Эстетика және өнер




Презентация қосу
Музыкалық эстетиканың
қалыптасуын қазіргі
мәдениетті

Момбеков Мухамеджан
АиУ 10а
Жоспар :
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
2. Эстетикалық идеялардың даму тарихы.
3. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық,
трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен.
4. Философия және өнер. Көркем шығармашылық субъектісі.
Өнер әлеміндегі адам.
Эстетика
Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын –
Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге
келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит,
Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде
сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық
қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында,
заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық
дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея,
өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана
болып табылады.
Эстетикалық категориялар
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық
пен пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық
байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен
қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет,
тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып
түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-
түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды,
бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы
объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете
бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.
Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде
қарастырылады. Эстетика өнердің мәнісі мен оның
заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теор. және тарихи
ғылымдармен және өнер туралы ғылымдармен тығыз
байланыста дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен
философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстет.
қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы
заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары
өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады.
Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып,
Эстетика эстет. сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам
өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз
проблематикасының басты назарына қояды. Осы мәселенің
материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, Эстетика
өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын:
өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа
формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын,
көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен
форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің
маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді.
Эстетика және өнер
Өнер — мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан
болар, "өнер — мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің
қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі —
сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір
жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның
нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға
тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан
дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты
мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын
(идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.
Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика
үшін де жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды
болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық
тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы
сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу
қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді
жаңартып, өзгертіп отыру.
Эстетикалық ой тарихы.

Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой
тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға
дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек
ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын
сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында
белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану,
сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек
еткен. Әрі сол күйлердің өлемге деген таза танымдық қатынастан езінің
сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-
толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында
ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан.
Эстетика ілімінің атқаратын көптеген қызметтерінің
ішіндегі эстетикалық дүниетанымды тәрбиелеу қызметіне
тоқталатын болсақ, онда эстетикалық тәрбиенің мәні оның
шығармашылыққа тәнті жасампаз тұлға тәрбиелеуінде болып
тұр. Эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оның тұлғаға
тікелей емес, жанама түрде әсер етуінде. Мысалы, егер
адамгершілік тәрбиесінде тікелей тәлімдік басым ғой, ал
эстетикалық тәрбиеде тұлға көркемөнер туындыларынан ой
түйіп, солардан алған эстетикалық әсер нәтижесінде таза өзінің
қалауымен жол таңдайды.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр,
кескіндеу, мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және
декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, теледидар.
Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық
байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы
адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі.
Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде,
адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы
қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы,
форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану
қабілеттері дамыды.

Ұқсас жұмыстар
Эстетика дүниені эстет
Өнердің генезисі.Эстетика және Эстетикалық идеал
Өнер философиясының негізгі категориялар
Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу
Эстетикалық сезім
Қытай эстетикасы мәселелері
ДИЗАЙН ЖУНУСҚАНОВА АЙСҰЛУ
Эстетикалық талғам әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Қазақ халқының өнер философиясы
Аристотельдің өнер философиясы
Пәндер