Химиялық талдау әдістері




Презентация қосу
Профессор Рузуддиновтың медико-
стоматологиялық колледжі

Тақырыбы:Аналитикалық химия және химиялық
талдау

Орындаған:Уәкілбек А.Н

Тексерген:Нурдаулет Ж.
Алматы 2020
Жоспары:
I.Кіріспе
А)Аналитикалық химия
II.Негізгі бөлім
A)Химиялық талдау әдістері
B)Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері
III.Қорытынды
Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық құрамын,
материалдар құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және
кеңістік құрылысын анықтайтын әдістерді зерттейтін, жаңа
заманауи зерттеу әдістерді жетілдіру жолдарын қарастыратын
ғылым.
Химиялық анализ ауыл шаруашылығында кеңінен
қолданылады. Егіннен мол, сапалы өнім алу үшін топырақ
құрамын, өсімдікке қажет болғанда тыңайтқыш салу керек. Бұл
істерді дұрыс жүргізу үшін аналитикалық химияның әдістерін
дұрыс қолданып анализ жасап қажет мөлшерлері анықталады.
Сонымен қатар, мал шаруашылығынының өнімдерін арттыру
үшін азық-түлік, судың, жайылымдардың сапасын химиялық
анализ жасап, бақылап отырады. Химиялық анализ көмегімен
мал өнімінің (сүт, ет, май т.б.) сапасын қадағалап отырады.
Кәзіргі кезде ауыл шаруашылығындағы мамандар өздеріне
күнделікті қажет клиникалық диагностика, зоогигиена,
микробиология, фармакология, азық-түлік анализі және т.б.
мәселелерімен тікелей араласқан кезде аналитикалық химия
әдістерін білу қажет.
Аналитикалық химияның негізгі мақсаты –
химиялық қосылыстардың сапалық және
сандық құрамын анықтау, сондықтан оны екі
үлкен бөлімге бөлуге болады: сапалық және
сандық талдау.
элементтерден, иондардан, атом топтарынан
немесе молекулалардан тұратынын анықтайды.
Иондарды анықтауда 2 әдіс бар:
1) Анализдің бөлшектеу әдісі белгілі бір
жағдайда әрбір ионды өзіне тән арнайы
реакциялармен табу үшін, кедергі келтіретін басқа
иондарды ығыстыруға негізделген.
2) Жүйелік әдісте кездесетін иондарды топтық
реагент көмегімен белгілі аналитикалық топтарға
бөлуге негізделген. Содан соң әрбір аналитикалық
топтардан иондарды арнайы реакциялармен
ашады.

Сандық талдау заттар құрамындағы
элементтердің, иондардың сандық мөлшерін
анықтайды.
Біріншіден сапалық, содан кейін сандық талдау
жасалады, өйткені сандық анализ әдісін дұрыс
таңдау зерттелетін заттардың құрамына тікелей
Қазіргі кезде аналитикада көптеген әртүрлі
әдістерді қолданады. Оларды барлығын 3 үлкен
топқа бөледі:
1. Химиялық талдау әдістері

2. Физикалық талдау әдістері

3. Физика-химиялық талдау әдістері

4.Биологиялық талдау әдістері
Химиялық әдістер заттар арасында жүретін химиялық
реакцияларға негізделген, олар көбінесе ерітінділерде (суда
немесе қышқылда жиі ерітіледі), кейде құрғақ күйде жүреді және
әр затқа тән тұнба түзілуі, немесе түсті қосылыс пайда болады
немесе газ тәрізді заттарға әкеледі. Анализ мақсатында
қолданылатын химиялық процестер аналитикалық реакциялар
д.а.
Мысалы, калий ионын анықтау үшін мынадай реакция
қолданылады:
NaCl + K Sb(OH)6 = Na Sb(OH)6 + RCl
калий гексагидроксиантимонаты (V)

Реакция нәтижесінде ақ тұнба түзіледі.
Химиялық анализ ыңғайлығы:
•оны кез-келген жерде жүргізуге болады,
•оған тек қолданылатын реактивтер (маркасы хча, хч, оч,)
•қарапайым зертханалық ыдыстар ғана қажет
Химиялық әдістерді 3 топқа бөледі:
1. Гравиметриялық (мөлшерлік) талдау анықталатын заттың
және реакция нәтижесінде түзілген заттын массасын дәлдікпен
өлшеуге негізделген әдіс. Негізгі аспап – аналитикалық таразы
(дәлдігі 0,0001г дейін). Негізгі операция – өлшеу.

2. Титриметриялық (көлемдік) талдау реакцияға жұмсалған
реактивтің көлемін анықтауға негізделген. Негізгі аспап –
бюретка. Негізгі операция –бюретка арқылы титрлеу.

3. Газдық талдау.
Физикалық әдіс – элементтің, ионның
тұрақты физикалық қасиеттеріне негізделген
(түсі, спектрі, тығыздығы, т.б.)
1. Заттың сәулемен (излучение) әрекеттесуіне
негізделген (радиоактивті, атомды-эмиссиялық,
атомды-абсорбциялық)
2. Заттың электр және магнит қасиеттерін
анықтауға негізделген (кондуктометриялық –
электрөткізгіштігін анықтау, потенциометрия –
электродтық потенциалдар арқылы ерітінді рН
анықтау, масс-спектроскопиялық әдістер).
3. Заттың механикалық қасиеттерін анықтау
(тығыздығы, дыбыс жылдамдығы, тұтқырлығы,
қайнау температурасы т.б.)
Физика-химиялық талдау әдістері белгілі бір
химиялық реакция барысында талданатын жүйедегі
өзгерістердің: жарық сіңіру, жарықтың сынуы,
электрөткізгіштік сияқты физикалық сипатын
бақылауға негізделген. Бұл кезде алдымен химиялық
реакция жүргізіліп анықталатын затқа тән айырықша
қосылыс алынады. Содан соң оны физикалық әдіспен
зерттейді. Бұл әдістер үшін арнайы құрал-жабдықтар қажет,
сондықтан бұл әдістер тек лабораториялық жағдайда
жасалынады.

Физика-химиялық талдау әдістерінің артықшылығы:

1) сұрыптамалығы – құрамдас бөліктері арасынан бір
мезгілде тек керектісін сұрыптап, таңдап алу;
2) анализ жылдам жасалады;
3) физика-химиялық әдістерді автоматтандыру оңай.
Сандақ анализде есептеулерді және өлшеуді
мұқият жүргізу керек. Химиялық анализ жасағанда
есептеулер дәлдігі ГОСТпен немесе ТЖ
/техникалық жағдайлар/ мен анықталады.
Мысалы, концентрация есептегенде және
гравиметриялық анализде аналитикалық таразыда
заттың массасы төрт ондық белгілері бар санға
дейін (0,1322 моль/л және 74,5744г) өлшейді.
Титриметриялық анализде ерітіндінің көлемін
бюреткамен өлшегенде екі ондық санға дейін
(0,22мл).
Анализдің нәтижелері мен өлшемдеріне келесі
талаптар қойылады: олар дұрыс, дәл және
қайталанғыш болу керек.
Анализдің дұрыстығы орташа және ақиқат
нәтижелерінің арасындағы айырмашылықпен
сипатталанады.
Өлшемдердің қайталанғыштығы әр түрлі
жағдайларда жасаған өлшеулер нәтижелерінің бір
біріне жуықтығын білдіреді, талдау қайталанымды,
бірақ дұрыс емес бола алатынын ескерген жөн.
Өлшемдердің дәлдігі анықтаулар нәтижелерінің
өлшенетін шаманың ақиқат мәніне жуықтығын
бейнелейді.
Анализдің дәлдігі дұрыстық ұғымымен де
сипатталанады. Дәлдік және қайталанғыштық
ұғымдары бірін бірі толықтырады. Қайталанғыштық
жоқ болғанда дәлдікке қол жеткізу мүмкін емес, бірақ
жақсы қайталанғыштық та жоғары дәлдікті бере
алмайды.
Аналитикалық химияның теориялық негізін
жаратылыстанудың іргелі заңдары құрайды: заттың
массасын және энергиясының сақталу заңы, зат
құрамының тұрақтылығы, әрекеттесуші массалар
және эквиваленттер заңы және т.б.

Аналитикалық химия элементтердің, иондардың
қасиеттеріне және бейорганикалық химияның
теориялық мәселелеріне – массалардың әсер
заңына, химиялық тепе-теңдік, электролиттік
диссоциация теориясына, амфотерлік, тұз гидролизі,
ТТР, комплексті қосылыстар теориясына және т.б.
сүйнеді.
ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ
ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ

СПЕКТРЛІК
ЖӘНЕ ХРОМАТОГРАФИЯ
ОПТИКАЛЫҚ
ТАЛДАУ
ӘДІСТЕРІ
ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ
ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
Оптикалық талдаудың
түрлері
Молекулярлық абсорбциялық анализ
әдістері

Спектрофотометрия

Колориметрия

ИК-спектроскопия

Нефелометрия және турбидиметрия

Люминесцентік (флуориметриялық) анализ

Атомдық абсорбциялық анализ

Поляриметрия

Рефрактометрия
Биологиялық талдау әдістер

Дәрі-дәрмектер мен
олардың шикізаттарына
талдау жасауда кеңінен
қолданылады.
Химиялық
талдаудың
қолданбалы түрлері
Кез-келген шикізаттың және өнімнің сапасын анықтау үшін
қолданбалы аналитикалық қызметтің маңызы жоғары.Оған
техникалық талдау,ауыл шаруашылық талдау,азық-түлік
талдауы, биохимиялық талдау,тазалық-химиялық талдау,дәрі-
дәрмектік талдау, сот-химиялық және т.б талдаулар жатады.
Фармацевтер үшін ең маңызды қолданбалы сала
фармацевтикалық қолдау болып табылады. Оның мақсаты
медициналық өндіріс және дәріханалар дайындайтын дәрілердің
сапасын анықтау. Фармацевтикалық талдауды фармацевтикалық
химия қарастырады. Ол дәрілік препараттардың қасиеттерін
және химиялық талдаудың әдістерін зерттейді: дәрілік
шикізаттың талдауын фармокогнозия; дәрілер технологиясы,
дәрілер сатылы бақылауды қарастырады. Заттардың улылығын
тексеру және соттық химиялық талдаумен токсикологиялық
химия айналысады.
Қорытынды:
Жалпы,аналиткалық химия-химиялық талдау
әдістерін жетілдіріп дамытатын
ғылым.Тұрмыста,тіршілік барысында кең
қолданылады.Сондай-ақ, химиялық талдау-
зерттелетін затты,түрлі қосылыстарды жай
бөлшектерге бөліп,жіктеп және ыдыратуға
негізделген.Бұл терминдер фармацевтика
саласымен тығыз байланыста.Себебі,
дәріханалар дайындайтын дәрінің сапасын
міндетті түрде анықтау керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Патсаев Ә.Қ.Аналитикалық химия, Алматы 2012
2. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000
3. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның
теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

Ұқсас жұмыстар
Физико-химиялық талдау әдістері
Химиялық талдау
Талдаудың аспаптық әдісі
Оптикалық талдау әдістері
Талдаудың физика - химиялық әдістері
Сапалық талдау әдістері
Сапалық талдаудың негізгі принциптері
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САПАЛЫҚ АНЫҚТАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Шикізаттан бастап дайын өнімдеріне дейінгі фосфор құрамдас заттарды физика - химиялық әдістермен зерттеу
Физикалык - химиялық талдау әдістері
Пәндер