Біріккен Нидерландтың Тәуелсіздік алуы
Презентация қосу
НИДЕРЛАНД
БУРЖУАЗИЯЛЫҚ
РЕВОЛЮЦИЯСЫ
ОРЫНДАҒАН:ТАШЕМЕНОВ К.Н
ТЕКСЕРГЕН: ХИБИНА З.Н
ЖОСПАРЫ:
1 Революцияның алғышарттары
2 Революцияның уақытша жеңіске жетуі
3 Гент бітімі және он сегіздер комитеті
4 Діни жағдайы
5 Біріккен Нидерландтың Тәуелсіздік алуы
Революцияның алғы шарты XVI ғасыр бойына қалыптасты. Бургундия герцоктігінің билеушілерінің бірі
Мария Бургундская XV ғасырдың аяғында құдіретті Максимилиан Габсбургпен некеге тұрды. Бұл неке
оның әлсіреп тұрған билігін күшейтті. Осыдан кейін Нидерланд жері династиялық Гаубсбургтерге
бағынышты болды.
Карл V Габсбургтың (1500 – 1558 жж.) билігі кезінде 1548 жылы Аугсбург келісімі бойынша және 1549 жылы
Прагматика санкциясы кезінде Нидерландияның 17 облысы, оның ішінде Фландрия, Голландия, Зеландия,
Фрисландия және Утрехт бір тұтас мұрагерлік аймақ ретінде заңды түрде Габсбург империясына қосылды.
Нидерландияның оңай қосылуы жай жасалған шешім емес еді. Нидерлан жерінің Габсбургтер құрған одақ
құрамына кіруі үлкен пайда берді, нақтырақ айтқанда империя салығында жеңілдіктерге ие болды. 1555
жылы империя тарағаннан кейін, Нидерландқтар Филипп ІІ-нің билігіне өтті. Бұл ортағасырлық саяси
жүйеде айтарлықтай елең еткізерлік жаңалық болмағанмен, кейін жаңа заманның қоғамдық қатнастары
қалыптаса бастағанда Нидерлендияға үлкен зиян келтірді. Нидерланд жері Испанияның провинциясына
айналды және испан шенеуніктері тағайындаған штатгальтерлер арқылы басқарылды. Сырттай қарағанда
тек саяси орталық ауысқандай болғанмен, шындығында мәселе тереңде жатыр еді. Нақтырақ айтар болсақ,
Нидерланд жерінде кімнің билігі орнаса да, тұрғылықты халық Нидерландқтар еді. Шет жерлерден келген
саяси билеушілердің саяси-экономикалық шешімдерді өз қалауларынша қабылдауы, жергілікті халықты
төмендетуі Нидерланд тұрғындарының ұлт ретінде қалыптасуып, бірігуіне себепкер болды. Тарихтан
білетініміздей кез-келген аймақтың тұрғындары ұлт ретінде қалыптасып, біріккенде өзгелерге тәуелсіз жеке
мемлекет құруға ұмтылады. Бұл табиғи заңдылық. Олай болса, өндірісі дамып, экономикасы өркендеу
кезеңіне аяқ басқан Нидерланд жерінің Испан карольдігінің қанауына қарсы шығуын тәуелсіздікке ұмтылу
деп айтуымызға толық негіз бар. Сондықтан, Нидерландияның саяси эволюциялық дамуын буржуазиялық
революцияның негізгі себептерінің бірі деп айтуға болады.
АУМАҒЫ
Филипп патша Нидерланд буржуазиялық революциясының көтерілуіне негізгі себепші болған адам. Оның
қорғанысы әлсіз, бірақ бай Нидерландқтарды тонауға бағытталған саясаты халықты қарулы көтеріліс
жасауға мәжбүр етті.
Филипптің бүкіл саясаты байлыққа болашақта бағынышты аймақтардан салық салу арқылы баюды
көздеген ақсүйектер мен патша қаржыгерлерінің жоспарларына негізделген болатын. Оның үстіне
Испанияның тоқыраған өз ішкі экономикасы Нидерландия балығын тонауына агрессивті сипат берді.
Испанияның Нидерланд жерін түрлі жолдармен тонауы оның экономикалық және әлеуметтік жағдайын
бірден көтерді. Жалпы испандықтар кез-келген өзге тілді өлкені шелек салып алтын ала беруге болатын
ешкімнің иелігіне кірмейтін қорғаусыз құдық секілді қабылдады. Бірақ XVI ғасырда Испанияға бағынатын
жерлерде Нидердандия секілді сауда арқылы экономикасы жоғары дәрежеде дамып келе жатқан өлке жоқ
болғандықтан, қажетті қаржылардың барлық ауыртпалығы осы жерге салынды.
Филипп Нидерланд жерінен қолы жеткеннің бәрін алуды мақсат етті. Сондықтан, темірдей тәртіп орнату
қажеттілігі туған уақыттарды пайдаланып, өз ойларын жүзеге асырып отырды. Ол Нидерланд жеріне
Францияға қарсы соғыс кезінде кіргізілген әскерді қалдырды.
Осы әскер арқылы бағынышты өлкедегі Мемлекеттік кеңес құрамындағы өз адамдарына биліктің бар
мүмкіншіліктерін жасап берді. Бұл салықтар мен баж салығын көтеруге кедергілердің барлығын жойды.
Нақтырақ айтқанда, Испанияға Нидерландияны тонудың барлық жолы ашылды.
Аймақта Испан әскерінің тұрақты орналасуы Филипп ІІ үкіметіне кез-келген жоспарларын жүзеге асыруға
мүмкіндік жасады. Бірақ ол Нидерландияның ұлттық қорына қол салды. Барлығын заң жүзінде жасады:
Филипп нидерланд қаржыгерлерінен бірнеше жылға жобамен айтқанда 3 млн. гульдендей ақша қарызға
алды. Бұл ақшаның барлығы қайтаруға мәжбүр болған Филипптің шет елдегі қарыздарына төленді.
Бірақ алған қарызды нидерландтық қаржыгерлерге де қайтару керек болатын. Испан каролі ақшаны
қайтармау жоспарымен 1557 жылы испан мемлекетін банкрот болды деп жариялады. Бұл нидерланд
қаржыгерлеріне үлкен шығын алып келді.
XIV ғасырдан бері экономикалық даму жүйесі кең ауқымды даму арнасына түсіп алғандықтан,
Нидерландия біраз есеңгіреп қалғанмен, көп ұзамай есін жинады. Бүкіл қаражатынан бір күнде айырылған
қиын жағдайдан шығу нидерландияның мүмкіндіктерін айқындап берді. Филипп ІІ өзінің бұрынғы
саясатын жалғастырды. 1560 жылы Испания жүн импортының баж салығын 40% көтерді. Осыған
байланысты Нидерландияда импорт екі есеге қысқарды. Бұл нидерланд халқына жасалған қанаушылық
әрекеттердің бірі еді. Сонымен бірге, испандықтардың Нидерландқтар бұған қалай әсер берер екен деген
сыни әрекеті десе де болады. Бұл сын Нидерландқтарды естен тандырарлық жағдайда қалдырды. Бұл жерде
мата шығаратын мануфактуралар көп пайда беретін. Енді жоғарыдағы испан қанаушыларының туғызған
қиындықтарынан кейін матаға қажетті шикізат өнімдерін өздерінде өндіруде көп қиындықтар туғызды.
Сондықтан мануфактуралар қажетті жүнді Испаниядан ала бастады.
Нидерландқтардың басқа жолы қалмағандықтан не үлкен экономикалық аппатпен өндірісін жабады, не
кез-келген шартқа келісетіндігін испандықтар өте жақсы білді. Өйткені Англия мен басқа еуропалық
мемлекеттер ол уақытта нидерландияны қажетті шикізатпен қамтамасыз ете алмайтын еді. Бұл Нидерланд
экономикасына үлкен соққы болып тиді.
Қалыптасқан жағдай осы жерде XIV ғасырдағы Француз каролі Филипп IV-тің Фландрияны көтеріліске алып
келген жағдайға ұқсас. Өндірістік қалаларға карольдің ауыр салықтар салуы халықтың наразылығын
тудырған. Кароль Фландрия арқылы Англияға зиан жасамақ болған. Нақтырақ айтқанда ол Фландрия
саясатына ықпал ете отырып жауына қарсы пайдаланғысы келді. Бірақ Филиппен арадағы саяси қатынасқа
қарағанда Англиямен арадағы экономикалық қатынас күштірек болып кішкентай Фландрия Француз
патшасынан қорықпай ашық қақтығысқа шықты. Өкінішке орай фландриялықтардың батыл әрекеті
француз әскерінің қатты соққысымен басылды. Жеңістен кейін Филипп патша Фландрияның теңіз
жағалауындағы бөлігін өз қарауында ұстап, Франциядан сырт жерлерден шикізат алуға тыйым салды. Бұл
Нидерланд саудасының XIV ғасырдың өзінде сыртқы импорт-экспортқа тәуелді болғанын көрсетеді.
Испан каролі Филип ІІ баж салығын көтергендіктен сырттан алынатын шикізатқа тыйым
салмады. Бірақ Нидерландқ саудагерлерге испан колонияларына баруға рұқсат бермеді. Ал
англо-испан қақтығыстары Англиямен арадағы саудаға зиянын тигізді. Нидерландияның шет
елдермен саудасының кең дамығандығын бұл жерде ешқашан болып көрмеген, флоренциялық
дипломат және тарихшы Людовико Гвиччардини: «Нидерландияда шет елдік саудагерлер
әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда, барлық жерде еркін жүреді екен» деп жазғандығынан
аңғаруға болады. Сол заманның көзі ашық адамының айтқан сөзі XVІ ғасырда нидерланд жерінде
сауда орындары экономикалық жүйеде үлкен орынға ие болғанына дәлел болады. Мұндағы
сауданың дамуымен бірге Филиппке осы аймақтан жылына 2 млн. флорин табыс тұрақты түсіп
отырды. Бұл қаржы Испанияға бағынышты өлкелерден түсетін барлық табыстың тең жартысы
еді. Мысалы: Испанияға Италиядан жылына 1 млн., Жаңа Әлемнен 0,5 млн., Испанияның өзінен
0,5 млн. салық жиналған. Кішкентай Нидерланд жері үшін бұл өте үлкен соққы болды. Филипп
ІІ нің жоғарыда көрсеткен қысымдарының барлығы халық арасында үлкен наразылық тудырды.
Сонымен қатар, кальвинистер мен анабаптистер өндірістік ірі қалаларда, Фландрия, Брабант,
Голландия, Фрисландия және басқада провинциялардың елді мекендері мен тұрақтарында өз
идеяларын жеткізуде үлкен жетістіктерге жетіп, халықтың қолдауына ие болды. Олар енді өз
ойларын халық көп жиналған алаңдарда ашық насихаттай алатын дәрежеге жетті. 1561 жылы
Валансьеде жаңашыл идеалистердің насихатынан кейін жандармерия мен магистрат мүшелерін
қуып, өртегелі жатқан екі еретикті босатып алды. Ерестіктердің орталығы болған Антверпенде
1564 жылы монах Кристоф Фабрициюсті өлім жазасына кесу кезінде халық пен сақшылар
арасында қақтығыс болды.
ИКОНАҒА қарсы көтеріліс
Иконаға қарсы болған көтеріліске қатысушылар испан
қанаушылығынан әбден титықтаған шаруалар мен қала кедейлері
болатын. Өйткені, салықтың ауырлығнан байлардың өзі қиналып
жатқанда, кедейлер мүлде далада қлған еді. Көптеген адамдар
тұрғылықты мекендерінен кетіп, жат жерлік басқыншыларға қарсы
соғыс бастады. Бірақ бұл көтеріліс біріншіден, көтеріліс қатарында
қоғамның барлық өкілі болмады; екіншіден, қозғалыс бүкіл қоғамдық
сипатқа ие болмады; үшіншіден, барлығын топтастырып,
ұйымдастыратын талантты қол басшылар болмады. Осныдай
әлсіздітері көп көтеріліс бір жылдан кейін оңай басылды.
Көтерілісшілер не істеді? дегенге келер болсақ. Бақылаудан шығып
кеткен көтерілісшілер иконалар мен католик шіркеулерін бұзды.
ГЕНТ бітімі
1576 жылы қазанда Гент қаласында билікті өз қолына алған Бас
штаттың жиналысы болды. Елдегі төңкерістік жағдайға қарамастан
патрициаттардың, саудагерлер, католиктер құрамы толық жиналды.
Жиналыста солтүстік провинциялардан келген депутаттар пікірлерін
ашық айтты. 1576 жылы 4 қарашада испан жалдамалылары
Антверпен цитадельінен шығып қаланы қырғын мен тонауға
ұшыратты. Мәліметтерге қарағанда сол жолы Антверпеннің 8 мың
тұрғыны қаза тапқан. Мыңдаған үйлер өртенген . Осы келеңсіз
оқиғадан кейін Антверпен әлемдік экономикалық жүйедегі
ықпалдылығын жоғалтты. Шарасыз қалған Бас штат 8 қарашада
асығыс түрда дайындалған «Гент бейбітшілігі» келісімін жариялады.
«ГЕНТ бейбітшілік» келісімде қабылданған мәселелер:
• испан әскерін елден шығару;
• герцог Альбаның кезінде күшіне енген еретиктерге қарсы заңдар
жинағы «плакаттардың» күшін жою;
• аталмыш заңдар бойынша тұтқындалған адамдарды босату және
сол заң аясында тәркіленген жер мен мүліктерді қайтару;
• Филипп ІІ-нің билігін насихаттау;
• Католик дінінің құқығын қорғау;
• Кальвинизмге тыйым салып, таралуына тосқауыл қою;
• Бүлікшіл Испан жалдамалыларына қарсы әскери операция
ұйымдастыру;
• Нидерландқ көтерісшілер тәркілеген шіркеу жерлерін қайтару;
ОН СЕГІЗДЕР комитеті
Наместниктің сатқындығы Фландрия, Брабант және оңтүстік провинциялардан бастау алған жаңа саяси-
әлеуметтік келбеттегі революцияның басталуына себепкер болды. Нидерлан тұрғындары үшке бөлінді.
Біріншісі, Испанияның саясатын қолдаушы католиктік дініндегі ақсүйектер, саудагерлер, қала
патрициаттары Филипп ІІ мен келісімге келудің жолын іздеді; екіншісі, Ұлт-азаттық соғысқа бекінген
кальвинистік ағымды қолдаушы ірі және ұсақ буржуазия, қала халқы шаруалар; үшінші, басқыншы Испан
саясатына қарсы, бірақ елдегі түбегейлі төңкерістің бақылаудан шығып кетуін қаламайтын ханзада
Оранский бастаған ақсүйектердің бір тобы бейтарап бағыт ұстанды; Сатқындыққа ашуланған халық
магистраттарды орнынан алып, испандықтарды қолдаушы басшыларды тұтқындады және католик дінін
таратушыларды елден қуды. Брюсельде, Антверпенде, Ипрда және Гентта революциялық бағыттағы «Он
сегіздер коммитеті» құрылды. «Он сегіздің» құрамына кальвинизмді қолдаушы буржуазия өкілдері,
адвокаттар, цех шеберлері, саудагерлер, қала патрициаттары кірді. Коммитет мүшелері өздерінің басты
міндеттері қалалар мен елді мекендерді испан басқыншыларынан қорғау деп есептеді. Бірақ уақыт өте келе
олар саясатқа араласып, қалалрды басқаруға араласып, магистраттарды қатаң бақылауға алып, өз
қалағандарын жүзеге асырып отырды. Мысалы: Брюсельде «Он сегіздер коммитеті» мемлекеттік кеңес пен
Бас штатқа қысым жасап мемлекеттік қызметтерде маңызды орындарда отырған испан патшасының
өкілдері мен олардың жақтастарын қызметтен кетіруді және халықты қаруландыруға рұқсат беруді талап
етті. Дегенмен, «Он сегіздер коммитетінің», кальвинист консисторлардың және халықтық қозғалыстың және
қалталы буржуазияның әрекеттері бір мақсатта болғанмен, бір бағытта бірікпеді. Нәтижесінде ұлт-азаттық
қозғалысты ұйымдастырып, басқарушы орталық болмағандықтан Нидерланд жері Испан үстемдігінен
құтыла алмады.
ОН СЕГІЗДЕР комитеті
Өз билігін күшейтуді көздеген ханзада Оранский осыны пайдаланып 1577 жылы Брюссельге
келіп, өз жақтастарының жанкешті әрекетінің нәтижесінде Брабант провинциясының руворды
(төтенше жағдайлардағы ниместник) дәрежесіне қол жеткізді.
Жан-жақты қысымға душар болған Испанияны жақтаушы ақсүйектер осы уақытта
Фландриядағы билікті қолдарына алып, оның астанасы Гентті өз орталықтарына айналдыруға
талпынды. Бірақ 1577 жылғы қазан айындағы Гент тұрғындарының көтерілісі олардың жоспарын
іске асырмай тастады. Кертартпа ақсүйектердің басшысы герцог Арсхот пен оның жақтастары
тұтқындалды. Фландрияда толығымен «Он сегіздер коммитеті» мен консисторлардың билігі
орнады. Осы оқиғадан кейін «Гент бейбітшілігінің» ресми түрде күші жойылды деп
жарияланбағанмен, іс жүзінде аталмыш құжат еш жерде ескерілмейтін болған еді. Нақтырақ
айтқанда онда көрсетілген талаптар мен тиымдар орындалмады. Мысалы: «Он сегіздер
коммитеті» кальвинистік идеядағы уағыздарын Нидерландияның барлық провинцияларында
еркін жүргізе бастады. Бұрынғы билеушілерге бағынышты әскер жасақтары таратылды немесе
қалалардан қуылды. Олардың орынына қалаларды қорғау үшін жаңа құрамдағы әскер
жасақталды. «Он сегіздер коммитеті» шіркеу мүлкін тәркіледі және оны сатудан түскен қаржыға
қаланың қажеттілігіне, әскердің шығынына, сонымен қатар, 1539 жылғы көтерілісті басу кезінде
Карл V жойып жіберген цехтық-муниципальдық құрылысты қалпына келтіруге жұмсады .
Ағылшындар мен голландықтардың бәсекелесінде, Балтықта голландықтардың
позициясы ерекше мықты болатын. Балтық теңізінің жағалауынан Батыс Еyропаға
маңызды тауарларды: кемелік құрылыс ағаш, кенеп (кенептен, кендірден тоқылған мата
және көптеген маңызды тауарларды таситын. Нақты мәліметтердің жетіспеуінен, Балтық
саудасына ағылшындықтардың ену тенденциясын дәл анықтау қиын. Осыған екі көзқарас
болып тұр. Біріншісі - дәстүрлі, оған көптеген зертеушілер сүйенеді, яғни
ағылшындардың Балтыққа қатысуы үздіксіз өсіп отырды және егер де XV ғасырда
Англияның Балтықпен саудасының маңызды бөлігі арасындағы делдал ганзейліктердің
қолында болса, XVI ғасырдың екінші жартысында үкіметтің қолдауына ие болған
ағылшын көпестері Балтық елдерімен сауданы өз қолдарына алды, ал бұл процестің
нәтижесінде, 1579 жылы 17 тамызда Елизаветаның хартиясында жарқын көрініс тапқан
Эстландия немесе Балтық компаниясының құрылуы болды. Ағылшын сауда экспансиясы
XV-XVIII ғасырлардағы дәуірдің символына айналды. XV ғасырдың өзінде ақ ағылшын
көпестері Ганза бақылауларынан құтылуға тырысты, XVI ғасырда олардан құтылды да,
сонымен үкіметтің барлық күшінің қолдауымен Англияның коммерциялық кезеңі
басталды. Балтық теңізінің аймағы ағылшындардың сауда экспансиясының бір бағыты
болды, сондай-ақ 300 жылға жуық ағылшындардың қызығушылығында болды.
Aғылшын үкіметі Нидерландияны өздерінің жылдам қарқынмен дамып келе жатқан болашақ
бақталасы ретінде танитындықтан мүмкіндікті пайдаланып шиеленіскен саяси жағдайды өз
пайдаларына шешуді көздеді. Мемлекеттің көздеген саясатын жүзеге асыру граф Лестерге
жүктелді. Лестер 1587 жылы желтоқсанда Лестер провинциялар бірлестігіне келді .
Провинцияларға Испаниямен, Франциямен және олардың одақтастарымен сауда жасасуға
тыйым салды. Ол билік өкілдерінің, консисторлар мен радикалдардың арасындағы қатнастардың
нашарлығын пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салды. Испандықтармен соғыста оның әскері
жеңіліс тапты. Бас штаттың бос шығындалуды тоқтатып, келісім шарттағыдай қарым-қатнасты
қалпына келетіру және испандықтарға қарсы соғыста жеңуді қамтамасыз ету туралы талаптарын
елемеді. Лестердің Филипп ІІ мен бейбіт келісімге қол қоюы туралы Англиядан келген құпия
нұсқаулықтың қолға түсуі, Елизавета мен оның қолшоқпарының шын мақсатын әшкере етті.
Осыдан кейін Амсердам мен басқа бірнеше қалада көтеріліс жасап басып алу жоспарлары да
жүзеге аспай қалды. Алданғанын білген Нидерландқтар одан теріс айналды. 1587 қараша айында
граф Лестер Англияға қайтып кетті. Осы оқиға мен герцог Анжуйскидің сәтсіздіктері
провинциялар бірлестігін басқарушы ақсүйектерді тәуелсіздік жолында жат жерліктердің
көмегіне сүйенудің мүлде пайдасыз екендігіне көздерін жеткізді. Аталмыш сатқындықтың
Нидерландқтарға тигіген пайдасы олар батыл шешім қабылдап провинциялар бірлестігін
республикаға айналдырды. Біріккен провинциялар республикасының жоғарғы билеуші органы –
Бас Штат, ал мемлекеттік құрылысы республикалық болды.
Билеуші топ саясаттың көптеген сақ қадамдарын меңгерді. Ян фан Олденбарнофелт секілді ірі
ұлттық саяси қайраткерлер пайда болды. Ян фан Олденбарнофелт іс жүзінде республиканың
бүкіл ішкі және сыртқы саясатына басшылық жасады. Осы кезде ханзада Оранскийдің ұлы Морис
Нассауский де өзінің батыл саясаты мен қабылетті қолбасшы ретінде көзге түсіп, халықтың
қолдауын тапты. Ол Лестер келместен бұрын Нидерланд жерінің статхаудері болып сайланған
еді. Бірақ ол кезде оның жастығы мен тәжірибесіздігі саясатқа белсене араласып, ықпал етуіне көп
кедергі болған. 1588 жылы Мористің басшылығымен Республиканың теңіз әскері Филипп ІІ нің
Жеңілмес армадасына үлкен соққы берді. Ағылшындар үшін ең басты сауда тірегі Антверпен
қаласы болды. XVI ғасырдың ортасында авантюристік-көпестер Компаниясы күшті болғаны
соншалық, ішкі ағылшын нарығынан ганзейліктерді толығымен ығыстыруға күші жетті. Сондай-
ақ дәл осы кезеңде aвантюристік-көпестер қаржысы ағылшын өкметінің несие берушісіне
айналған. Сонымен бұл компанияның ықпалы үлкен маңызға ие болды.
Нидерланддан кейін ағылшын көпестерің қызығушылығында сөзсіз Балтық болды. XIV ғасырда
ағылшын-балтық саудасы тек қана ганзей арқылы жүргізілді. XV ғасырдын аяғында
ганзейліктердің қамқорлығы ағылшының сыртқы саудасының дамуына кері әсерін тигізді. XVI
ғасырдың басында Англия өзінің сауда экспанциясын кеңейтуді белсенді түрде бастайды,
ағылшын көпестері барған сайын елдің ішінде өздерінің позицияларын күшейте түседі.
Ағылшын саудасынан шетелдіктерді біртіндеп ығыстыра бастайды, XVI - XVII ғасырларда
Ганзaның жеңілдіктері біртіндеп жоғала бастайды, ал 1598 жылы Лондонда Болат сарайы
жабылады. Осыдан кейін Англиямен қатынас тұрақты жүйеге түсті.
Францияның өз ішінде қиыншылықтар туып Нидерландияға бұрынғыдай араласуына
мүмкіндіктері болмады. 1592 жылы Фарнез француздық католиктерге көмекке
жасақталған экспедициялық әскерге қолбасшы болып тағайындалды. Ал 1596 жылы
Испания кезекті тоқырау жағдайына тап болды. Көршілес ықпалды державалардың
бастарына түскен қиыншылық Нидерландияның мемлекеттік жүйесінің қалыптасып
нығаюына ықпал етті. 1588 – 1598 жылдар аралығында Морис Нассауский жеті
провинция мен оңтүстіктегі біршама аудандардың тұтастығын қалпына келтірді.
Республиканың ішкі саяси жағдайы біршама тұрақталып, экономикасында айтарлықтай
ілгерілеу болды.
XVII ғасырдың басында біраз қиыншылықтар болды. Морис Нассаускийдің оңтүстікті
азат ету мақсатында жасаған жорығы Голландияның бастартуынан кейін Нианортты
алумен тоқтатылды. Голландияның оңтүстікті азат етуден бас тартуларының себебі,
ежелгі қарсыластары Фландрия мен Брабанттың қайта жаңғыруынан қауіптенгендік еді.
Испанияның экономикалық қиындықтарды бастан кешіруі, 1607 жылғы кезекті тоқырау
мен Гибралтар маңында испан теңіз әскерінің Нидерланд флотынан тағыда жеңілуі оны
Нидерландияның пайдасына шешілетін бейбіт келісімге көнуіне мәжбүр етті. 1609 жылы
1621 жылға дейінгі 12 жылдық бейбіт келісім жасалды. Келісімде Біріккен провинциялар
Республикасының шекарасы мен тәуелсіздігі мойындалды.
АМСТЕРДАМ тұрғындары Мюнстер бейбіт келісімін тойлауда
Революция не пайда берді дегенге келер болсақ. Нидерланд
буржуазиялық революциясы жеңіске жетті. Біріккен провинциялар
Республикасы құрылып, аймақта жаңа басқару формасы қалыптасты.
Бірақ 1579 жылы Утрехт униясымен кепіл берілген жаңа құрылыстағы
буржуазиялық-демократиялық мемлекет 1789 жылдан кейінгі
Франциядағыда толыққанды республикалық келбетке өте алмады.
Жоғарғы билеу құзіреті жаңа салық енгізу, заң шығару, соғыс және
бейбітшілік мәселелерін шешу секілді сұрақтарды жөнге салатын билік
орны – Генералдық штатқа берілді. Ондағы провинциялардың
делегациялары бір дауысқа ие болды. Бірақ олардың шешімі барлығы
бірдей дауыс бергенде ғана күшіне енді. Голландияда басшылықпен тек
ақсүйектер айналысты. Тек Фрисландияда ғана ақсүйектермен қатар
қалалықтарда дауыс беруге қатысып тұрды.
Теңіз жолдары арқылы өзге жерлермен тығыз қарым-қатнастың
орнауынан экономикасы мен мәдениетінде қарқынды дамулар болған
Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасы шамалы уақыттың
ішінде сол заманғы Европадағы ықпалды мемлекеттердің қатарына кірді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Чистозвонов А. Н. Нидерландская буржуазная революция
XVI века. М.: Издательство АН СССР, 1958.
2. Историография и проблемы марксистского исследования
нидерландской буржуазной революции XVI в., в сборнике:
Средние века, в. 31, М., 1968;
3. Пиренн А., Нидерландская революция, пер. [с франц.], М.,
1937.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz