Тұндыру және таза тұндыру әдістері


Slide 1

Профессор Рузуддиновтың медико-стоматологиялық колледжі

СӨЖ

Тақырыбы: Тұндыру және таза тұндыру әдістері

Орындаған:Уәкілбек А. Н

Тексерген:Нурдаулет Ж.

Алматы 2020

Slide 2

Жоспары:

Тұндыру әдістері және индикаторлары.

Тура және кері титрлеу.

Мор, Фаянс және Фольгард әдістері.

Қорытынды

Slide 3 Slide 4

Тұндыру әдістері қазіргі уақытта жүргізілетін сапалық анализдің негізгі әдістері болып табылады.

Тұндыру процесінде нашар еритін қосылыстың тұнбасы қатты фазада түзіледі. Анықталатын А компоненті ерігіштік көбейтіндісінің ережесіне сай фазалар аралығында бөлінеді. Бөліну тиімділігі мына қатынаспен сипатталады:

n2 / n1 + n0 = n2/ n0 мұндағы n0 - заттың бастапқы мөлшері, n1 - ерітіндіде қалған заттың мөлшері, n2 - тұнбаға түскен заттың мөлшері.

Тұндырып болғаннан кейінгі ерітіндідегі компоненттің рұқсат етілген мөлшері 0, 1% -тен аспау керек, ал тұнбаға бөлінетін элементтің 0, 1%-нен артығы өтпеуі керек. Бұл шарт бөлу әдісі үшін қанағаттанарлық болып табылады.

Екі компонентті тұндыру әдісімен бөлу үшін екі тәсіл бар:

- ерітіндіден тұнбаға анализденетін компонентті бөліп шығарады,

- егер екі элемент қатты фазада болса, онда біруін ерітіп ерітіндіге өткізеді.

Сондай-ақ қиыстыру тәсілі де қолданылады: екі компонент те ерітіндіде болады, одан екеуі бірге тұнады, соңынан олардың біреуін ерітіндіге өткізеді, ал екіншісі тұнбада қалады.

Егер кедергі жасайтын тек бір ғана компонент болмаса, мына бөлу тәсілдерінің біреуін таңдап алады:

- селективті тұндырғыш таңдап алады, ол анықталатын компонентті бөліп алуға мүмкіндік жасайды, қалған кедергі жасаушылар ерітіндіде қалады,

- топтық тұндырғыш таңдап алады, ол барлық кедергі жасаушы компоненттерді бөліп алуға мүмкіндік жасайды, анықталатын ион ерітіндіде қалады,

- барлық элементтер бірге тұндырылады, одан соң анықталатын компонентті ерітіндіге өткізеді; кедергі жасаушылар тұнбада қалады.

Күрделі қоспалар болғанда әр түрлі варианттар және оларды қиыстыру мүмкін, сондай-ақ тұндыруды басқа аталған бөлу әдістермен сәйкестендіруге болады. Тұндыру әдісімен заттарды бөлу дәрежесіне әсер ететін факторлар: тұндырылатын қосылыстың ерігіштігі, тұндырғыштың артық мөлшері, ерітіндінің рН-ы, комплекс түзушінің болуы, тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыштың болуы. Барлық есептеулер ерігіштік көбейтіндісі ережесінің негізінде жүргізіледі.

Slide 5

Индикаторларды қолдану негізі.

Тұндыру титрлеу әдiсiне үш түрлi типтегi индикаторлар қоланылады

Тұндыру индикаторлары.

Металхромды индикаторлар

Адсорбциялық индикаторлар

Slide 6

Тұндыру индикаторлары

Тұндыру индикаторлары титрантпен түстi тұнба түзедi, осы уақытта титрлеудi тоқтатады. Мұнда екi талап орындалады

а) В титрантының индикатормен Ind- тұнбасы, титранттың (В) анықталатын затпен (А) тұнбасына қарағанда жақсы еритiн болу керек, яғни

ЕВInd ЕАВ

егер: А+ВАВ

НInd H++Ind-

б) Индикатормен тұнба секiрме мәнi аралығында түзiлуi керек. Егер бiрiншi талап орындалмаса, онда титрант индикатормен түстi қосылысты титрлеудiң бастапқы уақытында түзедi де, индикатор жарамсыз болады. Егер екiншi талап орындалмаса, қателiктер жоғарылап кетедi, себебi э/н анықтау титранттың өте көп мөлшерiн артық қосып, секiрме мәнi аралығынан шығып кеткен моментке тура келедi.

Slide 7

Сондықтан, алдымен тұндыру индикаторының қолдану мүмкiндiгiн анықтайды. Ол үшiн В Ind тұнбасы түзiлуiне қажеттi титрант концентрациясын есептейдi. Бұл концентрацияны концентрациясы деп атайды, титранттық индикатормен тұнбасының ерiгiштiгi көбейттiндiсiнен есептейдi:

В+ +Ind-ВZnd(қ) ЕКВInd=B+ Ind-

B+инд=EKВInd/Ind-

Есептелген индикаторлық концентрация (B+инд) мәнi, оныңэ/н-дегi концентрациясынан (B+э/н) көп болуы, ал секiрме аралығындағы концентрациядан (B+сек) аз болуы керек:

B+экв B+инд B+сек ; B+экв, B+сек мәндерiн анықталатын заттыңтитрантпен тҰнбасыныңЕКАВ мәнiнен есептеп, табады (индикатор К2СrO4) .

Slide 8

Металхромды (комплекстұзгiш) индикатор

Металхромды (комплекстұзгiш) индикаторлар э/н жақын маңда титрантпен тұстi комплекс тұзедi. Түс пайда болғанда титрлеудi аяқтайды. Осы комплекстiң тұрақтылығы, тұндыру титрлеуi нәтижесiнде алынған тұнбаның тұрақтылығынан төмен болуы қажет. Олай болмаған жағдайда, комплекс тұнбадан бұрын түзiлiп қалады

АВ + Ind-  BInd + A+ АВ  А- + В+

В+ + Ind-  BInd

К1=ЕКАВ

КII=1/КBInd-

Кт. т=К1КII= ЕКАВ/ КBInd

Егер Ктт1, онда реакция BInd комплексiнiң түзiлу бағытында жүредi.

Егер Ктт1, онда реакция АВ тұнбасының түзiлу бағытында жүредi.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Өнімдерді бөлу, бөліп шығару және концентрлеу әдістері
Концентрлеу және бөлу әдістерінің сипаттамасы. Тұндыру – бөлу әдісі. Хромотография әдістері
Оптикалық талдау әдістері
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу. Бокс – Уилсон әдісі жайлы ақпарат
Эквиваленттік нүктеде неғұрлым ерігіштігі төмен қосылыс түзілсе, соғұрлым титрлеу қисығында секіріс
Мұнай өндірісі саласының ластаушы заттарын жою, залалсыздандыру әдістері мен қондырғылары
Судың сапасын жақсарту
БАЙЫТУҒА АРНАЛҒАН АППАРАТ
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу және Бокс-Уилсон әдісі
Газдарды тазалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz