Материалдық және рухани мәдениет




Презентация қосу
Қоғам. Мәдениет.
Өркениет
Жоспар :
• 1. Әлеуметтік философияның пәні.

• 2. Әлеуметтік идеялардың даму тарихы.

• 3. Мәдениет ұғымы. Материалдық және рухани мәдениет.

• 4. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар.

• 5. Мәдениет және өркениет.
Әлеуметтік философияның пәні.
Әлеуметтік философия - қоғам мен адам туралы философиялық
принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. Әлеуметтік
философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық болмыс
болып табылады. Оның басқа ғылымдардан айырмашылығы қоғамдық
зерттейтін (тарих, әлеуметтану, мәдениет тарихы т.б.) Түсініктерге назар
аударады. Тарихи процестің мәні мен бағыты, қозғаушы күші және
мақсаты «қоғам», «қоғамдық», «әлеуметтік» сөздерінің түсінігі кеңінен
таралған, бірақ олардың мәні көбінесе көп мағыналы және толық
түсініксіз болып келеді. Ең алдымен «қауымдастық», «қоғам»
терминдерін ажырата білу керек.
Әлеуметтік идеялардың даму тарихы.
• Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ
М.Лацарус (1824-1893) және тіл маманы Т.Штейнталь (1823-
1893). 1859 жылы «Халықтар психологиясы жөне тіл білімі»
журналы жарық көрді. «Халықтар психологиясы туралы кіріспе
тұжырымдары» деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын –
тарихтың негізгі күші – халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз,
әдет – ғұрыпта көрсетуі- деп түйіндеді.
• Әлеуметтік – психологиялық теорияның екінші формасы бұқара,
көпшілік психологиясы. Бұл теорияда жеке адам мен қоғамның
өзара қатынасы қарастырылады.
Мәдениет ұғымы. Материалдық және рухани мәдениет

• Мәдениет – қоғамдық-тарихи практикалардың процесінде
адамзат жасаған материалдың және рухани байлықтың
жиынтығы.
Мәдениет – материалдың және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі,
“Материалдық мәдениет” дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде
қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың
жиынтығы. “Рухани мәдениет” деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде,
мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды
қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып
табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы
белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада
дамиды.
Материалдық мәдениет

• Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір
бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект
пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған
және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени
мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар
шығармашылық қызметтің нәтижелері.
Рухани мәдениет

«Рухани мәдениет» - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің
құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр
болды. «Мораль» - нормасы ретінде «эстетика» мен «этика» адамның рухани
сипатын анықтады. «Эстетика» - (грек - ощущение) - өнер туралы
философиялық оқу. «Этика» - (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез
нормасы) адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы, жоғарғы
мәдениеттілік келбеті .
Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар

• Философия мен мәдениет тарихындағы ең алғашқы жүйелерден
бастап, қазіргі күнге дейін қайта-қайта қойылып, бірақ өз
шешімін таба алмай келген (түпкілікті табылуы мүмкін де емес)
мәселеге адам болмысындағы рухани және тәндік бастаулардың
арақатынасын анықтау жатады. Бұл адамның экзистенциалды
болмысында мәжбүрсіз дилемма түрінде қалыптасқан: ешкім
тәнін тастап кете алмайды және осыны тек рухы арқылы түсінеді.
Тек фантастикалық, аңыздық, мифологиялық қиялдарда ғана жан
денені уақытша қалдырып, әлемді аралап, сосын қайтадан оған
ене алады. Бірақ, жанын күтіп бос жатқан тән феномені нақтылы
адамдық тәжірбиеде кездесті деген куәлікті немесе айғақты
кездестіре алмаймыз.
Мәдениет және өркениет.
• Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық
жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын
қарастырып көрейік.Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін
ұғым-өркениет.Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан
алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді
білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері
атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын
көрсету мақсатында қолданған.Яғни, “өркениет” олардың
түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға
негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму
дәрежесін білдіреді.
Мәдениет
• Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары
және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат
ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің
асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып
жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Өркениет
• Өркениет (лат. сівіліс – азаматтық) – қоғамның материалдық
және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл
ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен
мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында
қолданған.
Қорытынды :
Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты
енуімен, тіпті адам ның руханилығының құндылығын кеміп,
оның осы машинаның тетігіне айналған көріністерімен
айқындалып тұр. Н.А.Бердяев бұл туралы былай дегкн: «Өмір
органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен
байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына,
адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдар
қойылған… Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық
та болмай қалды, оның негізі- машиналық». Әрине өркениет
адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғарғы деңгейіне
көтерді.

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет – адам жасаған екінші табиғат
Мәдениет ұғымы туралы жалпы түсінік
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Батыс пен Шығыс өркениеті
Мәдениеттің атқаратын қызметтері
МӘДЕНИЕТ РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Мәдениет құрылымы және оның негізгі элементтері
Пәндер