Зерттеу экспедициясының əдісі
Презентация қосу
Щербина
экспедициясы
(1896 – 1903)
Мамадалиев Қодиржон
Өмірбаяны
Щербина Федор
Андреевич (1.2.1849, Кубандағы
Новодеревянковская станицасы –
1936, Прага) – статист-ғалым, Санкт-
Петербург ғылым академиясының
корреспондент мүшесі (1904).
Петров (қазіргі Тимирязев) ауыл
шаруашылық академиясын және
Новороссийск (Одесса)
университетін бітірген. Жас кезінде
халықшылдар қозғалысына
белсене қатысты. 1884 – 1903
ж. Воронеж земстволық статистика
бөлімшесін
басқарды. 1895 ж. Ресей мемлекеттік
мүлік министр орталығы
аудандардағы орыс шаруаларын
империяның шығысындағы
аудандарға қоныстандыру үшін
экспедиция ұйымдастырды.
Щербина экспедициясы, 1896
– 1903 ж. Далалық өлкені зерттеу үшін
арнайы шығарылған. Далалық өлкенің
барлық уездерін зерттеуді мақсат
еткен бұл экспедицияны құрғанда
Мемлекеттік мүлік министрлігі зерттеу
нәтижелерін Қазақстандағы жер
саясатын жүргізуге пайдалануды
көздеді. Экспедицияның міндеті
аумақты табиғи, тарихи жағынан
зерттеп суреттеу, осы мәселедегі
ауылдар мен болыстардың маңызын,
шаруашылық жүргізу, жер пайдалану
тәсілдерін анықтау және көшпелі,
жартылай көшпелі шаруашылықтарға
қажетті жер көлемін белгілеп, оның
қоныстандыру қорына алынатын
көлемін анықтау болатын. Әсіресе,
Ресейдің орталығы губернияларынан
көшіріп әкелінген шаруаларды
қоныстандыру мақсатында
шаруашылық
– статистиканы зерттеуге баса көңіл
бөлінді.
Құрамына қазақ зиялыларынан – Ә.Бөкейханов, Ұ.Базанов, Т.Жалмұхаметов,
И.Жақсылықов, И.Құдайқұлов, И.Тілекеев, Г.Саркин, Р.Мәрсеков, Е.Итбаев, М.Бекетаев,
М.Сатыбалдин, Т.Есенқұлов, т.б. кірді. Щербина экспедициясы Ақмола, Торғай
және Семей облыстарының 12 уезін мұқият зерттеді. Экспедиция осы аймақтардың “бос
жерлерін” анықтауы тиіс болды. Нәтижесінде 1893 – 1905 ж. далалық облыстарда қазақ
руларынан 4074180 десятина, оның ішінде Ақмола қоныстандыру ауданында – 2550202
десятина, Семейде – 499566 десятина, Торғай – Орал аймағынан 1024412 десятина
жер тартып алынды. Жиналған материалдардың негізінде қазақтардың жер пайдалануы
жөнінде он үш томдық жинақ басып шығарылды (1 – 13 т., 1898 – 1908).
1896-1903 жылдар аралығында Қазақстанға
жүргізілген Ф.А. Щербина экспедициясы
нәтижесінде жинақталған «Қырғыздардың
(қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...»
жарыққа 13 том ретінде шықты. 12 том
экспедицияның зерттеген 12 оязына арналған:
Ақмола облысының Көкшетау, Атбасар, Ақмола,
Омбы, Петропавл; Семей облысының Павлодар,
Қарқаралы, Семей, Зайсан, Өскемен; Торғай
облысының Ақтөбе және Қостанай. 13-інші том
барлық 12 ояз бойынша бюджеттік зерттеу
мәліметтерінің жинағын көрсетеді. Сондықтан да ең
алдымен бұл деректің ішкі құрылымы, жариялау,
баспаға дайындау мәселесіндегі атқарылған істерге
талдау жасаудың маңызы зор деп есептейміз.
Томдарды басып шығаруда экспедиция басшылары
біршама қиыншылықтарға кездесті: типографиялық
базаның жоқтығы, қаржы жетіспеушілігі, біліктілігі
жоғары мамандардың жетіспеушілігі т.б. Дегенмен
ең маңызды материалдарды талдаудағы болса да, сол
секілді жарыққа шығаруда да қиыншылық тудырған
жағдай – экспедиция жұмысының практикалық
міндеттерге тәуелділігі – яғни қоныс аударушылар
үшін жаңа бос жерлерді табу мақсаты. Әрине,
бірінші кезекте том мәтіндерінің жерге орналастыру
чиновниктеріне қажетті бөлімдерін талдау және
баспаға дайындау жүргізілді.
Ф.Щербина бағдарламаға сәйкес өндірісте мынандай іс-шараларды атқарды:
Қырғыз (казақ) халқын жалпы шаруашылық санаққа алды, бұл жаппай тұрғындар мен малды,
шаруашылықты есепке алып, соның негізінде қырғыз қауымының әр түрлі жайылымдарының көлемі мен
олардың бұл жерлерді қай уақыттан бері пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік берді.
Бюджеттік есеп жасалынды, ол орташа қырғыз (қазақ) отбасына қажетті азық-түлік және басқа да
керектерін анықтауға және оларды қанағаттандыратын тәсілді айқындауға мүмкіндік берді.
Табиғи-тарихи жағдайларын зерттеу: өлкенің рельефін, топырақтың ерекшелігін, су көздері мен орман
мен тоғай өсімдіктерін зерттеді.
Бұл шараларды атқаруда:
а) зерттелген әр ояздың жер көлемін бөлек аудандарға бөлді, олар қыстық (қыстау), көктемдік және күздік
жайылымдар (күзеу) және жаздық жайлауды құрады;
ә) аудандарды жалпы сапалық белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлді;
б) әрбір топқа бір жылда бір бірлік (единица) мал басын (жылқы) асырауға қажетті жер мөлшерін
анықтады;
в) ояз бойынша қырғыз (қазақ) шаруашылығындағы орташа мал бірлігінің санын бекітті; г) ояздағы орташа
шаруашылыққа қажетті жер нормасын бекітті;
д) аудандардың әрбір тобы мен қауымына қажетті жер мөлшерін санаққа алды;
е) қырғыздардың (қазақтардың) экспедиция жұмыстарына дейінгі және кейінгі жер мөлшерлерін салыстыру
арқылы, нәтижесінде әрбір аудандағы артық және қажетті жерлерді анықтап шығарды
Зерттеу экспедициясының əдісі.
Зерттеу экспедициясының әдіс-тәсіліне, негізгі принциптеріне тоқталар
болсақ, бұл ең алдымен алдын ала бір оязды зерттеп, бақылап көруден
басталды. Зерттеушілерге алдын ала жиналыс өткізіліп, онда зерттеудің
мақсаты мен міндеті, негізгі әдіс-тәсілдер мен нұсқаулары түсіндіріліп,
әрқайсысына жұмыс бөліп беріледі. Экспедицияны 3 партияға бөліп, әр
партияның басына бір агрономдык білімі бар статист-маманды
басшылыққа бөліп береді. Партияның өзі кішігірім партияларға бөлініп,
оларға да бөлек меңгерушілер тағайындалды. Әр партияға аудармашы, 2
тіркеуші, есепке алушы, топографтар бөлінді.
Олар арнайы бағдарламаның зерттеу бланкілерін жасап, соның негізінде
жергілікті тұрғындарға сауалнама жүргізді. Бетпе-бет әрбір адамнан
аудармашылар арқылы сұрауларға жауап алды. Топографтар жергілікті
аймақты схемалық карталарға түсіріп, алынған мәліметтерді статистер
талдап, кестемен салыстырып шынайылық деңгейін анықтап, жинақтады.
Ал ботаниктер мен гидротехниктер өңірдің табиғаты мен өсімдіктерін, суы
мен топырағын зерттеп табиғатын және ауа райын сипаттап берді.
Қорытынды
Ф.А Щербина басқарған 1896 – 1903 ж.ж.
Қазақстанды зерттеу экспедициясы
материалдары деректерге толы болды.Сол кездің
тарихы жақсы сүреттелді.Сонымен қоса қоса
қазақ жері фаунасы жақсы зерттелді, халық
санағының бағдарламасы халық шаруашылығын
дамытудың келешегіне керек деректер
жиналуын қамтамасыз ететін деректер
жинақталды.
Назарыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz