Коммериялық банктердің негізгі қаржылық операциялары




Презентация қосу
Коммериялық банктердің
негізгі қаржылық
операциялары
Коммерциялық банктер:

• Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы
есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және
т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша
капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық
саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік
операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер;
кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Қазақстанда банк жүйесінің
қызметтін реформалау
• Банктердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету,
оларды дерозиторларының мүдделерін қорғау,сондай-ақ
Қазақстан Республикасының ақша-несие тұрақтылығын
ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк банктерді реттеуді
Банктің қаржы жағдайы нашарлаған реттерде Ұлттық
Банк оның акционерлі алдына қаржылық сауытыру,
басшылықты ауыстыру қажеттігі туралы немесе:

• -депозиттер қабылдауды шектеу туралы;
• -жарғылық қорды ұлғайту туралы;
• -дивиденттер төлеуді тоқтатып, провизияларды ұлғайту туралы;
• -жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді жабу ақылы, сондай-ақ қызметкерлерді қосымша
жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы;
• -банктің кез-келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін мүлде немесе уақытша
қызметін шеттеу туралы;
• -тәуекел деңгейі жоғары банк операцияларының кейбір түрлерін тоқтата тұру немесе шектку
туралы ұсыныстар беруде қоса банкті қайта құру қажеттілігі жөнінде мәселе қоюға құқылы;
• Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк)
Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін

• білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму
Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі
(екінші) деңгейін білдіреді.
• Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық
банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық
банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан
Республикасының мүддесін білдіреді.
Депозиттік операциялар

• Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке
тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша
белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы
бойынша банктердің операциялары.
Несие операциялары
• Несие операциялары– мерзімділік, қайтарылу және ақылы негізде
несиелендіру үдерісінде банк клиентіне ақшалай қаражат беру. Несие
операциялары сыныптаудың негізінде жатқан өлшемдер:
операцияның экономикалық мазмұны, несие түрі объектілер, мерзім,
сала, ашылатын шотгар түрі, пайыз есептеу және оны өтеу түрі, несие
беру және оны өтеу түрі ,Опцияларды құжаттық ресімдеу, тәуекелдің
мөлшері, несиені қамтамасыз ету сипаты, табыстылық деңгейі.
Kассалық операциялар

• Kассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен
құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар.
• 2-деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі
1999 жылғы 15 карашадағы № 394 «ҚР 2- деңгейдегі банктернің
кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
• Есеп Айырысу – төлем жүргізу арқылы қаражаттық міндеттемелерді
жабу. Ол қолма-қол ақшамен немесе банк-несиелік ұйымдар арқылы
ақша аударып жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз төлемдер төлемдік
тапсырмалар, аккредитив, чек және инкассо бойынша да, сондай-ақ,
заңда қарастырылған басқа формалармен де төленеді (қ. Аккредитив,
Акцепт). есеп айырысу жүйесін ұйымдастыруда әрбір елдің өзіндік
ерекшеліктері болуы мүмкін, бірақ олар мынадай жалпы принциптер
мен есеп айырысу операцияларына негізделген: қолма-қол
ақшалармен төлеу; есепшоттан нақты ақшаларды алу; ақшаны төлем
тапсырысы бойынша аудару; қаржыны бір есепшоттан басқа
есепшотқа дебеттік (чек арқылы) немесе ақшалай аудару. Банкаралық
есеп айырысу корреспонденттік есепшот арқылы жүргізіледі.
• Төлем – сатып алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер,
пайдаланылатын ресурстар, берілген несие үшін төленуге тиіс
ақшалай қаражат, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есептесу
нысанындағы заңмен белгіленген жарналар. Кәсіпорындар төлейтін
Төлемнің түрлері: тауар-материалдық құндылықтардың, орындалған
жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ақысы; жалақы Төлем;
коммуналдық қызметтер ақысы; жалгерлік төлемақы; байланыс
құралдарының тарифтері бойынша төлемақы; сақтандыру Төлем;
несие үшін пайыз Төлем; несиенің қайтарылуына байланысты Төлем;
бюджетке және бюджеттен тыс қорларға салықтар мен басқа да
міндетті Төлем түріндегі Төлем, т.б.
• Банк (италянша банко — үстел) — ақша қаржылары мен
қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар
(фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы
өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты
жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу,
ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік
валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да
қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.
• Жалпы ел арасында банк ақшамен байланысты
операцияларды жүзеге асыратын ұйым, мекеме ретінде
қарастырылады. Мамандардың кейбіреулері осындай
пікірді ұстанғанымен, екіншілері оны экономикалық
басқару органы ретінде қарастырады, ал тағы біреулері
делдалдықты жүзеге асыратын және несиелік кәсіпорын
ретінде қарастырады. Дегенмен бұл анықтамалардың
барлығы банк немен айналысады, қандай операциялар
жүзеге асырады деген мәселеден туады.
• Ежелгі шығыс мемлекеттерінде товарлы ақшаны сақтау орны ретінде
храмдар пайдаланылды. Шығыс елдерінде храмдық шаруашылықты
қамтамасыз ететін товарлы ақшаны сақтау банктерді құрудағы
алғашқы қадам болды. Кейін олар кассалық операцияларға ұқсайтын,
сапасын жоғалтқан товарлы ақшаларды жаңарту арқылы ақша
айналымын реттеумен айналыса бастады. Бұл операциялар өлшем
бірлігімен жүргізілгендіктен, товарлы ақшаларды сақтау, есепке алу
және іріктеу басқа заттардың шығынды төмендететін ортақ
эквивалентін ойлап табуды қажет еті. Ортақ эквиваленті ретінде
алтын мен күміске ауысқан кезде храмдарда ақша операцияларының
жаңа түрі - айырбас пайда болды. Алтын мен күміс жетіспеген
жағдайда храмдар товарлы ақшаны тиындарға айырбастай алатын
жалғыз тұлғаға айналды. Бірте бірте храмдар металдық және товарлы
ақшаны тегін сақтаудан ақылы сақтауға көшті. Олар төлемді кейінге
қалдыру арқылы ссуда берумен айналыса бастады.

Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің операциялары
НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Банктердің жүргізетін операциялары
Ұлттық банкының ақша - несие саясаты
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарының операциялары
Банктің депозиттік операциялары
Орталық банк
Ұлттық банк
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкының ақшанесие саясаты
АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Пәндер