Жердің ғаламшар ретіндегі жалпы сипаттамасы мен қабаттық құрылысы


Slide 1

Презентация

Тақырып: Жердің ғаламшар ретіндегі жалпы сипаттамасы

Орындаған: Болекбаева Нуржанат

Тобы : Б-17-3

Slide 2

Жоспар:

1. Жер қабатының құрылымы

2. Жердің ядросы туралы түсінік

3. Мантия туралы түсінік

4. Жердің қыртысы туралы түсінік

5. Жер қабатының құрамы

Slide 3

Жер туралы жалпы мәлімет

Жер - Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады.

Slide 4

Оның табиғи серігі - Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4, 1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады.

Slide 5

Жердің жасы шамамен 4, 5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5, 975•1021 т, орташа тығыздығы 5, 517 г/см³, көлемі 1, 083 млрд. км³, ауданы 510, 2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын.

Slide 6

Жердің құрылысы туралы түсінік

Жер қабатының құрылымы - диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.

Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:

жер қыртысы,

мантия,

ядро.

Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.

Slide 7

Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқы және ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13, 6 км/с-тан 8, 1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11, 2 км/с-қа дейін артады

Жердің ядросы туралы

Ядро

Slide 8

Мантия туралы түсінік

Жердің келесі қабаты - мантия (гр. mantion-жамылғы) . Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900-2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250-300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды.

Мантия

Slide 9

1. Жердің ішкі ядросы

2. Сыртқы ядросы 3. Мантия

4. Сыртқы мантиясы 5. Жер қыртысы

6. Литосфера

Slide 10

Геология жердің құрамы мен құрылымын, оның табиғи дамуының тарихын және де ондағы тіршіліктің туып, өршуін зерттейді. Жер бірнеше қабаттардан тұрады:сыртқы қабат-жердің қабығы (5-70 км. тереңдікке шейін), мантия (2900 км. тереңдікте) және өзегі (6371км. тереңде) . Олардың әрқайсысының химиялық құрамы, физикалық қасиеттері және жағдайы әртүрлі

Қазақстанның геологиялық картасы

Slide 11

Жер қабығының құрамы

Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да, олар минералдардан түзіледі. Минералдар деп жер қабығының физика химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды айтады.

Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралып, жер қабығында өзіне тән геологиялық денелер түзеді. Жаралу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық, шөгінді және метаморфтық болып үш үлкен топқа жіктеледі.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесі: жалпы сипаттамасы, құрылысы мен маңызы
Жердің табиғи қорларының сипаттамасы: литосфера, гидросфера және атмосфера
Галактикалар, алғашқы жұлдыздар, Күн жүйесі және Жердің ішкі құрылысы
Балықтардың жалпы сипаттамасы, анатомиялық құрылысы және жүйеленуі
Қазақстан мұнай-газ аймақтарының геотектоникалық құрылысы және жалпы сипаттамасы
Жердің құрылысы: жер қыртысы, мантия, ядро және тау жыныстары мен минералдар
Күрделігүлділер (Asteraceae) тұқымдасының жалпы сипаттамасы, құрылысы және шаруашылық маңызы
Асқорыту жүйесінің қабаттық құрылысы және сүт тістерінің гистологиялық дамуы, шығуы мен алмасуы
Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы және азқылтанақты құрттар: шұбалшаң мен сүліктердің тіршілік ортасы және сыртқы құрылысы
Глобус - Жердің моделі: анықтамасы, құрылысы және ақпаратты іздеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz