Тұқым себу мөлшерін анықтау және тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері


Slide 1

Тұқым себу мөлшерін анықтау

Slide 2

Себу сапа көрсеткіштерін екі топқа бөлуге болады:

1. Мемлекеттік үлгі қалыптармен (МҮҚ) мөлшерленетін себу сапа көрсеткіштері (тұқымның қоспалардан - қоқыстардан - тазалығы және санмен есептегендегі қоспалар мөлшері; лабораториялық өнгіштік; тұқымның ылғалдылығы; аурулар және зиянкестермен зақымдануы) ;

2. Мемлекеттік үлгіқалыптармен (МҮҚ) мөлшерленбейтін себу сапа көрсеткіштері (тұқымның ірілігі мен біркелкілігі; тұқымның тіршілікке қабілеттілігі; тұқымның өсу күші; 1000 тұқымның массасы; тұқымның себуге жарамдылығы т. б. ) .

Slide 3

Тұқымның тазалығы - егістік жадығаттың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Егістік жадығаттың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың пайызбен көрсетілген массасын атайды.

Slide 4

Тұқымдық жадығатты тазалаудың міндеті- мүмкіндігінше, барлық қоспаларды негізгі дақыл тұқымынан аластату. Аязға(үсікке) шалдыққан тұқымдардың үш деңгейі (дәрежесі) белгіленеді:

- бірінші дәрежесі - дәннің пішіні мен мөлшері қалыпты; тұқымда, көбінесе арқа жағында, ұсақ көлденең әжімдер және күңгірт түс байқалады;

- екінші дәрежесі - тұқым қалыпты мөлшерде, бірақ көлденең әжімділік дәннің бүкіл өн бойында анық көрінеді, жылтырлығы жоғалады, саусақпен ысқылағанда қабықтың жоғарғы қабаты кейде опырылады;

- үшінші дәрежесі - тұқым семген, деформацияланған, шала дамыған, түсі өзгерген, күрт әжімді, саусақпен ысқылағанда қабығы опырылып кетеді.

Slide 5

Өнгіштік - тұқымның егістік (себу) сапасының маңызды бір көрсеткіші. Тұқымның өнгіштігі деп талдауға алынған үлгідегі қалыпты өскіндердің пайызбен көрсетілген санын атайды. Өнгіштігі жоғары тұқымдар өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда жаппай, біркелкі, әрі қуатты егін көгін береді.

Slide 6

Тұқымды көктетіп, өнгіштікті анықтау үшін үш жағдай қажет

температура

ауа

ылғал

Slide 7

Өнген тұқымды екі мерзімде есептейді: алғашқысында өну қуатын, ал екіншісінде өнгіштікті анықтайды. Өну қуаты (энергиясы) - белгілі бір уақыт аралығында қалыпты өніп шыққан тұқым пайызы, басқаша айтқанда, тұқымның жаппай өнуінің көрсеткіші болып табылады.

Slide 8

Мемлекеттік үлгі қалыптармен (МҮҚ) тиісті тұқымдық сыныптарға сәйкес маңызды ауыл шаруашылығы дақылдары үшін төмендегідей лабораториялық өнгіштік мөлшері белгіленген (%) :

- жұмсақ бидай, арпа, сұлы, асбұршақ т. б. - І-сыныпта - 95, ІІ-сыныпта - 92 және ІІІ сыныпта - 90;

- қатты бидайда - І, ІІ және ІІІ-сыныптарда тиісінше - 90, 87 және 85;

- күнбағыс тұқымының 3 сыныбында тиісінше -95, 93 және 90;

- екі сыныпты дақылдарда: егістік жоңышқа, судан шөбінде тиісінше - 80 және 70; еркекшөпте - 80 және 65; қылтықсыз арпабаста -75 және 65 %;

- картопта - екі сынып қарастырылған, үлгіқалыптарда өнгіштік % көрсетілмеген (барлық түйнектер өнуге тиіс) ;

- мақта тұқымында - 3 сынып қарастырылған, олардың өнгіштігі тиісінше - 95, 90 және 85%.

Slide 9

Тұқымның ылғалдылығы - сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Жоғары ылғалдылықтағы тұқымның тыныс алуы күшейеді, температурасы жоғарылайды, соның салдарынан тұқым өздігінен қызады да өнгіштігін жоғалтады. Ылғалдылық деп пайызбен көрсетілген тұқымдағы судың мөлшерін атайды.

Slide 10

1000 тұқымның массасы.

Іссанада тұқымдық жадығаттың сапасын оның граммен алынған 1000 санының құрғақ-ауа массасымен де сипатталады. 1000 тұқымның жоғары массасы әдетте тұқымның ірілігімен байланысты Тұқымның мөлшері бірдей болғанда бұл көрсеткіш оның ішкі құрылымының тығыздығын сипаттайды және ондағы қорлық қоректік заттарды анықтайды. Өндірісте 1000 тұқымның массасын салмақтық себу мөлшерін есептеуге пайдаланады.

Slide 11

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Күздік бидайды қарқынды технологиямен өсіру: тыңайтқыштар, жер өңдеу, тұқым дайындау, себу және жинау
Су сапасының негізгі көрсеткіштері, ластану себептері және тазарту әдістері
Күріш тұқым шаруашылығы: тұқым өндіру жүйесі, егіс агротехникасы және бастапқы өңдеу мен сақтау
Орман тұқым ісі: тұқым биологиясы, сапасын бағалау және тұқымдық аудандастыру
Мендель заңдары: тұқым қуалаудың үш негізгі заңы
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік: түрлері, механизмдері және тұқым қуалайтын аурулар
Күнбағыс будандарын өндіру және тұқым сапасын анықтау: сорттар, технология және құжаттандыру
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы: дрозофиладағы жынысқа байланысты тұқым қуалау, кроссинговер және есептер
Белгілердің тұқым қуалауы: генетика негіздері, тұқым қуалау типтері мен шежірелік әдісі
Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алудағы диагностикалық әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz