Сөйлеу тіліндегі кемістігі бар балаларға көмек көрсету және түзету




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Сөйлеу тіліндегі кемістігі бар балаларға
көмек көрсету және түзету

Орындаған: Бөлекбаева Нуржанат
Тобы: Б-17-3
Баланың сөйлеу тілі патологиясының
негізгі себептері:

1)Әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын
тигізеді,сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық
пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады.
Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының ауыр аяқ жүрген
кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-
фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі
мүмкін.
2) Босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің
жетіспеуі);
3) Өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4) Бас сүйегінің жарақаттануы;
5) Тұқым қуалаушылық факторлары;
6) Әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы;
Барлық тіл кемістіктерін, оларды
туғызатын себептерге байланысты екі
топқа бөлуге болады:

Табиғи тіл
кемістіктері Функционалды
(органикалық) тіл кемістіктері
Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен
дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу
тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда болу себептеріне қарай
дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай
бөлінетін дислалияның түрлері:

Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ»)
айтылуындағы мүкістіктер

Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік

Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік
Каппацизм – «к» дыбысы;

Гаммацизм – «г» дыбысы;

Хитизм – «х» дыбысы;

Йотацизм – «й» дыбысы
Тұтығу – ең ауыр кесел.
Шамадан

Оның себептері:
Логопедия дегеніміз – сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін,
болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі
жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Логопедия – логос (сөз және пайдео) тәрбиелеймін, үйренемін деген грек
сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың
(дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі. Логопедияның зерттеу
объектісі – сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.
Тіл кемістігін емдеу тәсілдері
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҰТЫҒУДАН
АЙЫҚТЫРУДЫҢ КОМПЛЕКСТІ ӘДІСТЕРІ
• Тұтығумен күресте комплексті әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен
практикада /іс жүзінде/ дәлелденіп отыр.
• Тұтығуға комплексті әсер ету мынандай бағыттардан тұрады:
• 1. Медициналық әсер ету. ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды
және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
• 2. Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына
сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-анасын қатыстыра отырып, баланың көңіл
аударуын бөлу, белгілеу /жазып алу/.
• 3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына /8-9 ай/, жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы.
• Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне
дейін балаларды дұрысм және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады.
• 4. Логопедиялық ритмика. /ырғақ/. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты
қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал
етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын
дамытады.
• 5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету – тәрбие жұмыстарының барлық
кезеңдерінде жүзеге асырылады. Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар баланы өзіне-өзінің сөйлеу кемістігін түсініп, одан
құтылу жолдарын ойлауға тәрбиелеу қажет, сабақтарды әрбір кезеңдеріндегі қол жеткен жетістіктерді сезінуіне қолдау
жасап, түбінде толық болатын, яғни тұтығудан біржола айырылып, дұрыс сөйлей алатынына көз жеткізу керек.
• Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. /балалар мекмелер мен
жанұясында баланың жақындары/. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де
осылай сөйлегу дағдыланады.
• Баламен бірқалыпта қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезекте мадақтап отыру қажет.
• Сол сяиқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу мен
шынығудың тәртібін сақтау маңызды роль атқарады.

Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
Ақыл-ойында кемістігі бар балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек ерекшеліктері
Баланың сөйлеу қиындықтар
ТІРЕК ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Тіл кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың ерекшілігі
Пәндер