Мектеп оқу - тәжірибе телімдерінде жүргізілетін тәжірибе жұмыстары


Slide 1

Мектеп оқу-тәжірибе телімдерінде жүргізілетін тәжірибе жұмыстары

Бөлекбаева Нұржанат

Slide 2

Мектептің оқу-тәжірибе телімдеріндерінде атқарылатын негізгі жұмыстар көктемгі және күзгі кезеңдерде атқарылады. Мектеп оқу-тәжірибе телімдерінде жүргізілетін тәжірибелер оқушылардың негізгі еңбек түрі болып саналады. Тәжірибелерді жүргізу оқушылардың танымдық және шығармашылық деңгейлерін арттырып, тіршілік процестерді, биологиялық түсініктерінің қалыптасуын, ғылыми- зерттеу жұмыстарына бейімделушілікті нығайтып, биология ғылымына қызығушылықтарын арттырып, ауылға керекті мамандық алуға бағдарлап, ауылшаруашылығы еңбектерін бағалауды, құрметтеуді үйретеді.

Slide 3

Тәжірибені қойып, қорытынды жасайтын бұл барлық сынып топтары - бригада мүшелері болып табылады. Бұл жағдайда барлық агротехникалық шаралар мен әдіс тәсілдер белгілі- бір мезгілде толығымен орындалуы қажет. Әр тәжірибелерде жүргізілген өлшеу нәтижелері арнайы дәптерге-күнделікке жазылып, онда нақты өсімдіктің барлық кезеңдегі түрлері (фазалары) көрсетіледі.

Slide 4

Ауыспалы егіс оқу-тәжірибе телімінің егіс көлемінің нәтижесінде жасалады. Ауыспалы егістіктің арқасында топырақтың құнарлығын арттыру, дақылдардың өнімін көтеру, оның сапасын жақсарту, мөлдектердегі арамшөптердің санын азайту, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау мәселелері шешіледі.

Slide 5

Оқушылар мектеп оқу-тәжірибе телімдерінде қойылатын тәжірибелер арқылы өсімдіктердің өмір сүру кезеңдерін бақылап, оларға әсер ететін факторларды, бақылау нәтижелерін белгілеп, алынған тәжірибелік мәндер бойынша сараптау жүргізіп, дұрыс қорытынды жасай білуге үйренеді.

Slide 6

Мектепте жүргізілген көпжылдық тәжірибе нәтижелері көрсеткендей ең маңыздысы бұл тәжірибелердің агротехникалық тақырыптары. Өйткені ұсынылатын бір ғана әдіс бір жағдайда оң, ал екінші жағдайда басқаша теріс нәтиже беруі мүмкін.

Slide 7

Мектеп оқу-тәжірибе телімдерінде істелінетін жұмыстар оқушылардың еңбек, физикалық, экологиялық және эстетикалық тәрбиелердің бірлігін көрсетеді.

Slide 8

Эстетикалық тәрбие оқушылардың қоршаған ортаның табиғаттың әдемілігін өз түсінігінше қабылдап, табиғат, еңбек, адамдар арасындағы қатынастарды түсіне білуге үйретеді.

Slide 9

Экологиялық тәрбие - табиғаттағы құбылыстардың бір-бірімен терең байланыста екендігін түсінуге үйретеді.

Еңбек тәрбиесі - оқушылардың жан-жақты гармониялық дамуына себебін тигізіп, оларды қоғамда активті творчествалық еңбек етуге дайындайды.

Slide 10

Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастырғанда ең негізгі 2 жағдайды есте ұстау қажет.

1. Оқушылардың еңбектері бірсыдырғы емес әртүрлі болуы керек.

2. Ол жұмыстар оқушыларға қызықты және олардың шамалары келетіндей болулары қажет.

Slide 11

Тәжірибе жұмыстары барлық 1-11 сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктері мен алған білімдеріне байланысты әр түрлі тақырып бойынша оқушылардың қызығушылығын ескере отырып түгел қамтуға көмектеседі.

Slide 12

Тәжірибелік жұмыстарда агрономиялық нәтижелер ескерусіз қалмауы қажет, себебі негізгі мақсат алынған ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мен олардан жоғарғы өнім алуға пайдаланылған оптималды әдістер мен тәсілдерді қолдана білуге үйрену.

Slide 13

Тәжірибе - бұл сыныптан және мектептен тыс теориялық, практикалық және өндірістік жұмыстардың жиынтық-комплексі болып табылады.

Slide 14

Бұл жұмыстарда үзіліс болмайды - ол жыл бойы үздіксіз жүргізіліп отырылады. Сондықтан бұл жұмыстардың негізгі көлемдері сабақтан тыс уақытта орындалады яғни оқу-тәжірибелік практика кезінде немесе факультативтік сабақтарға бөлінген сыныптан тыс сағаттар есебінен орындалады.

Slide 15

Мысалы:

Көктемде мектептің оқу тәжірибие телімдерінде де тәжірибелер қойылады. Жазда-егілген өсімдіктерді бақылап, қарап-әр түрлі тәжірибелер мен бақылаулар жүргізеді.

Күзде- егінді жинап өнімді есептейді. Сыныпта немесе лабораторияда оқушылар тұқымның сапасын тексеруге тәжірибелер жүргізеді, топырақ құрамын анықтап, қорытынды есеп дайындайды.

Қыста- көктемде жүргізілетін жұмыстарға дайындық жұмыстарын жүргізеді, зерттейді. Далалық тәжірибелердің әдістемелерін, жоспарын дайындап, зерттелетін тақырып бойынша жүргізілетін тәжірибе схемаларын дайындайды.

Slide 16

Тәжірибелік жұмыстарды бастар алдында оқу тәжірибие жұмысының жетекшісі (биология пәнінің мұғалімі) оқушылармен бірлесе отырып, оның барлық этап-кезеңдерінде істелетін жұмыстарды ойластырып жоспарлайды.

Slide 17

Мысалы: Тәжірибе жұмыстарының өз кезегімен атқарылатын схемасы мынандай болуы мүмкін.

1. Тәжірибе қойылатын обьектіні, оның биологиясын, агротехникасын анықтау

2. Тәжірибе қойылатын телімді анықтап оны дайындау

3. Қойылатын тәжірибенің рационалды схемасын құрастыру.

4. Тәжірибе мақсатына сәйкес бақыланатын параметрлерді жүйелерді алдын-ала анықтау.

5. Егілетін дақыл тұқымын, көшеттерін дайындау

6. Дайындалған схема бойынша тәжірибелерді қою

7. Егілген өсімдіктер мен дақылдарды бақылау

8. Оларды жинау, өнімді есептеу, қорытынды мен сараптау жүргізу.

Slide 18

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ОҚУ ТЕЛІМДЕРІНДЕ АЛМА БАҒЫН ӨСІРУ
Мектеп телімдерінде оқу тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру және ландшафтық дизайн
Егіс тәжірибесінің түрлері
Мектеп телімдерінде тәжірбие қою әдістемесінің негізгі элементі
Жоғары жарық өткізгіштігі
Педагогикалық тәжірибені оқып үйрену және жинақтау әдістері
Пән мұғалімдері
Сыныпта тыс жұмыстар
Эколгиялық білімнің формалары, әдістері және құралдары
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНЫПТАНТЫС ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz