Физикалык - химиялық талдау әдістері


Slide 1

ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ МЕДИКО-СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:ПОТЕНЦИОМЕТРИЯ

Орындаған:Уәкілбек А. Н

Тексерген:Нурдаулет Ж.

Алматы 2020

Slide 2

Жоспары:

Физикалык-химиялық талдау әдістері

Потенциметрия

Қорытынды

Slide 3

Физика-химиялық əдісінің көмегімен кез-келген агрегаттық күйдегі анорганикалық жəне органикалық қосылыстарды сандық жəне сапалық тұрғыдан талдауға болады. Физикалық-химиялық талдау əдістері белгілі бір химиялық реакциясы нəтижесінде талданатын жүйедегі өзгерістердің: жарық сіңіру, жарық тысындыру, электр өткізгіштік, жылу өткізгіштік сияқты физикалық-химиялык сипатын бақылауға негізделген.

Slide 4

Талдаудың негізгі физика-химиялық әдістері.

Талдаудың физика-химиялық әдістерінің тобында физикалық әдістерді ажыратады. Бірақ бұл үшін қатаң және бірыңғай критерий жоқ, сондықтан физикалық әдістердің бөлінуінің принципиалды мәні болмайды.

Талдаудың физика-химиялық әдістерінің жалпы саны едәуір көп. Олардың ішінде:

Спектралды және басқа оптикалық әдістері;

Электрохимиялық әдістері;

Талдаудың хроматографиялық әдістері

-тәжірибелік мәні көбірек болып келедi.

Slide 5

Физикалык-химиялық талдау әдістері

Электрлік өткізгіштік, потенциал және басқа қасиеттерді өлшеуге негізделген талдаудың электрохимиялық әдістерінің тобына

Кондуктометрия,

Потенциометрия

Вольтамперометрия

-әдістepi және т. б., ал хроматографиялық әдістердің тобына

Газдың және сұйықтық хроматография,

Сұйык таралу, жұка қабатты,

Ион-алмасу

және басқа хроматография турлері жатады.

Slide 6

Анализдің потенциометрлік әдісі

Анализдің потенциометрлік әдістері өткен ғасырдың соңынан, Нернст өзінің белгілі тендеуін (1889 ж. ), ал Беренд бірінші потенциометрлік титрлеу туралы айтканнан (1883 ж. ) бepi белгілі. Соңғы жылдарда потенциометрияның қарқынды дамуы ерітіндідегі көптеген иондардың концентрациясын анықтауға мүмкіндік беретін түрлі ионселективті электродтардың пайда болуымен, құрастыру және потенциометрлік өлшемдер үшін құрылғылардың көптеген шығарылымымен байланысты.

Slide 7

Анализдің потенциометрлік әдісі

Анализдің потенциометрлік әдістері тура потенциометрия (ионометрия) және потенциометриялық титрлеуге бөледі. Тура потенциометрия әдістері сәйкес электрод потенциалы немесе тізбектің өлшенген ЭҚК бойынша электродтық реакцияға қатысушылардың концентрациясы немесе активтілігін табу ушін Нернст тендеуін тура қолдануға негізделген. Потенциометрлік титрлеу кезінде эквивалент нүктесі осы аймаққа жақын потенциалдың күрт өзгеруімен анықтайды.

Slide 8

Потенциометрия

Электрохимиялық тізбектің электрқозғаушы күшінің Е зерттелетін ионның белсенділігінен тәуелділігін Нернст теңдеуімен сипаттайды:

мұндағы: E0-редокс-жүйенің стандартты потенциалы;

R -универсалды газ тұрақтысы, 8, 312 Дж/(моль К) тең;

T - абсолютті температура, К;

F - Фарадей тұрақтысы, 96485 Кл/моль тең;

n - электродты реакцияға қатысатын электрондар саны;

aox, ared - редокс-жүйенің сәйкесінше тотыққан және тотықсызданған формаларының белсенділігі;

[ox], [red] -олардың молярлық концентрациялары;

γox, γred-активтілік коэффициенттері.

Slide 9

Потенциометрияның теориялық негіздері

Потенциометрлік əдіс қайтымды жəне қайтымсыз гальваникалық элементтердегі электродта пайда болатын электр потенциялдарының айырымын өлшеуге негізделген. Мұны ерітіндідегі заттың мөлшерімен физикалық-химиялық сипаттамасын анықтау үшін қолданады. Қолданылатын гальваникалық элементе индикаторлық жəне салыстырмалылық электродтар қолданылады.

Slide 10

Потенциометрия қолданылатын гальваникалық элемент

Потенциометрлік өлшеулер үшін құрамында екі электроды бар электрохимиялық тізбектерді қолданады:

Егер екі электрод та ерітіндіге енгізілген болса, онда мұндай тізбек тасымалсыз тізбек деп аталады. Егер салыстыру электродын зерттелетін ерітіндімен сұйық контакт (тұзды көпіршік) арқылы байланыстырса, онда тізбек ауыстыратын тізбек деп аталады.

Slide 11

Анализдің потенциометрлік әдістерін екі түрге бөледі:

Тура потенциометрия әдісі ион концентрациясының анықталуы құрамында сәйкес ионселективті электрод бар электрохимиялық тізбектің өлшенген ЭҚК бойынша анықталуына негізделген.

Slide 12

Потенциалдың пайда болу табиғаты әртүрлі Потенциалдардың:

Электродтық потенциалдар;

Редокс-потенциалдар;

Мембраналық потенциалдар сияқты негізгі класын көрсетуге болады.

Slide 13

Қорытынды

Потенциометрия - теңгерілген электродты потенциал мен электрохимиялық реакцияға қатысушы қоспалардың термодинамикалық активтілігі арасындағы тәуелділікті анықтауға негізделген электрохимиялық зерттеудің тәсілі.

Потенциометрлік әдіс қайтымды немесе қайтымсыз гальваникалық элеменггердегі электродта пайда болатын электр потенциалдарының айырымын өлшеуге негізделген. Мұны ерітіндідегі заттың мөлшері мен физикалық-химиялық сипаттамасын анықтау үшін қолданады.

Slide 14

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Пономарев В. Д. Аналитикалық химия

2. Құлажанов Қ. С. Аналитикалық химия. -Алматы. Білім 1994

3. Өтелбаев Б. Т. Химия, б. 2, 3, 4. -Шымкент, 2000.

4. Мендалиева Д. К., Чекотаева К. А. ., Наурызбаев М. Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері-Алматы, 2006

5. Ә. Қ. Патсаев, С. Ж. Жайлау, Ш. С. Шыназбекова, Б. Қ. МАхатов


Ұқсас жұмыстар
Химиялық талдау әдістері
Талдаудың аспаптық әдісі
Талдаудың физика - химиялық әдістері
Физико-химиялық талдау әдістері
Оптикалық талдау әдістері
Сапалық талдау әдістері
Сапалық талдаудың негізгі принциптері
Химиялық талдау
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ
Оптикалық анализ әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz