Көкөністердің ауыспалы егістік танабы мен өсіру әдістері
Презентация қосу
Көкөністердің ауыспалы егістік
танабы мен өсіру әдістері.
Асылбек Ментай
Ашық жерде жүргізілетін көкөніс
тәжірибелерінің егіншіліктегі егістік
тәжірибелерінен елеулі айырмашылығы жоқ.
Егістік тәжірибелері мен көкөніс
тәжірибелерін жүргізудегі ерекшелігінің ең
бастысы ондағы өсімдіктер биологияларының
әр түрлілігі, кейбір жеке көкөніс
дақылдарының өнімі мен сапасын бағалау,
мөлдектердің көлемін бөлшектеп талдауды
талап етеді.
Көктемнен бастап күзге дейін ашық жерде
және жыл мезгілінің қолайсыз кезеңіне
қарамай көкөніс дақылдарынан өнім алу және
көшет өсіру үшін жабық жерде өсіріледі.
Қазақстанда капустаның 24, помидордың 21,
қиярдың 22, пияздың 10, сарымсақтың 4,
қарбыздың 13, қауынның 21, асқабақтың 3,
картоптың 12 түрі өсіріледі.Көпжылдық
тұрақты тәжірибелерде, мөлдек көлемі
ауыспалы егістегі барлық өсімдіктерге де
бірдей алынады.Мөллдектің егіс көлемі
көкөніс пен картопка 70—80 шаршы метрдей,
бақша дақылдарына 140—170 метрдей
болады.Егістік тәжірибелер мекемелерінде
мөлдек ұзындығы 20-24 метрдей қабылданған.
Мөлдектің көлемі сеялканың ені мен көшет
отырғызғыш құралына байланысты болады.Пияз,
сәбіз, петрушкалардың аралық қатары 45
сантиметрдей қатарлары 3-6 сантиметр, мөлдектің
ұзындығы 20 метр, ені 2,7 метр, көлемі 54 шаршы
метр, мөлдектегі өсімдік саны 2000—4000 дана,
мөлдектегі өсімдіктер қатары 6, ал қорғанышты
қатарлары —4. Мөлдектің есепке алынатын
өсімдіктер қатарлары -4, мөлдектің ұзындығы 18
метр, ені 1,8 метр, көлемі 32,4 шаршы метр,
ондағы мөлдекте орналасқан өсімдіктер саны 1200
—2400 данадан келеді.
Капуста, картоп қатарлары 60х60 сантиметрден
егілгенде мөлдектің егістік көлемі қорғаныш
қатарларымен ұзындығы 20 метр, ені 3,6 метр, көлемі 72
шаршы метр мөлдектегі өсімдіктер қатарлары —6,
мөлдектегі өсімдіктер саны 3000 дана болуды қа-жет
етеді. Мөлдектің есепке алынатын көлемі ұзындығы 17,4
метр, ені 2,4 метр, көлемі 41,76 шаршы метр. Мөлдектегі
өсімдіктер саны 1160 дана.
Қарбыз өсімдіктер қатарлары 180х180 сантиметрдей,
бір ұяда 1-2 өсімдіктен, мөлдектің егістіктің
ұзындығы 40 метр, ені 3,6 метр, көлемі 144 шаршы
метр, мөлдектегі өсімдіктер қатары—2; өсімдіктер
саны 44.. .80 дана. Егістік тәжірибедегі мөлдектердің
ең аз көлемді алқабы көкөніс өсімдіктердің саны
арқылы анықталады, оның жекелік
айырмашылықтары тәжірибенің дәлдігіне онша әсер
етпейді.
Көкөніс дақылы зерттелетін мөлдектер
пішінінің ең қолайлысы тікбұрышты,
қабырғаларының қатынастары 1:2-ден 1:5-ке
дейін, ал орындалатын жұмыс
механикаландырылатын болса, онда ені мен
ұзындығының қатынасы шамасы 1:10 болады.
Егер тәжірибе латын шаршы метр әдісі арқылы
қойылса және өсімдіктерді зиянкестер мен
аурудан химиялық құрал арқылы қорғау
жүргізілетін болса, аралас, варианттардың
бірімен-біріне әсері күшті болуынан квадрат
пішінді мөлдектері қолданылады.
Көкөніс дақылы зерттелетін мөлдектер пішінінің ең қолайлысы
тікбұрышты, қабырғаларының қатынастары 1:2-ден 1:5-ке дейін, ал
орындалатын жұмыс механикаландырылатын болса, онда ені мен
ұзындығының қатынасы шамасы 1:10 болады. Егер тәжірибе латын
шаршы метр әдісі арқылы қойылса және өсімдіктерді зиянкестер мен
аурудан химиялық құрал арқылы қорғау жүргізілетін болса, аралас,
варианттардың бірімен-біріне әсері күшті болуынан квадрат пішінді
мөлдектері қолданылады.
Көкөніс дақылы тәжірибелерін
орналастырудағы қолданылатын
кездейсоқ әдісі қолайлы болып
табылады, осы әдіс арқылы зерттеудегі
фактор туралы дүрыс мәлімет алуға
болады. Елімізде кеңінен таралған
шахматты әдісі арқылы тәжірибелер
жүргізгенде варианттарды әр қатарға
жүйелі орналастырады.
Көкөніс дақылдарын жинау мен өнімін есептеудегі
ерекшеліктер
Көкөніс дақылдарын өнімі пісе бастасымен бірнеше рет жинауға болады.
Мысалы, томаттар, қиярлар, бұрыш, лобия, бұршақ және бақша дақылдары т.
б. бірнеше рет жиналады және өнімді біржола жинау тәсілі, мысалы,
тамыржеміс, пияз, асқабақ, кеш пісетін капусталар және т. б.
қолданылады.Көкөніс дақылдарының өнімін мөлдектің есепке алынған
алкабынан қолмен жинайды.
Көкөніс дақылдарының жалпы түсімін анықтап алғаннан
кейін екіге бөлінеді:
1. -көкөніс дақылының товарлы өнім массасы,
2. - өнімнің құндылығына жатпайтын массасы.
Қиярлар мен бұрыштардың 1-ші, 2-ші жиып-теру кезеңінде
жаппай жеміс беруіндегі өнімдерін есепке алады. Томат пен
бақша дақылдарының жеміс беретін кезеңін және жемістің
массасын анықтауда (олардың жеміс салу кезеңінің екінші
жартысында жемісінің мөлшері кемитіндігі байқалады)
жемістерін уш рет: екінші мен үшінші жиып-теруінде және
жеміс беруінің аяқ кезеңінде есепке алады.
Көкөніс өнімін біржолата жинап-терудегі ерекшеліктер
Жинап теруді бір кезеңде өткізілетін дақылдарға пияз, тамыржеміс,
орта және кеш мерзімде пісетін капусталар, асқабақ және т. б. жатады.
Жиып-теру мөлдектердің барлығында да бір кезеңде жүргізіледі. Тек
қана кейбір жағдайларда пияз немесе капусталар жеке варианттарда
ерте піскенде қалған варианттарға қарамай жиып-теру жұмысы
орындала береді
Капустаны жинап-терерде тәжірибе мөлдегінде
қаншасы шала дамыған және қаншасы сабақтанған —
олардың массасын есепке алудың қажеті
жоқ.Тамыржемістілер техникалық пісу кезеңінде ГОСТ
қойған талабына сай болады. Тамыржемістер қазып
алғасын топырағынан және пәлектерінен аршылады.
Жиып-терілген көкөністерды сол кезеңде-ақ таразыға
салады.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz