юань-хао өлгеннен кейін қидандар қайта аттанған, 1049-1053 жылғы жаңа соғыс та шабуылдаушы жақ үшін үлкен шығынмен, нәтижесіз аяқталады. Келесі тарихи дәуірде қидандардың орнын басқан шүржендер де баянды татулық жайын ойламапты. Екі империяның да күні батар қарсаңда, 1214-1224 жылдары, тұтас он жылға созылған қырғын шүржендердің де, таңғұттардың да титығына жетті деп саналады.

Slide 13

Жинақтап қарасақ, таңғұттар өзінің екі жарым ғасырлық тарихында төңірегімен түгел жауласыпты. Соған қарамастан, империялық саясат алмағайып кезеңдерде біршама көрегендік танытып отырғанын байқаймыз. Мәселен, Қидан-Шүршіт соғысы басталғанда таңғұттар бұрыннан жаулас қиданға көмекке шығады. Тікелей әскер аттандыру үстіне, Шүрженмен одақтасқан Сұң патшалығына қарсы кең көлемді, дүркін жортуылдар жасайды. Әлбетте, шүршіттің қатері басымырақ дұшпан екенін аңдап, өзімен тепе-тең жағдайдағы, үйреншікті Қидан ұлысы орнында қалса деген әрекет. Арада жүз жыл өтіп, енді Шүржен мен Сун арасында зор майдан басталғанда азғана соғыс қимылынан аспай, екі жақты да үміттендіре отырып, ұтымды бейтараптық сақтайды, нәтижесінде Қытай тарабында да, Тибет тарабында да жерін кеңейтіп, алдағы елу жыл - XII ғасырдың екінші жарымында іргелес екі империямен де бейбіт жағдайда, жұртын тыныштықта ұстап, елінің күш-қуатын ғана емес, әл-ауқатын да арттырып, мәдениетін өркендетіп, ұлыс тарихындағы ең бір мамыражай дәуірін өткеріпті.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
ІЛЕСПЕ АУДАРМА ТУРА АУДАРМА
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени - өркениеттік рөлін айқындау
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
Ғұн мемлекетінің сипаты
Ғұндар
ТАЙПАЛАРДЫҢ НАНЫМ - СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Оңтүстік Корея
Ғұндар тарихы
АТАМЕКЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz